Биология пәнінен 8 сыныптарға арналған тест тапсырмалары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


  1. Тілдің ұшындағы рецепторлар сезеді

А) Ащыны В) Тұщыны С) Дәмсізді Д) Тәттіні Е) Қышқылды



  1. Ересек адамдарда жүректің минутына соғуы

А) 70-75 рет В) 65-70 рет С) 80-90 рет Д) 95-100 рет Е) 60-70 рет



  1. Бүйректің пішіні

А) Оралма тәрізді В) Шар тәрізді С) Үшбұрыш тәрізді

Д) Үрмебұршақ тәрізді Е) Сопақша пішінді



  1. Гуморальдық реттелу дегеніміз

А) Гормон арқылы реттелуі В) Тамақ арқылы реттелу

С) Ми арқылы реттелу Д) Жұлын арқылы реттелуі

Е) Жүйке арқылы реттелуі



  1. Кеуде қуысын қозғалысқа келтіретін негізгі бұлшықеттер

А) Қабырғааралық В) Үш басты, жалпақ арқа С) балтыр

Д) Үшбасты Е) Екібасты және балтыр



  1. Асқорыту сөлі ферменттерінің әсерінен ұлтабарда ыдырайды

А) минералды заттар В) тек майлар

С) ақуыздар, майлар және көмірсулар

Д) тек ақуыздар ғана Е) тек көмірсулар ғана



  1. Шартты рефлекс дегеніміз

А) қорғаныш рефлексі В) тамақ рефлексі

С) Белгілі жағдайда қалыптасқан (пайда болған) рефлекс

Д) жыныс рефлексі Е) бағдарлау рефлексі



  1. Сипап сезу мүшесі

А) Тері В) тіл С) құлақ Д) мұрын Е) Көз



  1. Сүйек, шеміршек, сіңір, майлар, қан, лимфа ұлпаға жатады

А) Эпителий В) Дәнекер С) жабын Д) Жүйке Е) Бұлшықет



  1. Сүйектердің жуандап өсуі ..... байланысты

А) сүйек қапқа В) Шеміршекті қапқа С) оссейн затына

Д) буын қапшығына Е) сүйектің кемік бөліміне



  1. Тромбоциттің қызметі

А) Қанның ұюы В) Инфекциялармен күресу

С) Қоршаған ортамен газ алмасу

Д) Оттегін тасымалдау Е) салатамыр қабырғасын тасымалдап сақтау



  1. Сілекейдің құрамындағы көмірсуларды ыдырататын фермент

А) амилаза В) глюкоза С) фруктоза Д) Аминқышқыл

Е) гликоген



13. Дыбыс сіңірлері .... орналасқан

А) өңеш В) бронхыда С) ауыз қуысында Д) өкпеде Е) көмейде



  1. Нейронның ұзын өсіндісі

А) Тоғысу В) Дендрит С) Жарғақша Д) Аксон Е) Кірпікше



  1. Қабырғасы қалың бұлшықетті, түтікше пішінді жұп мүше

А) несепағар В) Зәр шығару өзегі С) өкпе Д) бүйрек Е) қуық



  1. Жоғарғы жүйке әрекетінің (ойлау, ес) пайда болуы

А) Кайнозой В) Палеозой С) Протерозой Д) Мезозой Е) Архей



  1. Мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметін зерттейді

А) Гигиена В) Экология С) Физиология Д) Эмбриология

Е) Тәнтану



  1. Қан құрамындағы жаңа эритроциттер пайда болады

