Педагогикалық кеңес
Тақырыбы: «Мектепке дейiнгi ұйымдарда тәрбиешілердің кәсіби құзіреттілігін жетілдірудің басым бағыттары»
«Кәсіп таңдау - тек қана болашаққа үңілу емес,
ол өзіңнің ішкі жан-дүниеңе үңілу...»
Мақсаты: педагогтардың қабілетін, қызығушылығын, ынта-жігерін, қарым-қатынастарын жақсарту; өзара қарым-қатынас қабілеттерін дамыту; кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету; кәсіби сана шеңберін кеңейту, кәсіби іс-әрекеті барысында пайда болатын қиындықтарды шешу дағдыларын дамыту.
Жоспары:
Қуаныш шеңбері «Жағымды сөздер».
Ергасенова Г.Ж. – педагог-психолог
Кіріспе сөз. «Мектепке дейiнгi ұйымдарда тәрбиешілердің кәсіби
құзіреттілігін жетілдірудің басым бағыттары».
Кошанова А.Д. - әдіскер
«Тәрбиеші және оның іс әрекеті. Тәрбиеші – ол кім?»
Керимканова Л.Т. – тәрбиеші
Практикалық бөлім.
Кошанова А.Д. - әдіскер
«Автопортрет» көрмесі.
«Сіздің ойыңыз қайда бағытталған?» суретті тест.
«Құпия дос» ойыны.
«Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.
«Оның есесіне мен...» жаттығуы.
«Ең-ең...» ойыны.
Қорытынды рефлексия.
Ергасенова Г.Ж. – педагог - психолог
Барысы:
1. Қуаныш шеңбері «Жағымды сөздер».
Мақсаты: педагогтардың өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған өзінің жағымды сөзін айтады, ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа, бір сөзден тұрса болады.
2. Кіріспе сөз. «Мектепке дейiнгi ұйымдарда тәрбиешілердің кәсіби құзіреттілігін жетілдірудің басым бағыттары».
ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» мемлекеттік бағадарламасында, мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытудың төмендегідей негізгі бағыттары белгіленген:
білім беру мазмұнын түбегейлі өзгерту;
мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру;
3 тілді оқыту негізінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында көптілділікті дамыту;
Отандық және шетелдік әдістемелер мен технологияларды зерделеу негізінде білім беру үдерісін технологиялармен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында педагог кадрлардың білімін жетілдіру мәселесіне баса назар аудару қажеттігін айтты. Бүгінгі білім беру жүйесіндегі өзгерістер біліктілікті арттыру мен педагог кәсіби шеберлігін арттыруды, яғни кәсіби құзыреттілігін дамыту қажеттілігін туғызды.
Білім берудің негізгі мақсаты - мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның өзекті және перспективалы қажеттіліктеріне сәйкестік, өз еліміздің жан-жақты дамыған, қоғамға әлеуметтік бейімделуге, еңбек әрекетіне, өзін–өзі жетілдіруге, білім алуға қабілетті жеке тұлға әзірлеу. Еркін ойлай білетін, өз іс-әрекетінің нәтижесін болжай алатын, білім беру үдерісін моделдейтін педагог қойылған мақсатқа жетудің кепілі болып табылады.
Қазіргі кезде шетел әдебиеттерінде бар кәсіби құзыреттілік анықтамалары, яғни «терең білім», «тапсырманы адекватты орындау күйі», «қызметті актуальды орындау қабілеттері» және басқалары бұл ұғымның мазмұнын толық нақты түсіндіре алмайды. Және де отандық ғалымдармен кәсіби құзыреттілік мәселесі белсенді зерттелуде. Көп жағдайда бұл ұғым біліктіліктің жоғары деңгейін және кәсібилікті айқындау үшін ішкі оймен пайдаланылады.
Педагогикада қолданысқа енген құзыреттілік – латын тілінен аударғанда «compete» - лайықты, сәйкес, «competens» - қабілетті, білікті, өз ісін жетік білу дегенді білдіреді. Орыс тілінің «Түсіндірме» сөздігінде: «Құзыреттілік - адам жақсы хабардар мәселе; әр нәрсеге өкілетті, құқылу болу»,- деп анықталған.
