9 сынып ЖМБ күнтізбелік тақырыптық жоспар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


БИОЛОГИЯ

10 сынып

жаратылыстану-математика бағыты

Барлығы 68 сағат (аптасына 2 сағат)


Тақырыптың атауы

Сағат

саны

Мерзімі


Кіріспе (1 сағат).



1.

Биология ғылымы. Ғылымдар жүйесіндегі биологияның орны және маңызы. Биологияның басқа ғылымдармен байланысы. Жаратылыстану — ғылыми пәндер жүйесіндегі «Жалпы биология» курсының алатын орны, мақсаты мен міндеттері.

Көрсетілім:

Биолог-ғалымдардың суреттері, «Биологияның басқа ғылымдармен байланысы» — сызбанұсқа.

1



І бөлім. Цитология. Цитологияның міндеттері (1 сағат).



2.

Заманауи цитология пәні, міндеттері және зерттеу әдістері. Цитологиялық зерттеулердің басқа биологиялық ғылымдар, медицина және ауыл шаруашылығы үшін маңызы.

1



ІІ бөлім. Жасушалық теория (19 сағат).




I тарау. Жасушаның химиялық құрамы (9 сағат).



3.

Жасушаның ашылуы және зерттеу тарихы. Жасушалық теорияның негізгі қағидалары. Биологияның дамуы үшін жасушалық теорияның маңызы.

1


4.

Жасуша дамудың бірлігі екендігі, тірі организмнің құрылымы мен қызметінің бірлігі.

1


5.

Жасушаның химиялық құрамы. Су және басқа бейорганикалық заттар, олардың жасушаның тіршілік әрекетіндегі рөлі.

1


6.

Органикалық заттар: көмірсулар, олардың құрылысы, қасиеттері және атқаратын қызметі.

1


7.

Органикалық заттар: нәруыздар, олардың құрылысы, қасиеттері және атқаратын қызметі.

1


8.

Органикалық заттар: липидтер, олардың құрылысы, қасиеттері және атқаратын қызметі.

1


9.

Нуклеин қышқылдары: ДНҚ, оның құрылысы және жасушадағы рөлі.

1


10.

Нуклеин қышқылдары: а- РНҚ, т-РНҚ, р-РНҚ және АТФ, олардың құрылысы және жасушадағы рөлі.

1


11.

Ферменттер, олардың тіршілік әрекеттерін реттеудегі рөлі.

1



II тарау. Прокариоттық жасушаның құрылысы мен қызметі (2 сағат).



12.

Прокариоттық жасушаның құрылысы. Бактериялық жасуша, оның құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері.

1 зертханалық жұмыс.

Эукариоттық (өсімдік, жануар, саңырауқұлақ) және прокариоттық жасушалардың (бактериялар) құрылысы.

1


13.

Бактериялар тіршілік әрекеттерінің алуантүрлілігі.

1



III тарау. Эукариоттық жасушаның құрылымдық-функциялық құрылыс ерешеліктері (8 сағат).



14.

Жасушаның негізгі құрам бөліктері. Түрлі жасушалық құрылымдар мембранасының құрылысы мен функциялық ерекшеліктері.

Көрсетілім:

Өсімдік және жануар жасушаларының микропрепараттары.

2 зертханалық жұмыс.

Пияз эпидермисінің жасушаларындағы плазмолиз және деплазмолиз құбылыстарын бақылау.

1


15.

Цитоплазма органоидтері: эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы және лизосомалар.

3 зертханалық жұмыс.

Өсімдік жасушаларындағы цитоплазманың қозғалысын бақылау.

1


16.

Цитоплазма органоидтері: пластидтер, митохондриялар, олардың жасушадағы атқаратын қызметі.

1


17.

Цитоплазма органоидтері: жасуша орталығы, рибосомалар, олардың жасушадағы атқаратын қызметі.

1


18.

Цитоқаңқа. Қозғалыс органоидтері, жасушалық қосындылар, олардың құрылысы, жасушадағы атқаратын қызметі.

1


19.

Ядроның құрылысы мен қызметі. Хромосомалардың химиялық құрамы және құрылысы, жасушадағы атқаратын қызметі.

1


20.

Саңырауқұлақтар, жануарлар және өсімдік жасушаларының құрылысындағы ерекшеліктер.

1


21.

«Эукариоттық жасушаның құрылымдық-функциялық құрылыс ерешеліктері» тақырыбы бойынша білімдерін қорытындылау және жүйелеу.

1



ІІІ бөлім. Тіршіліктің жасушалық емес формалары (2 сағат).



22.

Вирустар және фагтар. ЖИТС-тің (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) вирусы. Оның құрылысы мен тіршілігінің ерекшеліктері.

Көрсетілім:

Түрлі молекулалар мен вирустық бөлшектердің моделдері.

1


23.

Вирустық аурулардың алдын алу.