А) 1,5 айда В) 2 айда С) 4 айда Д) 3,5 айда Е) 3 айда



18. Адамның құрсақ қуысының жоғары бөлімінің оң жағында орналасады

А) бауыр В) Ми С) Жүрек Д) Кеңірдек Е) Өкпе



  1. Ағзадағы күрделі биологиялық сүзгіш

А) ішек В) Өкпе С) Бауыр Д) Бүйрек Е) Асқазан



  1. Егер мишық жарақаттанса

А) Пигменттер көбейеді В) Ұйқы бұзылады

С) Қозғалыс, тепе-теңдік, сөз бұзылады

Д) Пигменттердің түзілуі өзгереді Е) Дене температурасы бұзылады



  1. Денедегі барлық сүйектердің саны

А) 100- ден астам В) 200-ден астам С) 150-ден астам

Д) 250-ден астам Е) 280-нен астам





  1. Ұрықтану дегеніміз

А) Ұрықтың дамуы В) гаметаның пайда болуы

С) аталық пен аналық жыныс жасушаларының қосылуы

Д) гаметаның жетілуі Е) нәрестенің дамуы



  1. Көздің қосалқы мүшелеріне жатпайды

А) ақ қабықша В) қас С) қабақ Д) жас безі Е) кірпік



23. Адамның омыртқа саны

А) 40-42 В) 28-32 С) 33-34 Д) 34-36 Е) 29-31



  1. Микробтарды ерітетін обыр жасушалар

А) Лимфоциттер В) Лейкоциттер С) Эритроциттер

Д) Тромбоциттер Е) Фагоциттер

  1. Жарық қабылдайтын жасушалар .... орналасады

А) Қасаң қабықшада В) Тамырлы қабықшада

С) Шыны тәрізді денеде Д) Тор қабықшада Е) Көз бұршағында



  1. Тыныш отырғанда адамның жұтатын ауа мөлшері

А) 3000 см В) 1500 С) 500 Д) 3500 Е) 2000































































  1. Ас қорыту кезінде май ыдырайды

А) глицерин мен май қышқылына

В) Көмірқышқыл газына

С) суға

Д) Глюкозаға

Е) Аминқышқылына



  1. Түнде зәр тоқтамауы

А) Нефрит

В) Уремия

С) Энурез

Д) Цистит

Е) Нефрон



  1. Иық белдеуіне кіретін сүйек

А) толарсақ

В) Жауырын

С) Микология

Д) Ботаника

Е) Микробиология



  1. Ірі ядролы, түссіз қан жасушалары

А) Лейкоциттер

В) Тромбоциттер

С) Лимфоциттер

Д) Эритроциттер

Е) Фагоциттер



  1. Ересек адамның тістерінің саны

А) 28-34

В) 26-30

С) 28-31

Д) 28-32

Е) 27-31



  1. Сыртқы құлаққа жатады

А) дабыл жарғағы, самай сүйегінің іші

В) құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы

С) дабыл жарғағы, сыртқы дыбыс жолы

Д) қуыстар мен иірім өзекшелері

Е) қуыстар, дабыл жарғағы



  1. Зәр шығару жүйесіне жататын мүшелердің ең соңғысы

А) Ішек

В) Зәр шығару өзегі

С) Қуық

Д) Бүйрек

Е) несепағар



  1. Кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшықетті перде

А) Бүйрек

В) Өкпе

С) Асқазан

Д) Ішек

Е) Көкет (диафрагма)

