Сабақ жоспары №536 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні:

Сынып 6

Сабақтың тақырыбы: Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі. Суға қатынасы бойынша өсімдіктің экологиялық топтары.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ксерофиттер , Мезофиттер , Гигрофиттер туралы білім беру.
Дамытушылық: оқушыларды жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу, басқаларды тыңдау, өз көз - қарастарын дәлелдеп қорғай білу, біліктіліктерін дамыту.
Тәрбиелік: Өсімдіктер бөліміндегі білімдерін жүйелеп біртұтастыққа қарастыру, оқушылардың ақыл - ойын, ғылыми дүние танымдылығын қалыптастырып, тірі табиғатпен ізгілікті қарым - қатынаста болуға, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабағы. (Қосымша мәліметтермен жұмыс)
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, бөлме өсімдіктері,
тірек - сызба, үлестірмелі қима қағаздар, суреттер, слайдтар, қосымша әдебиет,
Сабақтың барысы.
І – Ұйымдастыру Амандасу, оқушылардың сабаққа даындығын тексеру, көңіл күйлеріне назар аудару, сабаққа қызығушылықтарын арттыру.

ІІ – үй жұмысын тексеру.

Қсымша дайындап әкелген мәліметтерін тындап талдау.

ІІІ- жаңа сабақ кезеңі:1. ассоциация






2. Терминдермен жұмыс

Ксерофиттер , мезофиттер, гигрофиттер.

3. оқушыларды топтарға бөлу.

І топ ксерофиттер, ІІ топ мезофиттер, ІІІ топ гигрофиттер

  1. Мәтінмен жұмыс

  2. Жоба құрып, қорғау.

Өсімдіктердің экологиялық топтары.
Өсімдіктердің тіршілік формалары.
Өсімдіктердің экологиялық топтарын форма түзетін және физиологиялық маңызы бар, бейімделуін тудыра алатын факторына байланысты бөледі.
Тіршілік формасы деп - өсімдіктердің онтогенезінде белгілі бір экологиялық жағдайда пайда болатын және негізгі бейімделу белгілері жиынтығын көрсететін өзіндік сыртқы бейнесі. Өсімдіктердің белгілі бір түрінің особьтарына тән тіршілік формасы – ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі және ол тұқым қуалау белгісі болып бекінген. Сыртқы ортаның қандайда-бір факторына бейімделген, формалар түзуде маңызды роль атқаратын өсімдіктерді экологиялық топтарға бөледі.Ылғалдыққа байланысты өсімдіктерді мынандай экологиялық топтарға бөледі.
Ксерофиттер деп ылғалдың көп мөлшерде жетіспейтін (тұрақты немесе уақытша) жерлерінде өмір сүретін өсімдіктерді айтады. Ксерофиттерге судың булануын азайтатын әртүрлі бейімделушіліктер тән-кутикуласы мен сыртқы эпидермисінің қабықщасының қалың болуы, түктерінің қалың болуы, устьица аппараттарының ойыстау жерден орналасуы, ұлпаларының ұсақ клеткалы болып келуі, клетка қабықшаларының сүректенуі, жапырақтарының шиыршықталып қалуы, жапырақтарының редукцияға ұшырауы және т.б. .Кейбір өсімдіктердің тамырлары мен жапырақтарында көптеген мөлшерде су жинайды (суккуленттер), жақсы жетілген тамыр системасын түзеді. [pic] [pic] [pic]
Мезофиттер деп ылғалдығы жеткілікті, әрі бір қалыпты болып келетін жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады.

[pic] [pic]
Гигрофиттер деп суда өсетін өсімдіктерді айтады. Олардың біреулері толығымен, ал кейбіреулері жартылай суға батып тұрады. Олар не судың түбіне бекініп өседі, не болмаса суда еркін жүзіп жүреді.Олардың органдарының сыртқы беті үлкен, жапырақтары жіңішке, кутикуласы жоқ, жасуша аралық қуыстпары үлкен, ауамен толтырылған, түтіктері нашар жетілген болады.
Гигрофиттер деп, ауаның ылғалдылығы жоғары болатын жерлерде өсетін өсімдіктерді айтады.Олардың судың булануын шектеуге арналған бейімделушілігі болмайды.Эпидермисінің жасушаларының қабықшалары жұқа, кутикуласы жұқа, устьица аппараттары жапырақ тақтасының бетінде бірыңғай орналасқан, жасушалары үлкен, борпылдап бос жатады.

[pic] [pic]
Жарыққа қатынасына ьайланысты көлеңке сүйгіш өсімдіктер деген экологиялық топты бөледі. Бұл топқа жататын өсімдіктер барлық уақытта көлеңкелі жерде өседі.
Бұлар негізінен ормаррың төменгі ярусын құрайтын көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Олардың сабақтары жіңішке, ұзын, арқаулық, ұлпалары жетілмеген, хлорофиллдері аз болады.
Бір өсімдіктің бөрікбасының деңгейінде жарық сүйгіш жапырақтар деп бөледі.Жарық сүйгіш жапырақтардың көптеген белгілері ксерофиттерге сәйкес келеді. Өйткені ашық күнде, барлық уақытта өімдіктерге жарық көп түседі де оны қыздырады, нәтижесінде судың булануы күшейеді. Көлеңкелі жердегі жапырақтардың белгілері көп жағдайда гигрофиттердің белгілерімен сәйес келеді.
Жаңбырлы тропикалық ормандапрдың, көлеңке шамадан тыс көп түсетін жерлерінде, өркендердің негізгі бөлігін үстіңгі ярусқа, күннің көзіне алып шығатын, өсімдіктердің ерекше тіршілік формалары – лианалар мен қалыптасады.
Лианалар деп ағаштарға өрмелеп тез өсетін өсімдіктерді айтады. Олар қаты сүйенішті пайдаланып күннің көзіне қарай жылжиды. Эпифиттер деп жердің бетінен көп жоғары жердегі ағаштардың діндеріне қоныстанатын шөптесін өсімдіктерді айтады
Өсімдіктің тіршілік формалары.
Тіршілік форма дегеніміз – формалар түзетін процестің ең қарапайым бірлігі . Дәлірек айтқанда тіршілік форма дегеніміз - өсімдіктің сыртқы кескіні, ол жеклеген өсімдіктің сыртқы ортаның ір түрлі жағдайына бейімделушілігін көрсетеді. Тіршілік формасының морфофизиологиялық оқшаулануы, генетикалық кодтың бақылауымен жүреді. Тек осы генетикалық кодтың қызметінің нашарлауына байланысты, сонымен бірге химиялық әсердің немесе сәулелердің әсерінің шамадан тыс күшті болуына байланысты түзілетін мутацияның, рекомбинацияның, полиподияның негізінде өсімдәктерде серпінді өзгерістер жүреді.
Қорытындылау: 5 шумақ өлең әр өз топтарына байланысты.

Үйге тапсырма: Өсімдік тіршілігінде судың рөлі. (реферат)

Бағалау