Урок на тему Бейімделу

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Бейімделу және оның түрлері

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсаты:

Оқушыларға бейімделу және оның түрлері туралы түсінік беріп, білімдерін күшейту.

2.: Дамытушылығы: Оқушыларды қосымша деректермен жұмыс істей білуге баулу, шығармашылық қабілетін, тіл байлығын дамыту.Есте сақтау қабілетін дамытып, пәнге болған қызығушылығын арттыру.

3. Тәрбиелік мақсаты. Сабақта бірін-бірі тыңдауға, құрметтеуге, бірлікке, ұжымда жұмыс істеу қабілеттерін тыңдай отырып, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд-шоулар, семантикалық карталар, тест нұсқалары, суреттер.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: Баяндау. Сұрақ-жауап.Топпен,жұппен жеке жұмыс. Талдау. Жинақтау

І Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен амандасу, сабаққа назарын аудару

-Оқушыларды эмблемалар арқылы 4 топқа бөлу.

1-ТОП Адаптация

2-ТОП Мимикрия

3-ТОП Климат

4-ТОП Коэволюция

Келісім қабылдау

Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз

Бір-бірімізді тыңдаймыз

Өз ойларымызбен бөлісеміз

Уақытты үнемді пайдаланамыз



ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Таным таразысы



Бой сергіту



А

1 Популяция дегеніміз не?

2 Географиялық оқшаулану бұл...

3 Ұрпақжаңғырта оқшаулану дегеніміз бұл...

4 Гендердің ығуы дегеніміз не?



Б Екі жақты күнделік.

Сәйкестендіру тапсырмасы

Анатомиялық оқшаулану

Географиялық оқшаулану

Популяциялық толқындар ұғымын енгізді.

Популяциядағы дарақтар санының өзгеруі

ІІІ Үй тапсырмасын қорыту

Алтын қоржын

1.Бір түр популяциясын бөлетін немесе арақашықтықтың көптік айқын кедергілері.

А Географиялық оқшаулану Б Экологиялық оқшаулану

С Биологиялық оқшаулану Д Анатомиялық оқшаулану


2. «Популяциялық толқындар» ұғымын енгізген ғалым

А Ж.Б.Ламарк Б Ч.Дарвин

С Н.И. Вавилов Д С.С.Четвериков


3. Халық, ел деген мағынаны білдіреді

А түр Б өзгергіштік

С популяция Д түрше


4.Дарвин саяхатқа аттанған кеме қандай мағынаны білдіреді?

А білуші Б іздеуші

С бөлуші Д аттанушы


5. Шағылысуға мүмкіндік бермейтін жыныстық қылықтағы айырмашылық

А этологиялық оқшаулану Б Экологиялық оқшаулану

С Биологиялық оқшаулану Д Анатомиялық оқшаулану


ІV Жаңа сабақ

Мағынаны ажырату.

«Топтастыру стратегиясы» бойынша бір-біріне жақын ойларды топтастыру.

Оқушылар топпен талқылап толықтырып, әр топтан бір оқушыдан жауап береді.


Бейімделгіштік-адаптация дегеніміз тірі ағзалардың қоршаған ортаның нақтылы жағдайларында құбылысында, мінез-құлқы мен физиологиясында тірі қалуды жоғарылататын ерекшеліктерді иемдену қасиеті. Кезінде Ламарк тірі ағзалардың өздері өмір сүретін қоршаған орта жағдайларына бейімделуге мәжбүр болатынын байқады. Дарвин теориясында бейімделгіштік дамытылып, толықтырылды. Тірі ағзалардың әрқайсысы өз табиғи қоршаған ортасынан барынша көп пайда алуға, сондай-ақ әрқайсысы оған қарама-қайшылық көрсетпеуге тырысады. Тіршілік иелерінің барлығының міндеті-тіршілік үшін күресте онша шиеленіссіз өтетін өз экологиялық таушасын табу. Сонымен эволюция нәтижелерінің бірі-тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделгіштік.

Көптеген бунақденелілердің реңі қошаған ортаға сай келеді. Арамщөптердің түсі мен пішіндері көбінесе мәдени өсімдіктергі құсайды. Бейімделе дамуға бағытталған ағзалар өте көп.


«Кезекпен оқу стратегиясы»

Оқулықтағы мәтінді 4 бөлікке бөлу.

Әр топ оқушылары өз мәтін бөліктерін оқып, ой бөліседі, бір-бірін толықтырады.


. 1-ТОП Адаптация «Қорек талғауға бейімделу»

Көптеген жануарлар қорек тапшылығынан және тірлішік үшін күрестің түр ішінде шиеленісуінен пайда болып, дарақтардың бір бөлігі қоректенудің жаңа көзіне ауысты. Үлкен шымшық ірі бунақденелілермен қоректенеді. Көкшіл шымшық ағаш қабығы астындағы ұсақ бунақденелілерді жейді.



2-ТОП Мимикрия «Климаттық бейімделу»

Ағзаларда төтенше табиғи жағдайлардағы тіршілікке байланысты кең өрісті бейімделу пайда болды. Жануарлар мен өсімдіктердің солтүстіктің суығына, ал шөлде тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің ылғал және жоғары температураның тапшылығына бейімделуін жеке анықтап зерттеуге болады.



3-ТОП Климат «Қорғаныш реңдер»

Қорғаныш реңді 3 негізгі типке бөлуге болады:

1.Қорғаныш реңі/масировка/

2.Еліктеу реңі/мимикрия/

3.Көрнекілеу реңі/демонстрация/

Қорғаныш рең

Көлегейлену реңі

Бүркемелеу реңі бөлшектену реңі /скрадывающая тень/

/криптическая окраска/ /расчленяющая окраска/

4-ТОП Коэволюция «Гүлді өсімдіктердің айқас тозаңдандыруғы бейімделуі.»

Көбею мүшесі ретіндегі гүлдің пайда болуынан тұқымды өсімдіктердің үйлесімді өзгергіштік дәрежесі күрделене түсті. Өсімдіктердің барлық түрі желмен тозаңданатын, бунақденелілер тозаңдандыратын, су тозаңдандыратын және жануарлар тозаңдандыратын өсімдіктер болып бөлінеді.


V Жаңа сабақты қорыту

Биологиялық диктант

Сергіту сәті Физминутка



« ИӘ » « ЖОҚ » ойыны

1.Көрнекілеу реңі- бұл қарсыласын үркіту немесе абдырату жолы.

2.Дарвин бейімделгіштікті салыстырмалы мақсатқа сәйкестілік деп түсінді.

3.Коэволюция генетикалық байланысы бар екі түрдің бірлескен эволюциялық өзгерісі.

4.Бейімделгіштік тірі қалушылықты арттырып, биологиялық алға басуға жол ашады.

Жауабы.

Кубизм./сұрақтарға тез арада жауап беру/

Коэволюция

Мимикрия

Адаптация

Биологиялық кері кету

Биологиялық алға басу

VІ Рефлексия

VІ І Үйге тапсырма §44 оқу

VІІІ Бағалау