34. Қоректену және тасымалдау қызметтерін атқаратын ұлпалар

А) Жүйке

В) Эпителий

С) Май

Д) Қан және лимфа

Е) Сүйек



  1. Ересек адамның жүрегінің салмағы

А) 250-300

В) 350-400

С) 450-500

Д) 550-600

Е) 650-700



  1. Дентин тістің қатты заты жатады

А) Тіс түбірінде

В) Кіреукенің үстінде

С) Тіс сауытында

Д) Кіреукенің астында

Е) Тіс мойынында



  1. Артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан

А) Ортаңғы ми

Аралық ми

С) Сопақша ми

Д) Артқы ми

Е) Мишық



  1. Көлденең жолақты бұлшықет талшығы .... орналасқан

А) тамырда

В) қол-аяқтарда

С) тоқ ішекте

Д) қуықта

Е) аш ішекте



  1. Тыныс алу мүшелеріне жатпайды

А) аңқа

В) Бүйрек

С) көмей

Д) өкпе

Е) кеңсірік



  1. Зәр шығару мүшесі

А) Бүйрек

В) тері

С) ішек

Д) бауыр

Е) өкпе



  1. Қанның құрамына жатпайтындар

А) Лейкоциттер

В) плазма

С) эритроциттер

Д) нейрондар

Е) Тромбоциттер



  1. Миксидема ауруының пайда болуы

А) Өсу гормонының жетіспеушілігінен

В) Қалқанша без қызметінің шектен тыс болуынан

С) Адреналин гормонының артық бөлінуінен

Д) Тимозин гормонының артық мөлшерінен

Е) Қалқанша безі қызметінің жетіспеушілігінен



  1. Адам ағзасында өт ыдыратады

А) майды

В) сөлді

С) Ақуызды

Д) көмірсуды

Е) ферменттерді



  1. Жыныс жасушасындағы хромосома саны

А) 21 в) 23 с) 43 д) 46 е) 22



  1. Жүйке ұлпасы

А) нейрондардан

В) дендрит

С) аксоннан

Д) тоғысудан

Е) өсінділерден



  1. Түнде зәр тоқтамау

А) Уремия

В) Нефрит

С) Энурез

Д) Нефрон

Е) Цистит



  1. Мүшелер жүйесінің жұмысын үйлесімді реттеп отыратын

А) Тыныс алу жүйесі

В) Сезім мүшелері

С) АС қорыту жүйесі

Д) Жүйке жүйесі

Е) Тірек-қимыл жүйесі



  1. Егу арқылы қалыптасатын иммунитет

А) Табиғи

В) жүре пайда болатын

С) Антитела

Д) жасанды

Е) қарсыдене



  1. Асқорыту жүйесінде өт бөлетін мүше

А) қарын

В) ішектер

С) бауыр

Д) бүйрек

Е) қарын асты безі



  1. Мүшелердің сыртын қаптап, ішкі мүшелерді астарлап жатады

А) Тірек

В) Эпителий

С) дәнекер

Д) жүйке

Е) бұлшықет



  1. «Жоғары жүйке қызметінің физиологиялық негізін салушы» деген ұғымды ұсынған

А) И.М.Сеченов

В) Г. Мендель

С) И.П.Павлов

Д) Р.Гук

Е) Ч.Дарвин



  1. Аксонның сырты қапталған

А) Нәруызды сұр затпен

В) Сұр және ақ затпен

С) Май текті сұр затпен

Д) Минералды ақ қабықшамен

Е) Май текті ақ қабықшамен



  1. Бүйректің ең қауіпті ауруы

А) Энурез

В) Нефрон

С) Уремия

Д) Цистит

Е) Нефрит



  1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық

А) гипофиз

В) Қалқанша без

С) Эпифиз

Д)гормондар

Е) тимус



  1. Жүрек қақпақшаларының зақымдануынан болатын ауру

А) Ақ қан ауруы

В)Қаназдық

С) Жүрек кемістігі

Д) Гипотония

Е) Гипертония



  1. Бүйрек қай жүйеге жатады

А) Асқорыту жүйесіне

В) Жүйке жүйесіне

С) Зәр шығару жүйесіне

Д) Тынысалу жүйесіне

Е) Қан айналым жүйесіне



  1. Жүйке жүйесінің шеткі бөлімдері

А) үлкен ми сыңарлары

В) Жүйке, түйіндер

С) Сопақша ми

Д) Мишық

Е) Ортаңғы ми



  1. Қол сүйектеріне жататындар

А) тоқпан жілік, ортан жілік

В) жамбас, асықты жілік

С) Асықты жілік, кәрі жілік

Д) Тоқпан жілік, кәрі жілік

Е) шыбық сүйек, ортан жілік



  1. Өт бөлетін без

А) Сілекей без

В) Ішек безі

С) Жыныс безі

Д) бауыр

Е( ұйқы безі



  1. Ағзада болатын қанның мөлшері

А) 5,5-6л

В) 6,5-7л

С) 3,5-4л

Д) 4,5-5л

Е) 2,5-4л



  1. Ультракүлгін сәулесінің әсерінен адам ағзасында түзіледі

А) тіршілік өнімдері түзіледі

В) Тері асты май жасұнығы

С) Д дәрумені

Д) Қоректенуге қажетті органикалық заттар

Е) Көп мөлшерде тер



  1. Көздері бадырайып, шарасынан шығатын ауру

А) Іспебұғақ

В) Миксидема

С) Базедов

Д) Туберкулез

Е) Кретинизм



  1. Омыртқа жотасының өзегінде орналасқан

А) Аралық ми

В) Мишық

С) Сопақша ми

Д) Жұлын

Е) Ми



  1. Бұлшықет сүйекке .... байланысады

А) шеміршек арқылы

В) Сіңір арқылы

С) бұлшықет шоғы арқылы

Д) Эпителий ұлпасы арқылы

Е) Буын арқылы



  1. Қарын сөлінің құрамын реттелуін зерттеген ғалым

А) И.П.Павлов

В) С.П.Боткин

С) И.М. Сеченов

Д) К.А.Тимирязев

Е) И.И.Мечников



  1. Жамбас қуысында орналасқан құты тәрізді ұрық дамитын орын

А) үрпі

В) қағанақ

С) Жатыр мойны

Д) Жатыр

Е) Қынап



  1. Аталық гаметалардың даму циклі

А) Овогенез

В) Спорогенез

С) Овоциттер

Д) Гаметогенз

Е) Сперматогенез



  1. Өкпенің сыртқы қабатының аталуы

А) сероз

В) өкпеқап (плевра)

