Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектебінің химия- биология пәнінің мұғалімі Өтебалы Кәмшат Садыққызы
Білім өрісі биік, дені сау ұрпақ – ең басты байлығымыз
Денсаулык адам баласының азбас қаазынасы,асқан байлығы, омірінің тәрегі. Дененің сауы- сырқаудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі- денсаулықтың белгісі. Ендеше « Денсаулық- зор байлық » деп халкымыз айткандай, денсаулықты еш нәрсеге теңеуге болмайды адамдар бір-біріне бірінші денсаулық тілейтіні себебі, міне осында.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» халқына Жолдауында «Біздің болашағымыздың сара бағыты, яғни болашақ біздікі. Болашақ ғасыр иелері – дені сау, терең білімді, жат қылықтардан аулақ болуы біз үшін үлкен бақыт. Өркениетті елдер қатарына Қазақстан мемлекетінің қосылуына бізде үлес қосып аянбай еңбектенеміз. Боларды естип қана қоймай өмірде пайдалану әрқайсымыздың міндетіміз», -деп көрсетті. Сондықтан халықтың денсаулығын жақсарту жолындағы басты міндет- салауатты өмір салтын қалыптастыру және әр адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына жаңа көзқарасты дамыту. Өскелең ұрпақ денсаулығының жағдайы үлкен алаңдаушылық туғызған шақта салауатты өмір салтын насихаттап, зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеудің мәні зор.
Адам ағзасына қауіп – қатер төндіретін зиянды әдеттер ішімдік, нашақорлық және темекі. Талай адамды жыландай жалмап, талай тағдырды күйреткен, талай шаңырақты шайқалтқан арақ пен есірткінің қасында жәй ермек көретін темекінің адам ағзасына тигізер зардабы әлдеқайда басым. Зиянды әдеттердің ішіндегі ең қауіптісі темекі.ДЖДСҰ зерттеуі бойынша зиянды әдеттер салдарынан болатын өлім қауіпі 100 % болатын болса оның 4% есірткіден,21% ішімдік ішуден,75% темекі шегуден болад екен.Яғни темекі шегу ішімдік пен есірткіден әдеқайда қауіпті болғаны.Қазіргі уақытта темекі шегу салдарынан пайда болған аурулардан әлемде жылына шамамен 5млн адам өледі.Сонда әрбір 6,5 секунд сайын 1 адамнан айырылады екенбіз.Эпидемиологиялық тексеру барысында осы адамдардың жартысы балалық шақта және өмірінің соңына дейін темекі шеккендер екені анықталды.2027 жылы темекі зардабынан қайтыс болатындар саны 10млн-ға жетеді деген болжам бар.Соңғы уақытта темекі тартатындар арасында көмекейдің қатерлі ісігі 6-10 есе,өңеш ісігі 2-6 есе жоғары.Бір түйір темекі тартқан адам 0,4-3,5 мг улы никотин қабылдайды да өз өмірін 15 минутқа қысқартады.
1 тал темекінің құрамында кездесетін улы заттар.(мг.)
Темекі түтінінің құрамында 12000 жуық заттар мен химиялық қосылыстар бар. Оның 196- улы және 14 наркотик тәріздестер.
Темекі ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы,384 мың тонна амиак,180 мың тонна никотин,660мың тонна темекі майы,550мың тоннадай иісті газ шығарады.%%%
Темекінің зиянды әсерінің бірі, оны тартқанда ол жанбайды, бықсиды, ондағы темпера тура 178 градусқа жетеді,осы температурада ондағы қосылыстар біріне бірі қосылып, адам организміне улы әсер ететін қосылыстар түзіледі. Бұл қосылыстар адамда қатерлі ісік ауруының тууына себепші болады. Бұған мысал, өкпе қатерлі ісігінен өлгендерінің 90 пайызы темекі тартатындар.
Темекінің адам организміне әсері
Органдар
Әсері
Нәтежесі
Жүйке қан
тамыр жүйесі
Үнемі қоздырады, қан қысымы жоғарлайды, қан тамыры тарылады
Тозуына, жұқаруына әкеледі, қантамыр ауруларына алып келеді
Ас қорту
жүйесі
Бездердің сөл бөлуі өте көбейеді
Үнемі бөлінеді, шартты рефлекс бұзылады
Тыныс алу
жүйесі
Тыныс алу жиіейді, уланады
Гипоксия, рак аурулары пайда болады
Тері
Қан айналымы және терінің қоректенуі төмендейді
Тез қартаяды
Жыныс бездері
Ұрықтың өліміне әкеледі
Туылған бала өз қатарынан дамуы жағынан артта калуы мүмкін
Өкпе қатерлі ісігін тудыратын темекінің құрамындағы тек қана бензпрен емес. Темекінің құрамында радиоктивті изотоп полоний 210 бар, ол темекінің түтінімен өкпеге кіріп, адам организмінде ұзақ сақталады. Ол өкпе жасушаларын өзгертіп қатерлі ісік жасушаларының пайда болып, олардың өсуіне бензпирен екеуі ықпал жасайды. Былай сырт қарағанда зиянсыз темекінің міне зардабы осындай.
Темекі шегушілік жастар арасында жиі кездеседі. Әсіресе, қыз балалардың темекі шеккені көңіл алаңдатарлық нәрсе. Темекі шегу тұрмыс құрған болашақ аналарға өте зиян. Олардың шеккен әрбір тал темекісі бойындағы нәрестенің денесіне сіңетін улы мөлшерін көбейтіп, нәрестеге қажетті оттегінің мөлшерін керсінше кемітеді. Темекі шегетін ананың құрсағындағы нәрестенің бауыр жасушалары әлі дамып жетілмеген, соған байланысты олардың бауыр жасушалары тез уланып, нашарлайды. Яғни қан құрамындағы улы заттарды залалсыздандыру қабілетінен айрылады. Болашақ сәбидің барлық мүшелері анасының құрсағында жатқанда-ақ уланып, жарымжан, кемтар болып дүниеге келеді. Тіпті дені сау болып туылғанымен темекі шегетін аналардың сүтінің әрбір литрінде жарты мг. никотин болады. Анасы темекі шегетін сәбиде қаназдық ауруы және басқада түрлі қаупті аурулар көп кездеседі. Сондықтан темекіден аулақ болып, ұрпағымыздың саулыын сақтайық!
Өмірімізді жат әдетке, зиянды заттарға толтырмай, ағзамыздың тазалығына көңіл бөліп, айқын мақсатқа, биік армандарға ұмтылайық .
Ыбырай Алтынсарин «Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста » деп өсиет айтып кеткен.
«Адам өмірінің биік шыңы – жастық » деп И. Гете айтыпты, сол жастық өмірімізді нағыз Эвересттің биік шыңына жеткізейік.
Пайдаланылған әдебиеттер;
К. Төлеутайұлы, С.Ж. Төлеутаева «Валеология негіздері » Қызылорда 2004ж.
С. Қоңырбаева « Отбасы бала мен ата – ана » Алматы 2006ж
«Хабаршы » әдістемелік журналы 2003ж
« Валеология психология өзіндік таным » әдістемелік журналы 2007ж