Тақырыбы: Адамның бейімделуі Сынып: 9 «А»
Мақсаты:
1. Білімділік: австралопитектер мен питекантроптардың тіршілік ерекшеліктерін зерделеу арқылы адамның бейімделуі туралы ұғымдарын қалыптастыру;
2.Дамытушылық: оқушылардың өздігінен іздену жұмыстарын жетілдіру, өз ойын еркін жеткізе алу, алған білімдерін жүйелеу дағдыларын дамыту;
3.Тәрбиелік: жұппен, топпен жұмыс арқылы оқушылардың өзара сыйластық, серіктестік икемдерін дамыту, әділдікке, ынтымақтастыққа баулу.
Сабақтың құрал-жабдықтары: интербелсенді тақта, стикерлер, А-3 қағаздары,
түрлі-түсті маркерлер,т.б
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру
Сабақта қолданылған технология: Сын тұрғысынан ойлау
Стратегиялар: «Білем, білдім, білгім келеді», «Венн диаграммасы», «Автор орындығы», «3 минуттық эссе»,
Сабақ барысы:
І. Қызығушылығын ояту
1) Сәлемдесу (2 мин)
Әркім өзінің есімінің алғашқы әрпін пайдаланып осы сабаққа тілек тілейді:
Сауле –С: Мен осы сабақта барлығыңа сәттілік тілеймін. Қуаныш – Қ: Сабақта бес алып, ата-анамызды қуантайық. т.б
2) Топқа бөлу: сүтқоректілердің және басқа кластардың суреттерін тарату. (адам – сүтқоректілер класына жататынын еске түсіріп, қолына сүтқоректілердің суреті түскен оқушылар бір топқа, басқалары- екінші топқа )
3) Үй жұмысын тексеру (2 мин)
Деңгейлік сұрақтарға жауап беру:
І нұсқа
1. «Табиғат жүйесі» еңбегінің авторы кім?
2. Антропогенезге анықтама бер.
3. Дриоптектер неліктен екі тармаққа бөлінді?
ІІ нұсқа
1. Адам мен адамтәрізді маймылдардың ортақ ата тегін ата.
2. Шимпанзе, орангутанг дриопитектердің қай тармағынан таралған?
3. Приматтар эволюциясы адам эволюциясынан ерте басталды ма, кеш пе?
4) Сызбанұсқа бойынша талдау.
249-бет, 73-сурет Жаңа тақырыпқа шығу:
Осымен адамның даму эволюциясы аяқталды ма?
-Әрине, жоқ. Ендеше бүгін адамның әрі қарай қалай дамығанын оқимыз:
54-параграф «Адамның бейімделуі»
(Сабақтың мақсатын оқушылар айтады)
ІІ. Мағынаны тану
1) Партадағы стикерлерге не білетіндерін жазып, тақтадағы «Білем» бағанына жабыстырады.
2) 1-топқа(жұпқа): Австралопитектер 2-топқа (жұпқа): Питекантроптар
Мәтінді оқып, постер жасау, қорғау (15 минут)
3) Интербелсенді тақтадан слайдтар көрсету: оқыған мәтіндері бойынша суреттен австралопитекті және мен питекантропты, дриопитекті табу.
Сергіту сәті. Қазақша әуен ойнайды. Оқушылар шеңбер жасап, мұғалімнің нұсқауымен алдымен -дриопитек, содан соң – австралопитек және питекантроптардың сарынымен қимыл-қозғалыстар жасайды.(1,5 мин)
3) «Венн диаграммасы» стратегиясымен питекантроптар мен австралопитектерді салыстыру.Қорғау (Ауыспалы жұпта жұмыс істеу)
4) Жаңадан алынғаг ақпарат туралы стикерге жазып, тақтадағы «Не білдім» бағанына ілу.
ІІІ. Ой-толғаныс
1) Жаңа тақырып бойынша «3 минуттық эссе» жазу.
2) « Автор орындығында» 1-2 оқушының шағын шығармасын оқу ұсынылады.
3) Тақтадағы «Білгім келеді» бағанын толтыру (стикерге жазып, ілу)
4) Бағалау (өзін бағалау, бір-бірін бағалау, мұғалім бағасы).
9 «А» сыныбында биология пәнінен «Адамның бейімделуі» тақырыбына өткізілген ашық сабаққа өзіндік талдау
9 «А» сыныбында барлығы 4 оқушы. Олардың биология пәнінен оқу үлгерімдері – 100%, білім сапасы – 75%. Нурахметова Р. биология пәнінен орташа деңгейде меңгереді, пәнге деген қызығушылығы да орташа. Дегенмен оқушылардың барлығы сабақта белсенділігі жоғары. Өз ойларын еркін жеткізе алады.
Сабақтың тақырыбы «Адамның бейімделуі», күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша алынған. Бұл тақырыпқа 2 сағат бөлінген, бүгінгі сабақ алғашқысы. Сабақтың білімділік мақсаты: австралопитектер мен питекантроптардың тіршілік ерекшеліктерін зерделеу арқылы адамның бейімделуі туралы ұғымдарын қалыптастыру болды.
Сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Білем, білдім, білгім келеді», «Венн диаграммасы», «Автор орындығы», «3 минуттық эссе», т.б.стратегиялары, жеке, жұппен жұмыс формалары: ауыспалы жұмыста жұмыс ітеу қолданылды. Оқушылар жаңа тақырыпты өздері ашты, мақсат қойды. Жаңа материалды өз бетімен меңгеруге тырысты. Постер жасап, қорғап, Венн диаграммасын жасау арқылы салыстырып талдады. Өз ойларын, білгендерін, білгісі келетіндерін тақтаға стикермен жазып отырды. «3 минуттық эсседе» сабақты қорытындылады. «Автор орындығында» өз шағын шығармаларын еркін оқып берді.
Сабақта сергіту сәті тақырып бойынша өткізуге тырыстым. Музыка әуенімен дриопитектер, австралопитектер, питекантроптардың қимылдарын келтіріп, денелерін сергітті.
Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар жасаған жұмыстарының нәтижесі, үй жұмысын орындауы бойынша әділ бағаларын алды.
Пән мұғалімі: Капкенова С.С.