С) кедір-бұдыр қабықша

Д) көпіршіктер

Е) түтіншелер



  1. Ұйқы безі өзегі ашылады

А) ұлтабарға

В) өңешке

С) қарынға

Д) тоқ ішекке

Е) тік ішекке



  1. Ағзада жетіспегенде «мешел» ауруы пайда болатын дәрумен

А) Д

В) В

С) К

Д) Е

Е) А



  1. Көз алмасы қабаттары

А) 2 в) 1 с)4 д) 3 е) 5



  1. Қан қысымының жоғарылауынан болатын ауру

А) гипоксия

В) гипотония

С) гемофилия

Д) гипертония

Е) гиподинамия



  1. Жүйке жасушасының қысқа өсіндісі

А) нейрон

В) нейроглия

С) дендрит

Д) миофибрилла

Е) Аксон



  1. Ыстықтан, қайнаған су мен ыстық темір, от және болады

А) үсік

В) суық

С) күйік

Д) сүйел

Е) мең



  1. Вирустар туғызатын аурулардың тобы

А) Оба, ИТИС, туберкулез, баспа

В) Оба, тұмау, туберкулез, баспа

С) ұшық, қызылша, туберкулез, баспа

Д) шешек, оба, туберкулез, баспа

Е) ИТИС, тұмау, қызылша, ұшық



  1. Тазалық туралы ғылым саласы

А) гигиена

В) терапия

С) урология

Д) гинекология

Е) медицина



  1. Аралық ми-

А) қозғалысты реттейді

В) зат алмасуды реттейді

С) қарын сөлінің бөлінуін реттейді

Д) сілекей бездерінің жұмысын реттйді

Е) тыныс алуды реттейді



  1. Адам қанының атқармайтын қызметі

А) газ тасымалдау

В) зат алмасу өнімдерін тасымалдау

С) қоректік заттарды тасымалдау

Д) гормон жеткізу

Е) қозуды беру



  1. Тыныс алудың жиілігі мен тереңдігін тудыратын тынысалу орталығының қозуы

А) тыныс шығарғанда

В) тыныс алғанда

С) СО концентрациясы артқанда

Д) Со концентрациясы артқанда

Е) О концентрациясы артқанда



  1. Уланудың белгілеріне жатпайды

А)іштің ауруы

В) қан аздық

С) құсу

Д) әлсіздену

Е) жүрек айнуы



  1. Бауыр және бұлшықет мүшелерде глюкоза түрленеді

А) дезоксирибозаға

В) крахмалға

С) гликогенге

Д) рибозаға

Е) фруктозаға



  1. Қантамырларының қабырғасы түзіледі

А) көлденең жолақты қаңқа ұлпасынан

В) көлденең жолақты жүрек ұлпасынан

С) Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасынан

Д) үшбасты бұлшықеттен

Е) екібасты бұлшықеттен

82. Ер адамдардан бөлінетін жыныс гормоны

А) Экстрогендер

В) Глюкагон

С) Тироксиндер

Д) Андрогендер

Е) Сперматозойдтар



  1. Жұтынуды, сілекей, қарын сөлі, ұйқы безі сөлінің бөлінуін реттейтін ми бөлігі

А) мишық

В) ортаңғы ми

С) аралық ми

Д) жұлын

Е) Сопақша ми



  1. Асқорыту жүйесінің қоректік заттарды сіңіруге қатысатын бөлімі

А) Ауыз қуысы

В) асқазан

С) бауыр

Д) аш ішек

Е) Асқорыту бездері



  1. Мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше

А) Кеңірдек

В) Көмей

С) мұрын қуысы