Құзыреттілік ұғымын С.Е.Шишов: «Тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білім, білік, дағдысы мен іс-әрекетінің өзара байланысқан жиынтығы»,- деп түсіндірсе, Н.В.Кузнецова «Құзыреттілік дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен беделі»- деп тұжырымдаған.
Құзыреттіліктің негізгі белгілері:
тұлғааралық және еңбектегі байланыс мәдениеті;
қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі;
қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы;
практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті;
нақты жағдайларға байланысты қандай да әдістерді пайдалану біліктілігі;
тиімді шешім қабылдау қабілеті.
Кәсіби құзыретті педагог деп педагогикалық іс-әрекет пен педагогикалық қарым-қатынасты жоғары деңгейде жүзеге асырып, балаларды оқыту мен тәрбиелеуде тұрақты жоғары нәтижеге көрсетіп жүрген педагогтарды айтады.
Кәсіби құзыреттілікті дамыту - жеке шығармашылықты дамыту, педагогикалық инновацияларды қабылдауды, өзгеріп жатқан педагогикалық ортаға бейімделу қабілетін қалыптастыру. Педагогтардың кәсіби деңгейіне қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуы тікелей байланысты. Сондықтан бүгінде қарқынды өзгеріп жатқан қоғамға сай тұлға тәрбиелейтін білікті, шығармашыл ойлайтын, бәсекеге қабілетті педагог тұлғасына сұраныс өсті.
Осы талаптардың негізінде педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерінің дамытудың негізгі жолдарын анықтауға болады:
1. шығармашылық топтар мен әдістемелік бірлестіктерде жұмыс;
2. зерттеу, эксперименттік іс-әрекет;
3. инновациялық іс-әрекет, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру;
4. педагогикалық қолдаудың әртүрлі формалары;
5.педагогикалық байқауларға, шебер-кластарға, форумға, желілік қауымдастықтарға, фестивалдарға, конференцияларға белсенді қатысу;
6. жеке педагогикалық тәжірибесін жинақтау, тарату;
7. ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану.
Бүгінде педагогтың кәсіби құзыреттілігін бағалаудың көптеген классификациясы бар. З.М.Цветкова төмендегідей моделді ұсынады:
1. Педагог өзін түсінбейтінін көре бастайды.
2. Педагог нені түсінбейтінін көреді.
3. Педагог оны неге түсінбейтінін түсінеді.
4. Педагог не істеу керектігін біледі, оны түсінетіндей әрекет жасайды.
5. Қысқа уақыт ішінде түсінуге қол жеткізеді.
6. Аз уақытта түсінуге қол жеткізе отырып, балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытады.
Кәсіби құзыреттіліктің бір маңызды құрамдас бөлігі ретінде өз бетімен жаңа білім, білікті игеру және де оны тәжірибелік қызметте пайдалану қабілетін атайды. Кәсіби құзыреттіліктің келтірілген түрлерін педагогтың кәсібилігін бағалау міндеттеріне пайдалануға болады деп есептейміз.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – бұл өзіне педагогтың теориялық білім жүйесін және нақты педагогикалық жағдаяттарда оны қолдану әдістерін, педагогтың құндылық бағдарын, және де оның мәдениетінің аралас көрсеткіштерін (сөйлеу, қарым-қатынас стилі, өзіне және өз қызметіне, аралас білім салаларына және т.б. қарым-қатынасын) енгізген көп факторлы құбылыс.
Қорыта келе, жоғарыда келтірілген кәсіби құзыреттіліктер құрылымдық компоненттерін жоғары деңгейде қалыптасуы үшін білім беру ортасы және қызмет мазмұны мен бағыты оның дамуын қамтамасыз ету керек, сонымен бірге әр педагог өз әрекеті мен кәсіби жетілуін саралап, бағалау керек.
