|
Қанның құрамы мен қасиеттері
Автор публикации: Бозжигитова А.К.
Дата публикации: 2016-05-05
Краткое описание: ...
Сабақ тақырыбы: Ағзаның ішкі ортасы.Қанның құрамы.Қан жасушалары Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қан.Қанның құрамы. Қанның жасушалары эритроциттер туралы түсінік беру.Химиялық құрамы мен физикалық қасиетініңтұрақты болуының маңызын түсіндіру. Дамытушылық: Ағзаның ішкі ортасы мен оның маңызы туралы түсінік. Қанның «ағзаның айнасы» деп аталуына тоқталу. Тәрбиелік: Оқушылырды денсаулығын сақтауға, сабақтағы әртүрлі әдістерді қолдана отырап, оқушыларды шапшаңдыққа, іздемпаздыққа өз ойларын түйіндеуге баулу. Сабақтың типі: Аралас сабақ. Сабақтың түрі: Ашық сабақ Әдіс-тәсілдері: Жеке, топтық жұмыс. Көрнекілік: Микроскоп, интернет, интерактивті тақта, слайдттар, сызба, плакаттар. Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру. Оқушыларды сабаққа дайындау 2) Үй тапсырмасын сұрау Бұлшықеттің топтары, қасиеті, қажуы, гигиенасы. Сабақты бастамас бұрын бұлшықетіміз шаршамау үшін бұлшықетке жаттығу жасаймыз. 1.Бұлшықеттер топтары: “Аяқталмаған түйін” 2.Бұлшықет топтары: Бас пен мойын, Тұлға: арқа, көкірек, құрсақ, Қол, Аяқ 3.Бұлшықеттің қажуы Бұлшықеттер адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшықеттің катысуымен адам кеңістікте қозғалып, дененің тепе-тендігін сақтайды. Кеуде куысын құрайтын қабырғалардың арасындағы бұлшықеттер мен көкет (кеуде мен құрсақ қуысын бөліп тұратын ет) тынысалу козғалысына қатысады. Жұтыну, дауыстың шығуы, көздің козғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының барлығы бұлшыкеттердің жиырылу, босаңсу әсерінен болады. Сүйектермен бірлесіп денеге пішін беріп, денені тік ұстауға көмектеседі. Жаңа сабақ Жоспар: 1.Ағзаның ішкі ортасы 2.Қанның қызметі. 3. Қанның құрамы. 4. Қан жасушалары.Эритроцит, Лейкоцит, Тромбоцит 5. Эритроциттердің құрылысы.Гемоглобин Қанның құрамын микроскоппен қарау. Ағзаның ішкі ортасына қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа жатады. Видеоролик, «Қан құрамы» көрсетіледі.
Қанның қызметі: 1. адам ағзасында қан әрбір мүшені, дененің әрбір жасушасын бірімен-бірін өзара байланыстырады; 2. оттегін өкпеден ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл газынан тазартады; 3. қорек заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді; 4. ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т. б. мүшелерге тасымалдайды; 5. дене температурасының тұрақтылығын сақтайды; 6. ағзаны зиянды микробтардан қорғайды; 7. ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды тасымалдайды; 8. жасушаларда қышқылдың, судың деңгейін реттейді; 9. қорғаныштық қызмет атқарады (қанды ұйыта алады). Қанның құрамы. Қанның құрамы. Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты 4,5-5 л. Қанның құрамы - плазмадан{55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады . Қанның плазмасы Қан плазмасы (қан сарысуы) - қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі. Егер қанды ыдысқа құйып тұндырса, ыдыста 3 қабат айқын білінеді. Соның ең үстіңгі сарғыш түсті мөлдірлеу қабаты плазма. Ал астыңғы қызыл түсті қабаты - қан жасушалары. Плазманың құрамында 90-92% су; 7-8% нәруыз (белок); 0,12% глюкоза; 0,7 0,ұ% май; 0,9% тұз болады. Бұлардан басқа сүтқышқылы, ферменттергормондар бар. Плазмадағы нәруыздар (7-8%) 3 топқа бөлінеді: альбуминдер (4,5%); глобулиндер (1,7-3,5 %) және фибриногендер (0.4). Фибриноген нәруызы қанның ұюына қатысады. Құрамында фибриноген нәруызы болмайтын қан сарысуы сарысу деп аталады .Қан сарысуы мен сарысудың айырмашылығы: қан сарысуы қаннын сұйық бөлігі, ал сарысу ұйыған қаннан кейінгі сұйықтық (қан ұйығының сығындысы). Альбумин мен глобулин нәруыздары жасушадағы су мен денедегі сұйықтықты реттеуге қатысады. Минералды калий, кальций, магний тұздары болады. Нәруыздар қан ұюына қатысып, плазмаға жабысқақтық қасиет береді.Глюкоза - жасушалар үшін негізгі қуат көзі. Плазмада глюкоза мөлшері 0,04%-дан аз болса, ми жасушалары қатты қозып, бұлшақеттер жиырылып, құрысады, түйіледі. Гліокозаның концентрациясы тым азайып кетсе, қанайналымы мен тынысалу бұзылып, адам өліпкетуі мүмкін. Қан жасушалары. Адам қанының микрофотосуреті Қан жасушалары. Қан жасушаларына - эритроциттер (қанның қызыл түсті жасушалары), лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары) және тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады Қызыл денешіктер - эритроциттер, ағы - лейкоциттер. Жасушалар арасында тромбоциттер бар.Эритроциттердің құрылысы. Эритроциттер (грекше «еrythros» — қызыл) қанның қызыл түсті ядросыз жасушалары. Жаңадан түзілген эритроциттерде ядро байқалады да, кейіннен жойылып кетеді . Қанның басқа жасушаларына қарағанда салмақтырақ болғандықтан, ыдыстың ең түбіне тұнады. Эритроциттердің пішіні - ортасы қысыңқы табақша тәрізді, жиегі қалың, ортасы жұқарған тиынға ұқсайды. Пішінінің мұндай болуы олардың беткі көлемін үлкейтеді. Эритроциттер өздігінен қозғалмайды, тек қан сұйықтығының ағынымен жылжиды .Адам эритроциттерінің диаметрі 7,5 мкм, қалыңдығы 1-2 мкм. Қанның 1 мм3-де - шамамен 4,5-5 млн, жаңа туған нәрестенің 1 мм2 қанында 6-7 млн эритроцит бар. 3 айдан соң оның мөлшері азайып, қалыпты мөлшерге (5 млн) келеді. Эритроциттердің қызыл түсі гемоглобинге (грекше «гема» - қан) құрамында темір бар нәруызды қызыл пигментке байланысты. Оттекпен қосылған гемоглобинді оқ-сигемоглобин дейді. Оксигемоглобинмен қаныққан қан - алқызыл түсті артерия қаны, көмірқышқыл газымен қаныққан қан күңгірт қызыл түсті вена қаны. Молекулаларының осы қасиеті гемоглобин оттекті өкпеден дененің барлық ұлпаларына жеткізіп қана қоймай, көмірқышқыл газын ұлпадан өкпеге жеткізетінін анықтайды. Гемоглобин Гемоглобин — қанның қызыл түсті пигменті. Эритроциттер оттегін тынысалу мүшелерінен ұлпаларға, көмірқышқыл газын ұлпалардан өкпеге тасуды қамтамасыз етеді. Адамның 100 мл қанында шамамен 15-16 г гемоглобин болады. Эритроциттердің тіршілік ету ұзақтығы 