Д) Аңқа

Е) Бронхы



  1. Дені сау адам минутына .... рет тыныс алады

А) 12-14

В) 22-24

С) 18-20

Д) 16-18

Е) 20-22



  1. Адам денесінің сыртқы жабыны

А) Тері

В) өсуші қабат

С) терасты шел

Д) Торлы қабат

Е) нағыз тері

87. Кеуде қуысында кеңірдектің жоғарғы ұшында орналасқан без

А) бүйрек үсті

В) Ұйқы

С) Қалқанша

Д) Айырша

Е) Қалқанша маңы



  1. Мүшелер жүйелерінің жұмысы реттеледі

А) ауа арқылы

В) қан арқылы

С) сезу арқылы

Д) жүйке арқылы және гуморальды

Е) Қан элементтері арқылы



  1. Иммунитеттің негізін салған және фагоцитоздың қорғаныштық рөлін ашқан ғалым

А) И.М.Сеченов

В) И.Л.Павлов

С) В.И.Вернадский

Д) И.И.Мечников

Е) Л.Пастер



  1. Онтогенез

А) Организмдердің тіршілігі

В) Организмдердің бөлінуі

С) Организмдердің жеке дамуы

Д) Организмдердің эмбриологиялық дамуы

Е) Организмдердің күрделі көбеюі



  1. Туа біткен, түс айыра алмайтын көз ауруы

А) кретинизм

В) Мешел

С) ревматизм

Д) Дальтонизм

Е) Цирроз



  1. Сан сүйегіне жататыны

А) үлкен садақ сүйегі

В) Шыбық сүйегі

С) Тобық сүйегі

Д) Толарсақ сүйегі

Е) Ортан жілік

92. Бүйрек ауруларын емдейтін дәрігер

А) Хирург

В) Дерматолог

С) Лор

Д) Кардиолог

Е) Уролог



  1. Қалқанша безі бөлетін гормон

А) Инсулин

В) Тироксин

С) Адреналин

Д) Тимозин

Е) Паратгормон



  1. Адам ағзасында тыныс алу орталығы орналасқан

А) Мишықта

В) Алдыңғы мида

С) Аралық мида

Д) Ортаңғы мида

Е) Сопақша мида



  1. Қанның ұюына қатысады

А) Эритроциттер

В) Лейкоциттер

С) тромбоциттер

Д) Қан плазмасы

Е) Лимфоциттер



  1. Тістің қызылиектен шығып тұрған бөлігі

А) мойын

В) Дентин

С) Тісжегі

Д) Түбірі

Е) Тіс сауыты



  1. Жүйке ұлпасының негізгі қызметі

А) Оттек және қоректік затпен қамтамасыз ету

В) Қозғыштығы және қозу өткізгіштігі

С) Тірек қызметі

Д) Өткізгіш және қорғаныш

Е) Қозғыштығы және қорғаныш



  1. Гуморальды реттелудің жүйке жүйесі арқылы реттеудегі айырмашылығы

А) Өте тезірек жүзеге асады

В) Жүйке жүйесінің қозуы арқылы жүзеге асады

С) Сыртқы бездер арқылы іске асады

Д) жеке мүшеге әсер етеді

Е) гормондар арқылы жүзеге асады



  1. Жүрек жұмысын бәсеңдететін жүйке жүйе бөлімі

А) Парасимпатикалық

В) шеткі

С) Өсімді

Д) Симпатикалық

Е) Орталық



  1. Сүйектің қай бөлігі қан түзейді

А) Бұғана

В) Шеміршек

С) Сүйек ұлпасы

Д) Сары сүйек кемігі

Е) Қызыл сүйек кемігі



  1. Түнде зәр тоқтамау

А) Уремия

В) нефрит

С) Энурез

Д) нефрон

Е) цистит



  1. Рефлекс ұғымын ғылымға алғаш рет енгізген француз ғалымы