3. «Тәрбиеші және оның іс әрекеті. Тәрбиеші – ол кім?»
Тәрбиеші – тәрбие жұмысын ұйымдастыру, реттеу, жетекшілік жасау және өткізумен айналысатын педагог.
Тәрбиешінің негізгі міндеттері:
Тәрбиелеуші және дамытушы іс-әрекеттерді ұйымдастыру.
Балалар ұжымын ұйымдастыру және дамыту.
Әр баланың жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу.
Әр баланың бейімділігі, қызығушылығы және қабілетінің дамуы үшін жағдай жасау.
Тәрбиешінің негізгі қызметтері:
Тәрбиешінің кәсіби сапалары:
Еңбексүйгіштік.
Жұмысқа қабілеттілік.
Тәртіптілік.
Жауапкершілік.
Тұрақтылық.
Мақсат қоя білу және оған жету жолдарын таңдай білу іскерлігі.
Өзінің кәсіби деңгейін жүйелі жетілдіру.
Өз еңбегінің сапасын жақсартуға үнемі талпыну.
Психологиялық даярлығының болуы.
Кең мәдени ой-өрісінің болуы.
Педагогикалық шеберлігі.
Педагогикалқ тактісі.
Педагогикалыө техникасы.
Тәрбиешінің адамгершілік сапалары:
Адамгершілігі.
Қайырымдылығы.
Шыдамдылығы.
Адалдығы.
Кеңпейілділігі.
Басқаны сыйлай білуі.
Ұстамдылығы.
Мәдениеттілігі.
Тәрбиешінің білім жүйесінің мазмұны:
Жеке тұлғаның және балалар ұжымының даму ерекшеліктері туралы білімі;
Психологиялық-педагогикалық білімі;
Жалпы білім (адам өмірінің әр қырынан білімі)
Тәрбиешінің іскерлігі мен дағдылары:
Диагностикалық.
Болжаушылық.
Тәжірибелік.
Бағалаушылық.
Қабілетінің қасиеті:
Дидактикалық қабілеті – балаларға оқу материалын түсінікті етіп жеткізуі, білім дәрежесін, іскерлігі мен дағдысын дұрыс анықтай білу, танымдық қызығушылығы мен белсенділігін дамыту.
Перцептивті қабілеті - баланың ішкі дүниесін тани білуі.
Ұйымдастырушылық қабілеті – балалар ұжымына дұрыс басшылық жасап, оны ұйымдастыра білу.
Коммуникативті қабілеті – балалармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу.
Конструктивті қабілеті – оқу және тәрбие міндеттерін шешудің ең үйлесімді жолдарын іздестіру.
Практикалық бөлім.
«Автопортрет» көрмесі.
«Сіздің ойыңыз қайда бағытталған?» суретті тест.
Суретті тесттер - өзіңді білу мүмкіндігі ғана емес, қандайда бір жаңалық, уақытты қызықты өткізу, жақсы демалудың бір түрі, теріс күйзелістен арылудың жолы болып табылады. Сіздің алдыңызда тіктөртбұрыш, ортасы дөңгелекше диагоналдармен бөлінген. Тапсырма: сіз құстың суретін салуыңыз керек. Оны қай жерге салатыныңызды өзіңіз қалайсыз.
Кілті:
1. Егер сіз құсты ортасындағы шеңбердің ішіне салсаңыз: онда сіздің ойларыңыз өзіңізге және өзіңіздің армандарыңыз бен қажеттілігіңізге бағытталған. Сізге керегі өзіңізді қуантатын және пайдасы тиетін істер. Өзгелердің ісімен керегі сізді қызықтырмайды.
2. Егер сіз құсты сол жақтағы (1-4) секторға салсаңыз, онда сіздің жауапкершілігіңіз және тәрбиелігіңіз жоғары екенін, жақын адамдарыңыз үшін жанып-күйетініңізді, достарыңызды жолда қалдырмайтыныңызды көрсетеді. Сіз ескеретін жағдай: өзіңіздің болашағыңызды ойламайсыз, өткен өміріңізге кісенделіп қалғансыз.
