Сабақ жоспары №54 11 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні:

Сынып: 11

Орта факторлары, оған бейімделу және тіршілік формалары.

Сабақтың білімділік мақсаты:

Оқушылардың экология ғылымының бағыттары, өзекті проблемалары,

экологиялық қағидалар және биосфера біртұтастығы жөнінде алған

білімдерін жинақтауға бейімдеу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:

Оқушыларды шығармашылықпен топтық жүйемен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:

Экологиялық тәрбие беру. Адамгершілікке, ұйымшылдыққа, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Қорытындылау, жүйелеу.

Сабақтың түрі: Тренинг

Сабақтың әдісі: Ой толғау, қорыту.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта слайдтары, коллекция, суреттер

Пәнаралық байланыс: География, әдебиет

Сабақтың жүрісі:

І Өткен сабақтар бойынша қайталау


Сергіту кезеңі

(Сұрақтар қою арқылы оқушыларды сабаққа жұмылдыру)


1.Экология қандай ғылым?


Тірі организмдердің өзара қарым-қатынасын және олардың сыртқы

орта жағдайларымен байланысын зерттейтін ғылым.


2.Экология ғылымының қандай салалары бар?


Биоэкология, аутэкология, популяциялық экология, синэкология,

адам экологиясы, әлеуметтік экология, геоэкология, ғаламдық экология, т.б.


3.В.И.Вернадскийдің ноосфера тұжырымдамасы:


«Болашақта адам баласы Жер бетіндегі барлық өзгерістердің

негізгі факторы болады»


4.Экологиялық сауаттылық дегенді қалай түсінесің?


Экологиялық білімді игере отырып, табиғат қорларын тиімді

пайдалануға жол ашу.


5.Экологиялық мониторингтің мақсаты неде?


Табиғаттағы өзгерістерді үнемі бақылап отыру және табиғат апаттарына

жол бермеу


6.Экожүйе деген не?


Жер шарындағы зат және энергия ағындары үздіксіз жүріп жататын

табиғи бірлестіктер мен тірі организмдер жиынтығынан тұратын табиғи жерлер


7.Тіршілік ортасының түрлерін атаңдар

І Жаңа материалды меңгерту

Тірі ағзалар тіршілік ететін орталарда оларға қандай факторлар әсер ететіні

жөнінде білу үшін, келесі тақырыппен танысамыз.

(Тақтадағы тақырып ашылады)

§ 40 Орта факторлары, оған бейімделу және тіршілік формалары

Жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында орындалатын жұмыстар:


2.Кесте толтыру

Экологиялық факторлар





Биосфера қандай қабат?

10- Қазақтар қандай жануарларды киелі деп есептеген?

20- Биосфераның шекарасын айтып бер

20- Қоршаған ортаны қорғау күні қашан?

30- Географиялық ландшафтыларды зерттеген орыс ғалымын ата

30- Биотикалық факторларға мысал келтір

40- Кене, қандала паразиттің қай түрі

40- Табиғат туралы қандай шығармаларды білесің?

50- Эфемер деген не? Мысал келтір.

50- Мутант деген не? Мутагендерге мысал келтір.


ІҮ Қорытынды

Адам баласының алдында шешетін үш мәселе бар.Олар:

-әлемде бейбітшілік орнату

-адамның рухани сана-сезімін дамыту

-табиғатты қорғау.


Экожүйе = табиғи бірлестік + табиғи орта жағдайы

(биогеоценоз) (биоценоз) (экотоп не биотоп)


Саралау-бағалау кезеңі


Оқушылардың фамилиясының тұсына сабақ барысында жинаған ұпай

сандары жазылады.


Ү Үйге тапсырма: § 40, 3,4-тапсырма