Сабақ жоспары 11 сынып Ч.Дарвин

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ№15

Күні:

Cабақтың тақырыбы: Ч. Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімі

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды Ч. Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімдерімен таныстыру. 2. Тіршіліктің жалпы заңдылықтары және даму тарихы туралы дүние танымын артыру. 3. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі: Ұжымдық ойлау.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих. әдебиет.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, баяндау,

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.

V. Үй тапсырмасын сұрау.

VІ. Бағалау.

І. Амандасу, оқушыларды түгелдеу, сабақ мақсатымен танысу.

ІІ. Ч. Дарвин сұрыптауға ерекше көңіл бөліп, оның түрлері мен себептерін толық зерттеді. Жануарлардың қол тұқымдары мен өсімдіктердің іріктемелерін шығаруда, олардың ерекше бір қасиетімен өзгеріс белгілеріне қарайды. Мысалы, қауын мен қарбызды зерттеуде тек жеміс сапасын арттыру мақсаты көзделеді. Сәбіз бен қызылша өсімдіктерінің тек тәтті жем тамыры бағаланады. Ч. Дарвин қолдан сұрыптау деп атаған.

Табиғаттағы өзгергіштік өсімдіктер мен жануарлардың барлық мүшелерін өзгеріске ұшыратады. Ал қолдан сұрыптауда шығарылған іріктемелер мен қол тұқымдардың адамға пайдалы, тиімді мүшелері ғана өзгертіледі.

Ч. Дарвин ауыл шаруашылығы практикасында организмдердің жаңа формалары (жануарлардың қолтұкымдары мен өсімдіктердің іріктемелері) қалай шығарылатынын зерттеді. Содан соң табиғатта қандай себеп шарттардың әсерінен жаңа түрлердің пайда болатынын талдауға кірісті. Адамның қолдан сұрыптауы мен табиғатта болатын табиғи сұрыпталудың арасында үлкен айырмашылық бар екендігін ажырата білді. Нәтижесінде, Ч. Дарвин қолдан сұрыптау және табиғи сұрыпталу ілімінің негізін салды. Дарвин 1868 жылы шыққан "Үй хайуанаттары және мәдени өсімдіктердің өзгеруі» деген еңбегінде қол тұқымдардың шығуын және көптүрлілігін толық сипаттады. Ірі қаранын 400- ге жуық қол тұқымдарын зерттеді. Қол тұқымдар бір-бірінен бас сүйегі дене пішіні, реңі, қаңқасы мен бұлшық еттерінің дамуы, мүйіздерінің пішіндері арқылы ажыратылады. Осындай көп айырмашылықтарына қарамастан қолдан сұрыптау арқылы шығарылған қол тұқымдар мен іріктемелердің жабайы тегі болатынын атап көрсетті. "Түр тұрақты, өзгермейді" деп санағандар "әрбір іріктеме мен қол тұқымның өзіне тән жабайы тегі болады" деп есептеді. Мұндай теріс көзқарасқа Дарвин қарсы шығып, көптеген мысалдар келтірді. Мысалы, тауықтардың барлық қолтұқымдарынын тегі — жабайы банкив тауығы; үй үйректерінің жабайы тегі — барылдауық үйрек; үй қояндарыныкі — жабайы еуропалық қоян екендігін дәлелдеді Мүйізді ірі қараның тегі — жабайы еуропалық түр, иттін тегі — қасқыр деп көрсетті. [pic]

Қолдан сұрыптаудың мысалдары. Ч. Дарвин 1862 жылы Лондонда Бүкіл дүниежүзілік ауыл шаруашылығы көрмесінен майор, Галлеттің шығарған көп масақты бидай іріктемесін көреді. Жаңа іріктеменін бастамасы ретінде масағы ірілерінен бірнешеуін тандап алады. 87 дәнекті санап алып, оны жеке үлесшіге себеді. Бұдан 10 масақты бидай алған; келесі жылы 17 масақты, 39 масақты өсімдік алынған. Жыл сайын тұқымдыққа ең көп масақтылары сұрыпталып қалдырылған. Галлет ең соңында, көп масақты бидай іріктемесін 6 жылда шығарған. Тек өсімдік шаруашылығында емес, мал шаруашылығына да сұрыптау жұмыстары қолданылған. Селекционер шығарған қырыққабаттың (капуста) 6 түрлі іріктемелерінің сырт пішіндері мен жапырақтары бір-біріне ұқсамайды. Қөптердің жабайы тегі мен қол тұқымдары: 1- жабайы жартас кептері; 2—якобинец; 3—тауыс-кептер; 4—үлкен жемсаулы (дутыш) көптер; 5—сабалақ қауырсынды көптер; 6—турман [pic]

Қорытынды.

Қолдан сұрыптаудың нәтижесінде адам тек өз қажетіне жарайтын пайдалы қол тұқымдар мен іріктемелерді шығарады. Жаңа іріктемелер мен қол тұқымдарды шығару жұмысында организмдер белгілерінің өзгеруін негізге алады.

Қолдан сұрыптау тиімді болу үшін даралар саны көбірек алынып, олардың арасынан таңдау жұмыстары жүргізіледі.

ІІІ. Сұрыптау нәтижесі берілген өсімдіктердің қай мүшесін өзгертеді? Әр мүшесінің тұсына "+-" белгісін қойып белгілеңдер

1. Пияз

2. Картоп







3. Қызанақ







4. Қарақат







5. Қарбыз


.





6. Көкнар







7. Сәбіз







8. Қырық- қабат







9. Бұршақ







ІV. § 10

V. Ч. Дарвин анықтаған өзгергіштіктерді қалай түсінгендеріңді кестеге қысқаша

жазып толтырыңдар.