3. Егер сіз құсты жоғары секторға салсаңыз (1-2), онда сіздің ойларыңыз биікке және ұзаққа, түрлі-түсті армандарға бағытталған. Сізді жердегі істер қызықтырмайды, сізді барлық аспан әлемі қызықтырады.
4. Егер сіз құсты оң жақтағы секторға салсаңыз (2-3), сіз өз болашағыңызды ойлайсыз және қолдан келгеннің бәрін жасайсыз.
5. Егер сіз құсты төменгі секторға салсаңыз (3-4), онда сіздің барлық ойларыңыз шынайы, жердегі іс-әрекеттерге бағытталған. Сізді қолмен ұстап, дәмін татып, түс–түрін ашып көрмеген заттар қызықтырмайды. Сіз жерде нық тұрсыз.
6. Егер, сіз құсты шеңбер жасай отырып денесін осы барлық сектордың ішіне салсаңыз, онда сіз ертеңгі күніңізді ойлайсыз, өткеніңізді де ұмытпайсыз.
«Құпия дос» ойыны.
Әрбір қатысушыға 5 бланкілі ашық хат (открытка) ұсынылады. Әрбір қатысушы 5 ойыншыға мінездеме жазулары керек. Ашық хатты әдемілеп безендіреді. Хат кімге арналғандығын жазады. Кімнен екені жазылмайды, құпия болып қалады. Ашық хат пошта жәшігіне салынады. Пошташы жәшікті ашып, хатты хат иелеріне тапсырады.
«Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.
Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз ... қайырымды адамсыз». Әр қатысушы допты алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек.
«Оның есесіне мен...» жаттығуы.
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
-Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ..... .
-Мен шаршадым, оның есесіне ...... .
-Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... .
-Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... .
-Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... .
-Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ... .
-Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... .
-Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... .
-Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... .
-Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... .
-Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... .
-Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... .
-Мен тым толықпын, оның есесіне.... .
-Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... .
-Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... .
-Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ..... .
«Ең-ең...» (ойын)
Әр топқа парақшалар таратылады. Ол парақшаларда келесі жазулар болады :
ең жақсы мамандық;
ең ақшалы мамандық;
ең таза мамандық;
ең көңілді мамандық;
ең тәтті мамандық;
ең жауапты.
2-3 минуттың ішінде топтың ішінде ақылдасып, мамандықтардың тізімін құру керек және де топтың мүшесі тізімдерімен таныстырып шығады.
Тест: "Суреттен нені байқадыңыз?"
Жоғарыдағы суретке қарағанда ең бірінші қандай бейнені байқадыңыз?
Адамың басы – сіздің есте сақтау қабілетіңіз өте жақсы. Бұл өмірде өзіңізге қажетті мәліметтердің барлығын есте сақтай аласыз. Жақсы мен жаман адамдарды тез ажыратып, сізге деген көзқарасының қандай екендігін бірден анықтау қабілетіңіз бар.
Үй – үй шаруасын, тыныштықты, жылы қарым-қатынасты, махаббат пен мейірімділікті, ас дайындауды жақсы көретін сезімтал жансыз. Үйіңізге қонақ шақырып, дастарханды түрліше етіп безендіргенді жақсы көресіз. Достарыңызбен жиналғанда әңгіме-дүкен құруда алдыңызға жан салмайсыз.
Суретші – сіз шығармашылықтың адамысыз, ойыңызға келген қиялдарыңыздың барлығын жандандыра аласыз. Сіздің ең басты құралыңыз – ұшқыр қиялыңыз. Оның әрдайым дамуына жағдай жасап отырыңыз.
Тас – бірқалыпты өмір сүруді жақсы көретін, жаныңызға жақын адамдарға барынша адал жансыз. Өмірдің ағысымен асықпай жылжудасыз. Кейде елеулі өзгерістер де болып тұрады. Өміріңізді жаңа жылдық от шашумен салыстыруға болады. Тыныштық, артынша жойқын жарылыс.