1



ІV бөлім. Жасушадағы зат және энергия алмасу (метаболизм) (9 сағат).



24.

Жасушадағы зат және энергия алмасу. Зат алмасу реакцияларының катализдік сипаты.

1


25.

Пластикалық алмасу.

1


26.

Энергиялық алмасудың негізгі кезеңдері.

Көрсетілім:

Жасушадағы метаболизм жолдарының сызбанұсқалары.

1


27.

Жасушалық тыныс алу процесінің айрықша ерекшеліктері.

1


28.

Органикалық заттарды түзу әдістері: автотрофтар және гетеротрофтар.

1


29.

Фотосинтез, оның сатылары, биосферадағы ғарыштық рөлі. Хемосинтез, оның биосферадағы маңызы.

Көрнекілеу: фотосинтез процесін бейнелетін тәжірибелер.

1


30.

Нәруыздың биосинтезі. Генетикалық ақпараттың негізі — ген туралы түсінік. Генетикалық код. Нәруыз биосинтезінің матрицалық принципі.

Көрнекілеу: «Нәруыз синтезінің» модель-аппликациясы.

1


31.

ДНҚ матрицасына сәйкес а-РНҚ-ның түзілуі. Биосинтездің реттелуі.

Көрнекілеу: ДНҚ және РНҚ модельдері.

1


32.

Гомеостаз туралы түсінік, жасушадағы зат және энергия алмасу процестерінің реттелуі.

1



V бөлім. Организмдердің көбеюі және жеке дамуы (онтогенез) (10 сағат).




IV тарау. Өсімдіктер мен жануарлардың жыныссыз көбеюі (2 сағат).



33.

Өзін-өзі ұдайы өндіру — тіріге тән жалпылама қасиет. Митоз жыныссыз көбеюдің және көпжасушалы организмдер өсуінің негізі, оның фазалары және биологиялық маңызы.

Көрсетілім:

Митоздың сызбанұсқасы.

1


34.

Организмдердің жыныссыз көбею формалары: жасушалардың митоздық бөлінуі, споратүзу, бүршіктену, вегетативтік көбею. Жыныссыз көбеюдің эволюциялық маңызы.

Көрсетілім:

Жыныссыз, көбеюдің түрлерін бейнелейтін кестелер.

1



V тарау. Жынысты көбею (3 сағат).



35.

Жынысты көбею. Мейоз, оның биологиялық маңызы. Сперматогенез. Овогенез.

Көрсетілім:

Мейоздың және жынысты көбейудің кестелері.

1


36.

Ұрықтану. Гүлді өсімдіктердегі ұрықтанудың ерекшеліктері.

1


37.

Ұрықтанудың биологиялық маңызы.

1



VI тарау. Жеке даму (онтогенез) (3 сағат).



38.

Организмдердің жеке дамуы (онтогенез) түсінігі. Бөліну, өсу, жасушалардың жіктелуі, органогенез, көбею, картаю, организмнің өлуі.

1


39.

Э.Мюллер және Э. Геккельдің биогенетикалық заңы. Өсімдіктердің онтогенезі. Жануарлардың онтогенезі.

Көрсетілім:

омыртқалы жануарлар ұрықтарының ұқсастығы.

1


40.

Дамып келе жатқан ұрықтың дене бөліктерінің өзара әсері.

1



VII тарау. Организмнің дамуы және қоршаған орта (2 сағат).



41.

Организмнің эмбриондық және постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының рөлі. Токсиндік заттардың эмбриондық және постэмбриондық даму кезеңдерінің барысына әсері (туа біткен кемтарлықтар).

Көрсетілім:

жоғары сатыдағы өсімдіктердің эмбриондық және постэмбриондық дамуын бейнелейтін кестелер.

1


42.

Организмнің өсуі және дамуы. Орта жағдайларының өзгерістеріне организмнің бейімделу деңгейлері. Организмнің қартаюы және өлуі. Жыныссыз көбеюдегі онтогенездің ерекшелігі.

1



VІ бөлім. Генетика негіздері (12 сағат).




VIII тарау. Тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтары (7 сағат).



43.

Генетиканың даму тарихы. Белгілердің Г.И.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары. Гибридологиялық әдісі. Моногибридті шағылыстыру. Доминанттылық және ажырау заңдары. Гаметалар тазалығының заңы, оның цитологиялық негіздемесі.

Практикалық жұмыс.

Генетикалық есептер шығару.

1


44.

Көптік аллельдер. Талдаушы шағылыстыру. Дигибридтік және полигибридтік шағылыстыру. Тәуелсіз үйлесімдік заңы. Фенотип және генотип. Тұқым қуалаудың генетикалық заңдарының цитологиялық негіздері.

Практикалық жұмыс.

Генетикалық есептер шығару.

1


45.

Жыныстың генетикалық анықталуы. Жыныс хромосомаларының генетикалық құрылымы. Гомогаметалы және гетерогаметалы жыныс. Жыныспен тіркес белгілердің тұқым қуалауы.

