І БӨЛІМ. ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Биология ғылымы нені зерттейді?
А) өсімдіктерді
В) тірі табиғаттың өзгерістерін+
С) сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларды
Д) тек қана жасыл өсімдіктерді
Е) жануарлар туралы ғылым
Өсімдіктер мен жануарларды жүйеге келтірген:
А) Янсен
В) Жан Батист Ламарк
С) Чарлз Дарвин
Д) Роберт Гук
Е) Карл Линней+
Қазақстанда өсімдіктердің қанша түрі кездеседі?
А) 15 мың +
В) 20 мың
С) 25 мың
Д) 30 мың
Е) 100 мың
Өсімдіктердің вегетативті мүшесі?
А) гүл
В) тұқым
С) жеміс
Д) тамыр+
Е) гүлдің аталық және аналық бөлігі
Өсімдіктердің генеративті мүшесі?
А) тамыр
В) сабақ
С) гүл+
Д) жапырақ
Е) өркен
Ботаника ғылымы оқытады:
А) жануарларды
В) өсімдіктерді+
С) барлық тірі ағзаларды
Д) саңырауқұлақтарды
Е) қыналарды
Микроскопты ойлап тапқан?
А) Янсендер+
В) Жан Батист Ламарк
С) Чарлз Дарвин
Д) Роберт Гук
Е) Карл Линней
Жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат?
А) ядро
В) митохондрия
С) цитоплазма+
Д) вакуоль
Е) пластидтер
Тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер?
А) митохондрия
В) цитоплазма
С) ядро
Д) вакуоль
Е) пластидтер+
Жасушаның көбеюіне қатысады?
А) митохондрия
В) цитоплазма
С) ядро+
Д) вакуоль
Е) пластидтер
Жасушаны қоректендіреді, жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді?
А) митохондрия
В) цитоплазма
С) ядро
Д) вакуоль+
Е) пластидтер
Жасушада жүретін барлық тіршілік әрекеттеріне қатысады?
А) митохондрия
В) цитоплазма+
С) ядро
Д) вакуоль
Е) жасуша қабықшасы
Органикалық зат түзуге, қор жинауға қатысып, өсімдікті түрлі түске бояйды?
А) митохондрия
В) цитоплазма
С) ядро
Д) вакуоль
Е) пластидтер+
Жасуша бөліктерін зақымданудан қорғайды?
А) митохондрия
В) цитоплазма
С) ядро
Д) вакуоль
Е) жасуша қабықшасы+
Жасушаны ашқан ғалым?
А) Янсендер
В) Жан Батист Ламарк
С) Чарлз Дарвин
Д) Роберт Гук+
Е) Карл Линней
Жасушалары жас, ұдайы бөлінетін ұлпа?
А) түзуші ұлпа+
В) тірек ұлпа
С) негізгі ұлпа
Д) бөліп шығарушы
Е) өткізуші ұлпа
Даражарнақты өсімдіктердің қор заттары жиналады?
А) жарнағында
В) эндоспермде+
С) ұрықта
Д) алғашқы сабақшада
Е) алғашқы бүршікшеде
Даражарнақты өсімдікті көрсет:
А) үрмебұршақ
В) күнбағыс
С) қияр
Д) қарбыз
Е) бидай+
Ауа температурасы 10-15ºС-та өнетін тұқым
А) күріш, темекі+
В) арпа, бидай
С) жүгері, күнбағыс
Д) асбұршақ, жоңышқа
Е) сұлы, зығыр
Қазір Жер бетінде қанша өсімдік түрі бар?
А)500 мың+
В) 200 мың
С) 1 млн
Д) 800 мың
Е) 80 мың
Жүйенің ең кіші бірлігі
А) туыс
В) қатар
С) түр +
Д) класс
Е) тұқымдас
Жақсы жетілген екі талшығы, қызыл көзшесі бар бір жасушалы балдыр?
А) глеокапса
В) хлорелла
С) диатом
Д) хламидомонада+
Е) спирогира
Біржасушалы балдырды көрсетіңіз:
А) хлорелла+
В) спирогира
С) улотрикс
Д) вольвокс
Е)шоғырлы
Көпжасушалы балдырды көрсетіңіз:
А) спирогира+
В) хламидомонада
С) глеокапса
Д) хлорококк
Е) диатом
Біржасушалы балдырлар қашан пайда болды?
А) 1,5 млрд жыл бұрын
В) 10 жыл бұрын
С) 1 млн жыл бұрын
Д) 5 млрд жыл бұрын
Е) 5-6 жыл бұрын
Мүктерді зерттейтін ғылым:
А) зоология
В) ботаника
С) ихтиология
Д) микология
Е) бриология
Мүктерде не болмайды?
А) гүлі
В) сабағы
С) тамыры
Д) жапырағы
Е) тұқымы
Шымтезек мүгі қай жерлерде өседі?
А) ылғалды, батпақты
В) құрғақ
С) ағаш басында
Д) мұхитта, теңізде
Е) топырақтың астында
Шымтезек мүгін неге «ақ мүк» деп те атайды?
А) жапырақ ақ түсті
В) сабағы ақ
С) су жиналатын жапырақтары ақшыл-жасыл түске айналады+
Д) сабақ ұшындағы қалпақшасының жиектері ақ түсті
Е) сабағы жер бетіне төселіп өсетіндіктен
«Ризоид» қызметі:
А) жапырақтың қызметін атқарады
В) тамырдың қызметін атқарады+
С) сабақтың қызметін атқарады
Д) гүлдің қызметін атқарады
Е) су мен минаралды тұздарды тасымалдайды
Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктерге жатады:
А)мүктәріздестер мен қырықжапырақтәріздестер+
В) қылқанжапырақты өсімдіктер мен бұталы өсімдіктер
С) шаршыгүлділер мен орамжапырақгүлділер тұқымдасы
Д) раушангүлділер мен алқа тұқымдасы
Е) ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктер
Қырықжапырақтәріздес өсімдіктерге жатады:
А) плаундар мен қырықбуындар+
В) қарағай мен шырша
С) қайың мен балқарағай
Д) самырсын және секвойя
Е) мәдени өсімдіктер
Ағаш сабағында өсетін паразит саңырауқұлағын белгілеңіз.
A) Тат саңырауқұлағы
B) Дің саңырауқұлағы+
C) Қастауыш саңырауқұлағы
D) Ақұнтақ саңырауқұлағы
E) Қаракүйе саңырауқұлығы
Шырынды жемістердің бөлінуі:
A) бұршаққап, қауашақ, сүйекті.
B) жаңғақ, қанатты жеміс.
C) жидек, жидек тәрізді, сүйекті+
D) бұршаққын, дәнек, тұқымша.
E) жинақталған жемістер, жидек.
Саңырауқұлақтан алынатын антибиотик.
A) Стрептомицин
B) Тетрациклин
C) Формалин
D) Фурацилин
E) Пенициллин+
Шоқпарбас плаунның жыныссыз көбеюі ... арқылы іске асады.
A) Споралар.+
B) Тұқымдар.
C) Зооспоралар.
D) Канидий.
E) Гаметалар.