Ағаштар – сіз әрдайым өсу үстіндесіз. Ақылыңыз, күш-қайратыңыз, шығармашылық белсенділігіңіз күннен-күнге толысуда. Бір орында тұрмай, дамылсыз жылжу үстіндесіз. Бұл қасиетіңізге қызғанышпен қарайтын адамдар жетерлік.
5. Қорытынды рефлексия «Мейірімділік алаңы» (жаттығу)
Қатысушыларға түрлі түсті қағаздардан қиылған күннің шуақтары, гүлдер, жасыл шөптер таратылады. Гүлдерге – балаларға, жасыл шөптерге – ата-аналарға, күннің шауқтарына - ұстаздерға арналған кәсіби бағалар таңдауда ұсыныстар жазылады және де ақ ватманға бекітіледі.
Педагогикалық кеңестің шешімі:
28.11.2014ж.
Балабақша педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында жүйелі әдістемелік жұмыс жүргізілсін.
Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін бағалаудағы әдістемелік, жүйелік, жариялылықты сақтауды қамтамасыз ету.
Педагогтердің жеке шығармашылығын дамыту, педагогикалық инновацияларды қабылдауды, өзгеріп жатқан педагогикалық ортаға бейімделу қабілетін қалыптастыру.
Темперамент анықтау тест.
Сенің жақсы көретін ансамбілің немесе тобың МұзАрт т.б. концерт қойып келді. Сен зорға дегенде билет алдың. Концерт көруге келдің. Сәл кешігіп қалдың. Концерт басталып кетті. Есік жабық. Клубтың іші лыққа толы. Әйнек есіктен іші көрініп тұр. Сығылысқан адам, Контролер есіктің ішін іліп алып тұр. Сен не істер едің?.
А) Бар күшіммен есікті ұрып, «Аш» деп айқайлап, есікті теуіп, билетті көрсетіп айқай шу ша\ығарамын. (ХОЛЕРИК)
Б) Қайтсем де, есікті аштырып алу жолдарын іздестіремін. Контролерға жабық тұрған есіктен жылы-жылы сөздер айтып, т.с.с (САНГВИНИК)
В) Іштей өзімнен-өзім қатты ашуланып «Мен сондай жолы болмайтын бір құрған адаммын, құдай-ай» т.с.с Өзімді-өзім кінәләп кетіп қаламын.(МЕЛАНХОЛИК)
Г) Жарайды, бұл жолы болмаса келесі жолы деп кетіп қаламын.(ФЛЕГМАТИК)
Қай ағашты таңдайсыз? (психологиялық тест)
Төменге түспей жатып мына ағаштардың бірін таңдап алыңыз. Әрине, қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік нөміріне қараңыз.
[pic]
Ағашты таңдап болсаңыз, өзіңіз жайлы мына психологиялық тестпен танысыңыз. Сіз қандай екенсіз?
1. Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңдің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін… содан кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.
2. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды.
3. Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін.
4. Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті сізбен салыстыруға тұрарлық жан да… Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді.
5. Сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. “Бәрін өзім жасаймын” деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз – олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз.
6. Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз.
7. Бақытты және өзін-өзі еркін билейтін жансыз. Сіз адамдарды айтқызбай-ақ ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын салуы керек деп түсінесіз. Сіз кез келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз.
8. Әдемі және қайратты жансыз. Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың қатарынансыз. Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайында өрбіп жатса, үнемі “Қолдаймын” деп қол көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан да, таңдандырудан да жалықпайсыз. Бәрін біліп алғыңыз келіп тұрады. Егер сізге бір нәрсе қызық болса, соның жай-жапсарын анықтағанша байыз таппайсыз.
9. Жолы болғыш адамсыз. Сіз үшін өмір – сыйлық. Сол сыйлықты сәтті пайдалану керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен жетістікпен марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге әзір тұрасыз. Кешіре де, кешірім сұрай да аласыз.