Сабақ жоспары Жемістердің түзілуі; өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі және таралуы тақырыбында

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


19.11.2016ж.


Биология 6 «б»


Сабақтың тақырыбы

Жемістердің түзілуі; өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі және таралуы. Жемістің түрлері: құрғақ және шырынды, қақырайтын және қақырамайтын, біртұқымды және көптұқымды жемістер.

Сабақтың мақсаты,міндеті

Жемістердің құрылысы, айырмашылықтары, адам өміріндегі маңызы жайлы түсінік беру.

Білімділік: Жемістердің құрылысын, олардың бір – бірінен ерекшеліктерін ажырата білу

Дамытушылық: Жемістердің көптүрлілігін, кездесетін жерлерін және бұрыннан білетін білімдерін кеңейту

Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу


Оқыту нәтижелері

Барлық оқушы:оқулық, қосымша ақпараттар арқылы жемістердің биологиялық маңызын анықтайды

Сілтеме

Биология оқулығы 6 сынып

Негізгі идеясы

Тұқымның сыртқы және ішкі құрылысын анықтау. Тұқымның алуантүрлілігі, олардың өсімдік тіршілігіндегі рөлін анықтау

Қолданылған әдістері мен тәсілдері

Жеке, топпен жұмыс (Сыни тұрғыдан ойлау), әңгіме, түсінік беру (ақпараттық коммуникациялық технология), 
оқуды бағалау, сұрақ – жауап, пікірталас.

Ресурстар

Суреттер, сұрақтар жазылған парақтар

Сабақ жоспары

  1. Ұйымдастыру: топқа бөлу(стикер таңдау арқылы 3 топқа бөлу), мақсат қою

  2. Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша

  3. Рефлексия

  4. Үйге тапсырма


Сабақ амандасып, сынып оқушыларын түгелдеуден басталады. Сергіту сәті ретінде сыныпқа бидай масақтарының қозғалысы тәрізді қимыл-қозғалыстарды қайталау ұсынылады.








Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.


Сәлемдеседі, бір-біріне сәттілік тілейді

Оқушыларды топқа бөлу:


Оқушыларды стикерлер таңдатқызу арқылы 3 топқа бөледі

Топтарға бөлінеді

Білу


Оқушылардан үй тапсырмасы сұрақтар қою арқылы сұралады.

1-тапсырма. «Кім жылдам».

І топ

1.Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы.

2.Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері.

3.Қосарлы ұрықтануды ашқан ғалым.

ІI топ

1.Жай жапырақтың тақта саны.

2. Бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі.

3. Жыныс мүшелері бар,бұтақтанбайтын түрі өзгерген,қысқарған өркен.

ІIІ топ

1. Ұрықтанған соң жатыннан дамиды.

2. Аналықтың ең жуан жері

3. Тозаңдану түрлері



2-тапсырма:

Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер

Айқас тозаңданатын өсімдіктер





1.Жер жаңғағы 2.Қарабидай 3.Шегіргүл 4.Шие 5.Саумалдақ 6.Қызғалдақ 7.Бетеге 8.Тары 9. Алма 10.Қалақай



3- тапсырма. «Биологиялық пошта» ойыны.

І топ

Гүлге тән белгілерді жинаңыз.

ІІ топ

Жапыраққа тән белгілерді жинаңыз.

ІІІ топ

Сабаққа тән белгілерді жинаңыздар.



1.Жіпше мен тозаңқаптан тұрады.

2.Жер асты және жер үсті мүшелерін жалғастырады.

3.Жай шатырлы өсімдік.

4.Газ алмасу,су буландыру жасушалары болады.

5.Сыртқы және ішкі қабықшасы бар жасуша.

6.Буын және буын аралығы болады.

7.Бүкіл тірі ағзаларға керекті қоректік зат түзіледі.

8.Өркеннің орталық тірек бөлімі.

9.Бағаналы және борпылдақ жасушалары бар.



Тақырыптың басты идеясын табады. Сұрақтарға жауап беру арқылы өткен тақырыптағы

мағлұматпен деректердi еске түсiредi.


Түсіну


Жаңа сабақ түсіндіру. Сұрақтарға тез жауап алу.

І-топ. Шырынды жемістер

ІІ-топ. Құрғақ жемістер

ІІІ-топ. Жемістер мен тұқымдардың таралуы



Топтар талдап түсіндіреді Постер қорғайды.

Қолдану


Теорияны тәжірибеде үйлестіру үшін тақырыпқа тиісті тапсырмалар береді.


Өсімдіктер мен жемістер арасындағы сәйкестікті стрелка арқылы қос


Күріш сүйекті шырынды

Шие жидек

Қызанақ дәнек

Күнбағыс бұршаққын

Бұршақ тұқымша

Орамжапырақ қауашақ

Меңдуана бұршаққап



Теорияны тәжірибеде үйлестіре алады


Талдау


Тақырыпта берілген тапсырмаларды талдауға үйренеді. Кесте толтыру

Өсімдіктердің жемісіне сипаттама

(84 бет)

Талдау жасау арқылы тақырыптың мағынасын түсінеді

Салыстырады, сараптайды

Жинақтау

Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап, түйіндеу үшін?

Сұрақтар:

1. Жеміс гүлдің қай бөлігінен пайда болады?

2. Неліктен құрғақ жеміс деп аталады?

3. Бұршаққап пен бұршаққынның айырмашылығын түсіндіріңдер?


Берілген тапсырманы орындайды,білімдерін жинақтайды, сараптайды

Бағалау


Оқушылардың ерекше ой – пікірлері, өз көзқарастары, қорытынды шешім қабылдап қорытынды жаза білу.

Критерийлер бойынша бағалайды


Өзін-өзі және бірін-бірі бағалайды

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлерін сұрайды.

Нені үйрендің?

Не қиын болды?

Енді нені үйренгің келеді?


Сабақтан алған әсерлерін берілген сұрақтарға жауап беру арқылы білдіреді.

Үй тапсырмасы:

§ 23,24 Жемістердің түзілуі; өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі және таралуы. Жемістің түрлері: құрғақ және шырынды, қақырайтын және қақырамайтын, біртұқымды және көптұқымды жемістер.67 сурет салу.

Оқушылар оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келеді. Зертханалық жұмысты аяқтайды. Дәптерге 41-сурет салып келеді.