120-127 тәуліктей. Оның шамамен 2,5 млн-ы көкбауыр мен бауырда жойылып, осынша мөлшері сұйек кемігінде қайта түзіліп отырады. Көкбауыр мен бауырдың қантамырлары қабырғасының эритроциттерді тұтып қалып, ерітіп жіберетін қасиеттері бар. Эритроциттердің мөлшері әр түрлі физиологиялық жағдайларға байланысты өзгеріп тұрады. Жазда бұлшықеттердің жұмысы күшейсе, шамадан асыңқырайды. Қаны аз адам мен жұқпалы аурумен ауырған адамдарда эритроциттердің мөлшері кемиді. Қорыта іселгенде, эритроциттер оттекті өкпеден ұлпаларға, көмірток қос тотығын ұлпалардан өкпеге тасиды (жеткізеді). Қорытынды. 1. Қанның формалы элементтері. Кесте толтыру. Қан жасуша лары Қандағы мөлшері Қызметі Тіршілік ету мерзімі Түзілетін орны Пішіні ЭРИТРОЦИТ ЛЕЙКОЦИТ ТРОМБОЦИТ 2. “Менен сұрақ – сізден жылдам жауап” 1. Ересек адамдағы қан мөлшері? 2. Қанның түссіз бөлімі? 3. Қанға қызыл түс беретін жасуша? 4. Қанның түссіз жасушасы? 5. Қанның қызыл түсті пигменті? 6. Ағзаның ішкі ортасы? 7. Қан қандай ұлпа? 8. Қан жасушаларын ата? 9. Қанды ұйытушы жасушалар. 10. Оттекті тасымалдайды. 3. Сәйкестендіру тесті 1.Қан 1. Оттекті тасымалдайды 2.Эритроциттер 2. 15-16г 3.Лейкоциттер 3.Қанның қызыл түсті жасушалары 4.Тробоциттер 4. 4,5-5л 5.Гемоглобин 5.Организмнің ішкі айнасы 6.Ағзада кан мөлшері 6. Ақ түсті ядролы жасушалар 7. 100мл қандағы гемоглобин 7.Қанды ұйытқыш мөлшері. жасушалар. Есеп: Өз қанының мөлшерін анықта. Салмағы 57-62-74кг адамдардың ағзасында неше литр қан болатынын анықтау.( Қанның мөлшеріне дене салмағының 7 % сай келеді және қанның меншікті салмағы 1,06 г/см куб тең деп есептеу қажет) Мысалы: 62-----------100% Х-----------7% Х = 62х7/100 = 4, 34 х 1,06 =4,600л 4. “Сандық сұрақтар” 5. “Дискуссиялық өрнек” 6. Тест 1.Қан қандай ұлпа? А Дәнекер Ә. Бұлшықет Б. Жабын В.Жүйке. Г. Май 2. Қан дене пайызының неше пайызын құрайды? А. 10% Ә.7% Б. 15% В. 20% 3.Фибриноген нәруызы қайда кездеседі? А. Қанда Ә. Эритроцитте Б. Плазмада В. Тромбоцитте 4. Плазманың құрамында неше пайыз су болады? А. 80% Ә. 95-98% Б. 70-72% В.90-92% 5.Эритроциттер қайда түзіледі? А. Сүйек кемігінде Ә. Көк бауырда Б. Лимфада В. Бауырда 6. Қан ағзада қандай қызмет атқарады? А. Тыныс алу Ә. Қорғаныштық Б. Дене температурасы тұрақтылығын сақтау В. Қоректену 7. Қанның құрамына кірмейтін жасушалар А. лейкоциттер; Ә. нейрондар; Б.эритроциттер; В. тромбоциттер. 8. Эритроциттің қызметі: А Антиденелерді жасауға қатысады Ә. Оттегіні тасымалдайды Б. Қанның ұюына қатысады В. Қан түзу 9. Қан жасушаларын бөліп алғанда қалатындар: А Плазма Ә. Физиологиялық ерітінді Б. Сарысу В. Гемоглобин 10. Қан ауруын зерттейтін ғылым? А.Кардиология. Ә.Микология. Б. Гематология. В. Остеология
Үй тапсырмасы 1.Тақырып мазмұнымен жұмыс, сұрақтарға жауап беру, қосымша деректер жинау 2.Төмендегі тапсырмаларды орындауа)Қан қандай қандай қызмет атқарады. ә)Қанның құрамы. Жасушалары Бағалау Р/c Аты -жөні Үй тапсырмасы Жаңа сабаққа қатысы Кесте толтыру Тест тапсырмасы Бағалау 1 2 3
|
|