МКҚК «Ақбота» балабақшасы» «10» қараша 2015ж.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы №11
Ересек «Гүлдер» тобы
Білім беру саласы: Таным
Бөлім: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Саяхат сабақ.
Мақсаты: 5 көлеміндегі сандық есептеуге үйрету.Сандарды тура және кері санау ,логикалық ойлау,түстерді ажырата білу,кеңістікті бағдарлау қабілеттерін жетілдіру. Балалармен үлкен-кіші, ұзын-қысқа,көп-аз ұғымдарын қайталау. Шамаларды,заттарды салыстыра білуге үйрету. Геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Балаларды тапқырлыққа ,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Билингвалдық компонент: үлкен-большое,кішкентай- маленький,көп-много,аз-мало,ұзын-длинный,қысқа-короткий.
Қызмет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Ынталандыру-оятушы кезең.
Тосын сый:
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық
Сәлеметсіз бе балалар!
-Балалар қараңдаршы бізге сабағымызға өте көп апайлар келді,қане бәріміз амандасайықшы
-Балалар қараңдаршы жерде нелер жатыр?
-Жапырақтардың көлемдері қандай?
-Қане орысша қалай атаймыз?
-Ал түстері ше?
-Ендеше балалар мына жерді тазартайық , анау тұрған ағаштың түбіне жапырақтарды жинап апарайық!
(жинап жүрген уақытында бір дыбыс естиді)
ЖЫН: балалар маған көмектесіңдер аууууу
-Балалар бұл дыбыс қай жерден естіліп тұр?
Балалар шеңберге тұрады, сөздерді қайталайды
бір -біріне қарап күледі.
Сәлеметсіз бе!
Сәлеметсіз бе!
Здраствуйте!
Hello!
-жапырақтар
- үлкен,кіші,орташа
ҮЛКЕН-БОЛЬШОЙ
ОРТАША-СРЕДНИЙ
КІШІКЕНТАЙ-МАЛЕНЬКИЙ
-жасыл,қызғылт сары,сары
Балалар қуана жапырақтарды ағаштардың түбіне апарып салады.
-Білмейміз
Ұйымдастырыл
ған-ізденушілік
Рефлексті түзету
(залда бір құман тұрады)
-Балалар мына не деген құман,өзі шаң екен сүртейінші.
(сүрткен кезде құманнан ЖЫН шыға келеді)
1-слайд
- Сәлеметсіңдер ме балалар!
- Сендер мені танисыңдар ма?
- Мен ЖЫНМЫН.
- Мен сендердің бір тілектерінді орындаймын!
Тәрбиеші:
-Мысалы мен аралдар барып демалғым келеді.
(сиқырлау музыкасы қосылады)
-Ой ЖЫН біз қайдамыз?
ЖЫН: сендер аралдасыңдар!
-Енді сендер балабақшаға жету үшін математикалық тапсырмаларды орындау керексіндер! Сендер әр аралға тоқтап тапсырма орындайсындар,солай балабақшаларына да жетесіңдер
Тәрбиеші:
-Ал біз немен жүреміз?
ЖЫН: қане көздеріңді қатты жұмыңдар?
(сиқыр музыкасы қосылады)
-Балалар қараңдар мынау деген кеме ғой !
-Ал ендеше кемеге келіңдер, аралдарға барып тапсырмалар орындайық.
2 –слайд
« Геометриялық пішіндер» аралы
-Қане балалар үстел басына келіңдер алдарында ақ парақ жатыр ,ал парақтың бетінде нелер жатыр?
- Жарайсыңдар ендеше жіптерді алдарына алыңдар ,ең алдымен көк жіпті парақтың астыңғы жағына ұзыннан орналастырамыз .
-Енді қызғылт түсті жіпті алып,көк жіптен сәл жоғарырақ ұзыннан орналастырамыз.
-Жарайсыңдар ал енді сары түсті жіпті алып ,қызғылт жіптен сәлдеу жоғарырақ ұзыннан орналастырамыз.
