0017 БИОЛОГИЯ
1. Өсімдіктерге жасыл түс береді A) Вакуоль B) Цитоплазма C) Хромопласт D) Лейкопласт E) Хлоропласт |
2. Жасыл эвглена қозғалады A) Жалғанаяқтары арқылы B) Бақалшағы арқылы C) Аяғы арқылы D) Кірпікшелері арқылы E) Талшықтары арқылы |
3. Туберкулез қоздырғышы: A) Вирус. B) Ауру тудыратын саңырауқұлақтар. C) Пішен таяқшасы. D) Кох таяқшасы. E) Канцерогендік заттар. |
4. Теңіздің 20-30 метр тереңдігінде өсетін қоңыр балдыр. A) Коралина B) Хондрус C) Плюмария D) Ламинария E) Спирогира |
5. Тұқымы жемістің ішінде жетілген өсімдіктер A) Ашық тұқымды B) Қылқанжапырақтылар C) Плаундар D) Қырықбуындар E) Гүлді өсімдіктер |
6. Мінез-құлық, тәлім-тәрбие, сөйлеу, еске сақтау, ойлау әрекеттері тікелей байланысты A) Мишыққа B) Үлкен ми сыңарына C) Сопақша миға D) Ортаңғы миға E) Аралық миға |
7. Негізгі тамыр дамиды A) сабақтан B) тұқым жарнағынан C) қосалқы тамырдан D) ұрық сабақшасынан E) ұрық тамыршасынан |
8. Гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғары жағындағы кеңейген жері A) Гүл сағағы B) Тостағанша C) Аналық D) Гүл табаны E) Күлте жапырақша |
9. Ұлудың жүрегі: A) Бес бөлім B) Үш бөлім C) Бір бөлім D) Төрт бөлім E) Екі бөлім |
10. Бұршақтұқымдас өсімдікке тән белгі: A) 1 аналық, 5 аталық. B) 1 аналық, 3 аталық. C) 1 аналық, көп аталық. D) 1 аналық, 10 аталық. E) Көп аналық, көп аталық. |
11. Жануарларды жіктеудегі ең төменгі деңгей A) Тип B) Тұқымдас C) Класс D) Түр E) Отряд |
12. Сүйекті балықтарда алғаш рет пайда болады A) Клоака B) Қаңқа C) Аналь тесігі D) Қуық E) Жүрек |
13. Ішкі секреция бездеріне жатады A) Эпифиз, гипофиз, ұйқы, бүйрек үсті бездері, сүт бездері тимус. B) Гипофиз, тимус, қалқанша, сүт бездері. C) Гипофиз, қалқанша, ұйқы, сілекей бездері. D) Гипофиз, эпифиз, жыныс бездері, сілекей бездері. E) Эпифиз, гипофиз, қалқанша, бүйрек үсті бездері, тимус. |
14. Сілекейдің құрамындағы көмірсуларды ыдырататын фермент A) пепсин B) амилаза C) липаза D) нуклеаза E) трипсин |
15. Зәр шығару жүйесінің қызметі: A) Мүшелердің жұмысын реттейді. B) Мүшелер мен мүшелер жүйесінің бір-бірімен байланысын басқарады. C) Мүшелердің бір-бірімен байланысын басқарады. D) Ағза мен сыртқы ортаны байланыстырады. E) Қажет емес заттарды сыртқа шығарады. |
16. Қорғаныштық қызмет атқаратын органоиды: A) Эндоплазмалық тор. B) Жасуша мембранасы. C) Митохондрия. D) Рибосома. E) Ядро. |
17. Сперматогенез нәтижесіндегі хромосомалар жиынтығы: A) диплоидты B) триплоидты C) ди және триплоидты D) полиплоидты E) гаплоидты
0017 |
18. Тұқым қуалайтын өзгергіштегі гомологтық қатарлар заңын ашқан: A) Г.Мендель. B) П.П.Лукьяненко. C) Ч.Дарвин. D) Н.И.Bавилов. E) Т.Морган. |
19. Оттексіз ортада тіршілік ететін ағзалар A) Аэробты B) Сапрофитті C) Анаэробты D) Гетеротрофты E) Автотрофты |
20. Өсімдіктің тамыры шығу тегіне қарай бөлінеді: A) Негізгі, жанама, қосалқы B) Кіндік, негізгі C) Тамыр жүйесіне D) Шашақ, жанама E) Шашақ, кіндік |
21. Сіңір созылғанда көрсетілетін алғашқы көмек: A) зақымдалған жерге суық басу B) зақымдалған жерге суық шұберек басып, қатты орап тастау C) ширатпамен таңу D) зақымдалған жерге ыстық басып, орап тастау E) сіңірді дәкемен орау |
22. Қан плазмасындағы ақуыздың нәруыздық үлесі: A) 12 %. B) 10 %. C) 9-9,5 %. D) 7-8 %. E) 10-11 %. |
23. Кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшықетті перде A) көкет (диафрагма) B) өкпе C) асқазан D) ішек E) бүйрек |
24. Нағыз “тірі қазба” деп аталатын жануар A) Гаттерия B) Кенгуру C) Қасқыр D) Крокодил E) Піл |
25. Селеу өсімдігі экологиялық топқа жатады: A) Суккуленттерге. B) Гигрофиттерге. C) Мезофиттерге. D) Ксерофиттерге. E) Гидрофиттерге.
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
0017 |