«Казнаковка орта мектебі» КММ
Химия және биология пәні мұғалімі Булембаева Жанар Толеухановна
Конференция сабақ
“Дені сау ұрпақ жарқын болашақ”
Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі. Денсаулық жеке адамның ғана емес сонымен қатар барлық қоғамның негізгі құндылықтарының бірі болып табылады.
Ұлт [link]
Ж: ойларыңызды қорыта келе айтатын болсақ, адамдардың ерік-жігері мықты болуы қажет. Бұл ауруды құпия сақтауы қажеті жоқ. Құпия нәрсе көбейген сайын қылмыста көбейе түседі. «Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ жоқ» дегендей құлағанды демеп, жылағанды жұбату-адамдық парызымыз! Ол адамға күш береді. Абайдың сөзімен айтсақ: «Адам әр он күн сайын өзіне есеп беруі керек» ең бастысы адаспайық!!!
Модератор: бүгінгі конференцияда мектеп оқушыларының жасөспірім қоғамында өмірдің өзекті мәселесі мен ғасыр дертіне айналған темекі шегудің салдары, ішімдік, нашақорлықтың жалпы жағдайы талқыланды. Конференцияға белсенді қатысып, қоғамдық өмірдің өзекті тақырыбын талқылап, жасөспірімдерге салауатты өмір салтын дәріптеу, насихаттау жұмыстары елеулі рөл атқарды. Оқушылардың өз бетімен іздену жұмыстары және мектеп әкімшілігі тарапынан алтын уақыттарын бөліп, дәріс оқып, аудитория тыңдаушыларын жаман әдеттен алыс болу жайлы тәрбиелік маңызы зор әңгімелеріңізге рахмет. Болашағымыз жарқын болу үшін еліміздің іргесін берік ұстайтын жас ұрпаққа ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеуі керек.
Қорытынды. Бейнеролик «Бақытты болу үшін»
Алда жұмыстарыңызға сәттілік тілей отырып, бүгінгі конференциядан естелік ретінде мына естеліктерді алуыңыздарды сұраймын: күнтізбе, қалам, дәптер.
14