1


46.

Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы. Гендердің тіркесу топтары. Белгілердің тіркес тұқым қуалауы. Морган заңы.

1


47.

Гендердің толық және толық емес тіркесулері. Хромосомалардың генетикалық картасы.

Көрсетілім:

тұқымқуалаушылық заңдылықтарын, хромосомалардың айқасуын бейнелейтін модель — аппликациялар.

1


48.

Генотип — біртұтас жүйе. Хромосомалық (ядролық) және цитоплазмалық тұқымқуалаушылық.

1


49.

Белгілердің анықталуында аллельді (доминанттылық, толық емес доминанттылық) және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесулері (комплементарлық, эпистаз және полимерия).

1



IX тарау. Өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары (5 сағат).



50.

Өзгергіштіктің негізгі формалары. Генотиптік өзгергіштік. Мутациялар. Гендік, хромосомалық және геномдық мутациялар. Сомалық және генеративтік мутациялар.

Көрсетілім:

қоршаған орта жағдайларының организм өзгергіштігіне әсерін көрсететін тәжірибе нәтижелері; кеппешөп материалдары, будандық, полиплоидтық өсімдіктердің жинақтамалары, нақпішіндері.

4 зертханалық жұмыс.

Өсімдік фенотиптерін зерттеу.

1


51.

Жартылай летальды және летальді мутациялар. Мутациялардың себептері мен жиілігі, мутагендік факторлар. Мутациялардың эволюциялық рөлі.

1


52.

Үйлесімдік өзгергіштік, оның түрдің шегінде генетикалық алуантүрлілікті қалыптастырудағы рөлі және эволюциялық маңызы. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологтік қатарлар заңы.

1


53.

Фенотиптік немесе модификациялық өзгергіштік. Белгілер мен қасиеттердің дамуы және олардың жарыққа шығуында сыртқы орта жағдайларының рөлі.

5 зертханалық жұмыс.

Өсімдіктер мен жануарлардағы өзгергіштікті зерттеу, вариациялық қатар және қисық құрастыру.

1


54.

Модификациялық өзгергіштіктің статистикалық заңдылықтары. Доминанттылықты басқару.

1



I бөлім. Адам генетикасы (5 сағат).



55.

Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері. Адамның

генетикалық әртүрлілігі.

Көрсетілім:

Адамның хромосомалық аномалиялары және олардың фенотиптік көрініс беруі.

6 зертханалық жұмыс.

Шежіре құру.

1


56.

Адамның шығу тегі және адам нәсілдері туралы генетикалық мәліметтер.

1


57.

Адамның белгілерінің тұқым қуалау сипаты. Денсаулықтың генетикалық негіздері.

1


58.

Адамның генетикалық денсаулығына ортаның әсері. Генетикалық аурулар. Генотип және адамның денсаулығы. Популяция генофонды.

1


59.

Биологиялық және әлеуметтік тұқым қуалаудың арақатынасы. Генетиканың әлеуметтік проблемалары. Гендік инженерияның этикалық проблемалары. Генетикалық болжам және медициналық-генетикалық кеңес беру.

1



VІІІ бөлім. Селекция және биотехнология негіздері (9 сағат).



60.

Селекцияның міндеттері және әдістері.

Көрсетілім:

тірі өсімдіктерді, кеппешөптерді, нақпішіндерді, кестелерді, фотосуреттерді, селекциялық жұмыстардың нәтижелерін бейнелейтін басқа да материалдарды пайдалану. Белгілі ғалым селекционерлердің портреттері.

1


61.

Генетика — организмдер селекциясының ғылыми негізі екендігі. Селекция үшін бастапқы материал.

1


62.

Н.И.Вавиловтың мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары туралы ілімі.

1


63.

Өсімдіктер және жануарлар селекциясы.

Көрсетілім:

өсімдіктердің жаңа іріктемелерін, жануарлардың жаңа қолтұқымдарын алудың әдістерін бейнелейтін сызбанұсқалар.

1


64.

Селекциядағы қолдан сұрыптау. Будандастыру — селекциялық әдіс ретінде.

1


65.

Шағылыстыру типтері. Өсімдіктер селекциясындағы полиплоидия. Заманауи селекцияның жетістіктері.

1


66.

Микроорганизмдер, саңырауқұлақтар, прокариоттар-биотехнологиялық нысандар. Микроорганизмдер селекциясы және оның микробиологиялық өнеркәсіп үшін маңызы.

Көрсетілім:

микробиологиялық өндірістің сызбанұсқалары.

1


67.

Тамақ өнімдерін, дәрумендерді, ферменттер мен дәрілерді микробиологиялық өндіру. Биотехнологияның проблемалары және болашағы.

Көрсетілім:

микробиологиялық синтез өнімдері.

1


68.

Гендік инженерия, оның жетістіктері және болашағы.

1