Сабақтың тақырыбы: Тері аурулары. Күн өткенде,тері күйгенде және үсіген кезде көрсетілетін алғашқы көмек.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: оқушыларға терінің құрылысы, қызметі мен маңызы, тері аурулары туралы алған білімдерін қорытындылау
ә) Дамытушылық: кесте толтыру, сәйкестікті анықтау, жаңа сөздерге анықтама беру дұрыс тұжырымдарды анықтау арқылы оқушылардың ой өрісін, дүниетанымын дамыту
б) Тәрбиелік: оқушыларды шешім қабылдағыштыққа, өз ағзаларын күте білуге салауаттылыққа, жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу
Сабақ түрі: Аралас
Әдістер: сұрақ - жауап, жеке, топтық жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс
Сабаққа қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, кесте, лупа, суреттер
І. Ұйымдастыру:
- Оқушыларды түгелдеу
- Тәртіп, тазалықты қадағалау
- Оқу - құралдарын тексеру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: Терінің құрылысы және қызметі.
1. Ассосациялық сұрақтар
2. Кесте “терінің құрылысы мен қызметі”
3. Біліміңді сына “Терінің рөлі қандай?”
Оқушыларды («Биологтар»; «Дерматологтар»; «Косметологтар») 3 топқа бөліп білімдерін жарыс түрінде өткізу.
1. Ассосациялық сұрақтар:
1) Тері дегеніміз не?
2) Неге шыныққан адамдар аз ауырады?
3) Теріні не үшін күтеміз?
3. Кесте “терінің құрылысы мен қызметі” (құрлысы мен қызметі ауыстырылып беріледі, тиісті сөйлемді орынына қою)
Терінің қабаттары
1. Эпидермис
Құрылым ерекшелігі:
Көпқабатты эпителий, сыртқы қабаты - мүйізді қабат, өлі жасушалардан, ішкі - өсуші қабат - тірі жасушалардан тұрады.
Қызметі:
Теріні сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғайды, ауру қоздырушы ағзалардан қорғайды.
2. Дерма (нағыз тері қабаты)
Құрылым ерекшелігі:
Дәнекер ұлпасынан тұрады, қалыңдығы 1 - 205 мм, қантамырлары, лимфа, жүйке талшықтары жиі орналасқан. Бұл қабатта түктің түбірі, тер, май бездері орналасқан.
Қызметі:
Тер мен зат алмасу өнімдері шоғырланған, су - тұз алмасу реттеледі, дене температурасы реттеледі.
3. Тері астындағы май клетчаткасы (гиподерма)
Құрылым ерекшелігі:
Май жасушаларына толы, қалың, жұмсақ ширатылған талшықтардан тұрады.
Қызметі:
Ішкі мүшелерді, ұлпа мен сүйекті соққыдан сақтайды, ішкі мүшелерді жылу мен суықтан қорғайды.
3. Біліміңді сына
“Терінің рөлі қандай?”
1) Тері – жабын мүшесі, неге?
2) Тері – қорғаныш мүшесі, неге?
3) Тері – сезім мүшесі, неге?
4) Тері – дене температурасының тұрақтылығын сақтаушы, неге?
5) Тері – зәр шығару мүшесі, неге?
6) Тері – тыныс алу мүшесі, неге?
7) Теріде дәрумені түзіледі, қандай?
8) Теріде қоңыр пигмент түзіледі, неге?
9) Теріде бездер бар, қандай?
ІІІ.Актуальдау:
1. Жұмбақтар
1) Тау басында бәйтерек, бәйтерекке су керек. (бас, шаш)
2) Өзінің жаны жоқ
Жандыға жабысып күн көреді. (тырнақ)
3) Газды да алмастырады, суды да бөледі.
Ыстық-суығыңды да сезеді,
Күте білсең аурудан да қорғайды. (тері)
ІV. Жаңа сабақ:
1. Анықтама сөздер арқылы түсіндіру:
Эпидермис
Дерма. Май клечаткасы. Витилиго.Темретка. Дерматолог. Рецепторлар
2. Тері аурулары.
Безеу.Бұл – жыныстық жетілудің уақытша қосымша әсері. Май бездерінің шығаратын өзегі бітеледі де, оған ауру тудыратын микробтар түсіп, қабынады. Өте ащы, дәмдеуіштер (бұрыш, қалампыр, т. б.) қосылған тамақты жеуден, кофе, какао, қою шай ішуден бас тартыңдар. Ең бастысы – бір қалыпты ұйықтау, серуендеу, спортпен шұғылдану, дене шынықтыру.
Паразит саңырауқұлақтық тудыратын аурулар.
Терінің төменгі қабатын зақымдайды. Бұл қабыршақты қабатты, аяқтың, қолдың тырнақтарын толық зақымдайды. Оларға күбіртке, терінің астына тырнақтың өсуі.
Сүйел.Терінің вирустық ауруы. Онымен көпшілік жағдайда балалар және жасөспірімдер ауырады.
Витилиго.Терінің әр жерінде меланин пигментінің түзілуі бұзылғандықтан түрлі пішіндегі ақ дақтардың пайда болуы.
Қышыма қотыр.Қотыр кене. Ол дененің жұмсақ бөліктерін, яғни саусақ аралықтарын, кеуде бөлігін, ішті оның төменгі жағын тесіп өзіне жол салады. Осы қышымамен ауырған адамның денесі қатты қышиды, әсіресе түнге қарай қышығаны қатты үдейді.
Ұшық.Вирустық ауру. Ол теріде және сілемейлі қабықшада көптеген ұсақ көпіршіктерден түзіледі.
Теміреткі.Бұл ауруды көбіне паразит саңырауқұлақтар таратады.
Тері ауруларын емдейтін дәрігерді – дерматолог деп атайды..
3. СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?
Адам терісінде 15000 суық және 16000 жылу рецепторлары бар
Адам шашы сабын көпіршігінен 500 есе қалың, қылтамырдан 5 есе, өрмектен 20 есе қалың
Бүкіл денеде саны 20 миллионға дейін жететін өзге де түктер болады.
Әрбір кірпік бір – екі ай ғана өмір сүреді де, түсіп қалады, содан кейін, жаңа кірпік өсіп шығады.
Әдетте тырнақ аптасына 2, 5 мм – ге өседі
Орта есеппен алғанда, адамның басында 100 000 – нан 120 000 – ға дейін шаш болады.
4.Түсініп, есте сақтаңдар!
Эпидермис. Дерма. Тер бездері. Шел қабаты. Қотыр(қышыма). Сүйел. Витилиго. Ұшық. Теміреткі. Безеу.
V.Бекіту:
1. Зерттеу (биологтар, дерматологтар, косметологтар қол ұшының сыртың және алақанды зерттеп мамандығына сай жауап беру)
Қорытындылау: Үйге: Тері аурулары
Бағалау: «3», «4», «5» бағаларын қою арқылы, қорытынды бағасын шығарамыз
№5 орта мектеп
Тері аурулары.
Күн өткенде, тері күйгенде
және үсіген кезде көрсетілетін
алғашқы көмек.
Класс: 8 «Б»
Орындаған: Елубаева Г.К
2015-2016 оқу жылы