-Енді айтындаршы балалар қай жіп ең қысқа ?
- Ал қызғылт жіп сары жіптен ұзын ба ,қысқа ма?
-Ал көк түсті жіп ше ұзын ба,қысқа ма?
-Жарайсыңдар ал енді осы жіптерден геометриялық пішіндер жасаймыз.Сары түстен шеңбер жасаңдар,қызғылт түстен үшбұрыш жасаңдар,ал көк түстен төртбұрыш жасаңдар.
Сергіту сәті:
Балалар кемеге мініп,тағы да жолға шығады,екінші аралға кездеседі.
3- слайд
«Сандар» аралы
-Балалар мына үстел басына келіңіздер,мында нелерді көріп отырсыздар?
-Қане санайықшы
-Ал сендер тағы қай тілде санай аласыздар?
-Жарайсыңдар ал енді мына суреттерге қараңыздар,мен сендерге суреттер көрсетемін ал сендер маған санын көрсетіндер.
-Жарайсыңдар бұл тапсырманы орындадыңдар.Енді қай кемеге мінеміз.
4- слайд
«Салыстыру» аралы
-Мына суретке қараңыздар,балалар нелерді көріп отырмыз?
-Қане көбелектерді санайықшы,енді инеліктерді санайық.
-Енді айтындаршы не көп көбелектер ме әлде инеліктер ме?
(Ағаштар , шыршалар,шарлар,кәмпит)
5- слайд
«Логикалық сұрақтар» аралы
Тақтадағы суреттерге қараңыздар
1) Үй алдында 2 сұр мысық жүрді,оларға 1қоңыр мысық және 1 қызғылт сары мысық қосылды,үйдің жаңында барлығы қанша мысық жүр?
2) Көлде 3 үйрек жүзіп жүрді,1 үйрек сол жаққа қарай жүзіп кетті ,неше үйрек оң жаққа жүзіп кетті?
3) Барлығы 5 алма болды, оның 2 алмасы желінбеді,ал қалғандары желініп қойды.Қанша алма желініп қойды?
4)Сыртта 3 ұл бала және 2 қыз бала ойнап жүр.Барлығы неше бала ойнап жүр?
6- слайд
«Заттардың санын тап» аралы
-Балалар үстел басына келіңіздер.
Мында сендерге заттардың суреттері берілген ,ал сендер осы суреттердің санын тауып алып,сызық бойынша қосуларын керек.
-Ал енді балалар ЖЫНДЫ шақырайық,
(тәрбиеші құманды уқалайды,ЖЫН шыға келеді)
ЖЫН:
-Қане балалар сендер барлық тапсырмаларды орындадыңдар ма?
-Жарайсыңдар балабақшаға қайтқыларын келе ме?
-Көздеріңді жұмыңдар.
(сиқырлы музыка қосылады)
-Балалар қалай сендерге сабақ ұнады ма?
- Қандай тапсырмаларды орындадыңдар?
-Жарайсыңдар балалар сабаққа жақсы қатыстыңдар.Рахмет.Сау болыңыздар!
-Сәлеметсіз бе?
-Жоқ
Балалар көздерін қатты жұмады.
-түрлі –түсті жіптер
Балалар көк жіпті қолдарына алып парақтың астыңғы жағына қояды.
-сары
-ұзын
-ұзын
Балалар геометриялық пішіндер жасайды.
Балалар серігіп алады.
-сандарды
1,2,3,4,5
-орысша,ағылшынша
Көбелектер мен инеліктер.
3 көбелек және 2 инелік.
көбелектер
4
2
3
5
Балалар үстел басына келіп,қолдарына қарындаш алып,тапсырманы орындайды.
Иә
Иә қайтқымыз келеді.
Балалар көздерін жұмады.
Иә
Балалар не орындағандарын айтты.
Күтілетін нәтиже:
Қабылдайды:салыстыру тәсілдерін.
Түсінеді:сөздерді пайдала білу.
Қолдана алады:екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба
білу.
Тәрбиеші : Байтенова Г.Т