Күні:
Пәні:биология
Сынып:11
Сабақтың тақырыбы: Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар, А.И.Опариннің теориясы, С. Миллердің тəжірибелері; протобиополимерлердің пайда болу теориясы,протобионттардың эволюциясы:ішкі ортаның қалыптасуы, органикалық табиғикатализаторлардың жарыққа шығуы, генетикалық кодтың пайда болуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар, А.И.Опариннің теориясы, С. Миллердің тəжірибелері; протобиополимерлердің пайда болу теориясы,протобионттардың эволюциясы:ішкі ортаның қалыптасуы, органикалық табиғикатализаторлардың жарыққа шығуы, генетикалық кодтың пайда болуытуралы түсінік беру;
Дамытушылық: Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастарын және алған білімді қорытындылай, салыстыра пайдалану икемдігін дамыту;
Тәрбиелік: Жалпы биологиялық білімнің маңыздылығы туралы қалыптасқан түсініктер негізінде оқытылатын материалға жауапкершілік қатынас сезімін тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын жаңа технология түрлері: тірек-сызба
Техникалық құралдар түрлері: интерактивті тақта
Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы:Сызбанұсқа: «Алғашқы атмосфераның құрамы».
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: дәріс, сұхбат
Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, отырғызу, оқушыларды түгендеу, сынып бөлмесінің және оқушылардың санитарлық-гигиеналық жағдайларына назар аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Жер бетінде тіршілік пайда болуының қандай алғышарттары бар?
Ғаламшардың қажетті мөлшері болу керек дегенді қалай түсінесіңдер.
Тіршіліктің пайда болуы үшін энергияның маңызы қандай болды?
Сұрақтарға берілген жауаптарды талдап, толықтырып, жаңа сабақты түсіндіремін.
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
Жер шарындағы алғашқы атмосфера
Ғарышты зерттеген ғалымдардың соңғы деректері бойынша аспан денелері бұдан 4,5—5 млрд жыл бұрын пайда болған. Жер шары алғаш пайда болғанда оның құрамында [link] молекулаларында тіршілікке тән кейбір белгілер болғанымен, оларды тірі организмдер деп атай алмаймыз. Өйткені оларда биологиялық мембраналар толық қалыптаспаған.
Бекіту сұрақтары:
Жер шарындағы алғашқы атмосфера құрамында қандай газдар болды?+
Химиялық элементтердің, бейорганикалық жəне органикалық молекулалардың эволюциясы қалай жүзеге асты?
Сабақты қорытындылау: Оқушыларға Жер бетінде тіршілік пайда болуының алғышарттары: ғарыштық жəне ғаламшарлық алғышарттар туралы түсініктерді негіздеуге болады.
Оқушыларды бағалау. Үй тапсырмасы бойынша және сабақ барысындағы біліміне қарай оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасы:§4. Қосымша мағлұматтар,тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру, тапсырмаларды орындау. 18-19 беттер
Рефлексия кезеңі. Оқушылар сабақ барысында алған әсерлерін ортаға салады.