Сауат ашудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Тақырыбы: «У дыбысы және әрпі».
Дайындаған: мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Шалқарбаева Ғ.А.
Мақсаты:
Білімділік: Уудыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру. Сурет бойынша әңгіме құрастырып, сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.
Дамытушылық: Танымдық іс-әрекеттерін, шығармашылығын арттыру. Сабаққа деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту,зейін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Татулыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ұжымдық ойын сабағы
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар.
Сабақтың көрнекілігі: әріптер, дидактикалық ойынға қажетті суреттер.
Техникалық жабдықтар: интербелсенді тақта, компьютер,слайд.
Ұйымдастырылған іс-әрекетінің барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күліп шықты бүгін де күн!
[pic]
2.«Кім жылдам?» ойыны
. АТА АПА АНА АҒА
. АРА АЛА ТАЛ
3.Ой қозғау: жұмбақ шешу
Үлкен,үлкен түйені
Тастапты атам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп.(тау)
4.Жаңа тақырыпқа көшу.
Уу әрпі мен дыбысын таныту
[pic]
«Неге ұқсайды?» ойыны
Дыбыстық талдау жасау.
ТУ АРУ
5. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
6. Сергіту сәті.
. Жел соғады гу-гу
. Үстім болды су-су
. Жүзді бір топ аққу
. Көл бетінде зу-зу
[pic]
7. Сабақты қорытындылау:
-Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?
-У дыбысы қандай сөздерде кездеседі?
-Сендерге сабақ ұнады ма?
-Жұлдызшаларымызды санайық?