А) Р.Декарт

В) А.Везалий

С) И.П.Павлов

Д) У.Гарвей

Е) И.М.Сеченов



  1. Ұрық жапырақшалары пайда болатын саты

А) бластула

В) зигота

С) гаструла

Д) нейрула

Е) бластомер

103. Жасушада фотосинтез процесіне қатысатын

А) Гольджий жиынтығы

В) Рибосома

С) Хлоропластар

Д) Эндоплазмалық тор

Е) Митохондрия



  1. Ұйқы безі бөлетін гормондардың қызметі

А) тотығу-тотықсыздану реакциясын жылдамдатады

В) Барлық бездердің жұмысын реттейді

С) Ағзаның өсуін реттейді

Д) Көмірсу алмасуын реттейді

Е) Май алмасуды реттейді



  1. Адамның омыртқа жотасында

А) 25-26 омыртқа

В) 30-32 омыртқа

С) 38-40 омыртқа

Д) 33-34 омыртқа

Е) 36-38 омыртқа



  1. Қоректік заттардың жасушаға жеткізілуін қамтамасыз ететін ұлпа

А) Сүйек

В) Бұлшық ет

С) Эпителий

Д) Қан

Е) Жүйке



  1. Қан плазмасында ақуыздың үлесі

А) 12%

В) 10%

С) 9-9,5%

Д) 7-8%

Е) 10-11%



  1. Қысқа сүйектер

А) Төс

В) Қабырға

С) Омыртқа

Д) Жауырын

Е) Жамбас



  1. Плазманың ең көп бөлігі

А) Майлар

В) Су

С) Ақуыз

Д) минералды тұздар

Е) Глюкоза



  1. Адамның күрек тістерінің саны

А) 8 в) 4 с) 5 д)6 е) 2



  1. Дене температурасының бірқалыпты деңгейде сақталуы

А) жылуды реттеу қызметі

В) Ыдырау өнімдерін шығару қызметі

С) Сезгіштік қызметі

Д) Физикалық жолмен реттелуі

Е) газалмасу қызметі



  1. Адамның тірек-қимыл жүйесін құрайтын

А) көп қабатты эпителий ұлпасы

В) Жүйке ұлпасы

С) шеміршекті ұлпа

Д) Борпылдақ талшықты ұлпа

Е) қан



  1. Шоғырланып ми мен жұлынның ақ затын түзеді

А) нейронның қөсқа өсінділері

В) жасуша аралық зат

С) нейронды қоршаған жасушалар

Д) нейрон денелері

Е) аксондар



  1. Өкпе мен ұлпадағы газ алмасу неге байланысты

А) заттардың белсенді тасымалдануына

В) СО мен О концентрациясы бірдей

С) қысым айырмасына

Д) Диффузия заңына

Е) өздігінен алмасуына



  1. Түсті ажырата алмайтын ауру

А) Гипертония

В) Гипотония

С) Анемия

Д) Дальтонизм

Е) Диабет



  1. Адамда болатын қан топтарының саны

А) Төрт

В) үш

С) бес

Д) алты

Е) Екі



  1. Адам тыныс алуына қажетті газ

А) Азот

В) көмірқышқыл газы

С) оттегі

Д) азот (IV) оксиді

Е) азот (ІІ) оксиді



  1. Әр түрлі тұздар мен органикалық заттардан құрылған дәнекер ұлпа

А) Сүйек

В) Бұлшықет

С) Жүйке

Д) Көлденең жолақты

Е) Бірыңғай салалы



  1. Миофибрилл құрамына енетін нәруыздар

А) Гемоглобин

В) Казейн

С) Пепсин

Д) Пролактин

Е) миозин мен актин



  1. Лимфада болатын лейкоциттер

А) Лимфоциттер

В) фагоциттер

С) тромбоциттер

Д)лейкоциттер

Е) Эритроциттер