Алматы облысы
Балқаш ауданы
Ақдала ауылы
«Балауса» балалар бақшасы
«Үміт» ортаңғы топ тәрбиешісі
Тукубаева Салтанат Маликовна
Тақырыбы: Қай зат неден жасалады?
Заттардың адам үшін маңызы
. Түрлі материалдардан жасалған заттармен таныстыру;заттардың адам үшін маңызы туралы түсінік беру; . байқагыштыққа;зейінділікке тәрбиелеу;
. заттардың ерекшеліктерін ашып көрсету,олардың қолы жететін айналадағы шындық нысандарын бақылауға қызығушылықтарын арттыру.
Қажетті құрал-жабдықтар,көрнекіліктер
Әртүрлі заттардың (киім,ыдыс,жиhаз түрлері) суреттері,үш қуыршақ,жұмыс дәптері.
илингвалды компонент
Заттар – предметы,киім – одежда,ыдыс – посуда, жиhаз – мебель.
Іс әрекет кезендері
Тәрбиешінің іс – әрекеті
Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Балаларды шеңберге тұрғызып,бір-біріне жақсы тілектер айтқызады.
Шаттық шеңберіне тұрып,бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Ұйымдастыру - іздестіру
Жаңа тақырып
Тақтаға ілінген әртүрлі заттардың суреттеріне (киім,ыдыс,жиhаз түрлері ) назарларын аударады,сұрақ қояды.Балалардың сұраққа толық жауап берулерін, заттарды дұрыс атауларын қадағалайды.
«Қуыршақтарға сыйлаймыз»
Дидактикалық ойыны
Үстел үстіне үш құыршақты қояды. Қуыршақтарға ат қойғызады. Балалар,келіндер,құыршақтарға мына заттардың суреттерін сыйлайық. Қуыршақ Айсұлу тек қана матадан тігілген немесе тоқылған заттарды ғана,ал қуыршақ Сәуле тек қана шыныдан жасалған заттарды,қуыршақ Жанар ағаштан жасалған заттарды ұнатады екен.
Суреттерді сөйлей отырып,сыйлау керектігін түсіндіріп,өзі қуыршақтардың рөліне еніп, рақмет айтып тұрады.
Сергіту Сәті
Ал,балалар тұрайық,
Қолды белге қояйық,
Су ішінде қалықтап ,
Жүзіп – жүзіп алайық.
Дәптермен жұмыс
Жұмыс Дәптеріндегі тапсырмаларды түсіндіріп,дұрыс орындауларын қадағалайды.
Суреттерді тамашалайды,сұраққа жауап береді.
Қуыршақтарды қызықтайды,оларға ат қояды.
Ойын ережесін түсініп алады.
-Айсұлу,мен саған қолғап сыйлаймын,-деп,әр қуыршаққа тиісті суреттерді сыйлайды.
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды.
Іс-әрекет кезендері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Рефлексивті- түзетушілік
Қорыту
Сұрақтар қоя отырып,тақырыпты қорытады.
Жақсы қатысқан балаларды мадақтайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже: