Әдістемелік құрал Модульдік оқыту

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...











[link]

[pic] [pic] [pic]

[pic] [pic]


[pic]


[pic] [pic]


[pic]



[pic]

[pic] [pic]


Тірек сурет арқалы өлең жаттау, мақал-мәтел, жаңылтпаш жаттауға болады. Балалардың байланыстырып сөйлеуді дамыту үрдісін жеңілдету үшін, көрнекі құралдардың маңызы зор. Яғни, тірек-сызбаны пайдалануда үлкен нәтижеге жеттік. Себебі, әңгімелеуде тіл қалыптасады, сөйлеу мәнерлігі қалыптасады, сөйлемді құрастыру тереңдетіледі.

Сонымен қатар, тірек-сызбаларына сүйеніп көптеген түрін, әртүрлі тақырыпта жасауға болады. Тірек-сызба арқылы әңгіменің, тақпақтың , ертегінің мазмұның түгелдей түсініп есте сақтауына, кейіпкерлерді сақтап, баяндап әңгімелеуге септігін тигізеді. Тірек-сызба тек ертегіні әңгімелеуде ғана емес, сонымен қатар ойыншықтың, ыдыс-аяқтың, құстардың айырмашылығын, пішінің, неден жасалғанын айтып баяндап беру үшін де тірек-сызбаның көмегі өте нәтижелі екенің байқауға болады. Мұндай тірек-сызбалар ересек, даярлық топтарында, қолдану тиімді болады. Мысал ретінде алдарыңызда жатқан тіректерге сөйлем құрастырыңыздар: «Жемістерді ажырат», «Ойыншықтарды сипатта».

1. Жемістерді ажырат.




[pic]

[pic]

Көлемі

Түсі

Пішіні

Иісі

Дәмі

[pic] [pic] [pic] [pic]




2. Ойыншықтарды сипатта.







[pic] [pic]








[pic]

[pic]


3. Жануарды сипатта.


Қ

[pic]



[pic]

[pic]


4. Жануарды сипатта.


А

[pic]



[pic]

[pic]



Тірек сызбалар қолдану барысында балалардың байланыстыра сөйлеуі жеңілденеді.. Бұл сызба арқылы, бала қарап отырып затты зерттейді, сол зат туралы баяндап береді. Жүйе бойынша әңгімелейді.




Ал, сенсорлық – графикалық сұлбасы заттың белгілерін сенсорлық каналдар (көру, есту, сезу мүшелері) арқылы анықтайды. Бұл графикалық сұлба 6 карточка :


  1. көз – қарау

  2. қол – сипап сезу

  3. ауыз – дәмін ажырату, әңгімелеу

  4. мұрын – иіскеу

  5. ? (сұрақ белгісі) – қай топқа жатады

  6. жүрек - өз көңілінді білдіру.




















[pic]








[pic]




[pic]


[pic]



[pic]

[pic]

[pic]


[pic]


[pic]



[pic]



Осындай графикалық сұлба арқылы әңгімелегенде балалардың сөздік қоры кеңейіп, заттың түр-түсін, көлемін, сапасын, қасиетін білдіретін сөздерді үйренуге бағыт береді.


Тақырыбы: «Алма»

  1. Алманы көзбен көріп, оның қызыл, үлкен екенін анықтадық.

  2. Қолмен ұстап, оның тегіс және қатты екенін анықтадық.

  3. Дәмін алып, оның қышқыл немесе тәтті екенін анқытадық.

  4. Алманы иіскедік: хош, жұпар иісті екенін анықтадық.

  5. ? – қайда өседі? Оның ағашта өсетінін анықтау.

Мұндай сұлбаны мектепалды топтарында қолданса, келесі сұлбаны естияр топтарында қолдану тиімді.












[pic]






Түсі





Көлемі




Пішіні



[pic] [pic]




Дәмі

[pic] [pic]




Қайда өседі




























Пиктограмма – бұл арнайы белгі бейнеленген карточка. Карточкаға қарап отырған бала ертегіні, заттарды әңгімелеп, баяндап береді. «Оқыған кезде жаза, суретін сала, кестесін сыза отыру» - бұл есте сақтаудың ережесінің бірі екені барлығымызға мәлім.

Мысалы: жануарларды зерттеуде пиктограмманың қолдануы


  1. Бұл не?

  2. Құрылысы

  3. Терісі

  4. Түсі

  5. Көлемі

  6. Немен қоректенеді

  7. Қалай дәм алады

  8. Қимылы

  9. Менің оған деген сүйіспеншілігім (қарым-қатынасым).




















Пиктограмманы ересек, даярлық топтарында қолдану ыңғайлы болады. Мысалы: 1 жануарды (қоян) зерттеу.



Бала ерте жасынан әңгіме, ертегімен таныса бастайды. Бірақ, ол өз ертегісін ойдан шығаруға, автордың ойын түсінуге, байланыстырып әңгіме құрастыруға, мазмұнына сәйкес сұраққа жауап бере алмайды. Сондықтан да, балалармен ПРОПП карта жұмыстарын жүргізген жөн.



5-7 жасар бала ПРОПП карта арқылы мазмұнды анализдеу, сараптама жасау әрекетін дамытуға болады. Ол үшін алдын-ала балалармен «ПРОПП карталармен танысайық», Жалпы ПРОПП картаның 31 түрі бар. Бірақ олардың барлығы ертегілерде кездесе бермейді.Ал6 балабақша жұмысына арнап іріктеп, 20 түрін қалдырды. Олар:

  1. Ұйғарым немесе тыйым салу

  2. Айып немесе бұзу

  3. Зиян келтіру және жетіспеушілік.

  4. Кейіпкердің кетуі.

  5. Қиын мәселе

  6. Сыйлаушымен кездесу

  7. Сыйқырлы сый

  8. Кейіпкердің пайда болуы

  9. Антагонистің ең жоғарғы құрамы

  10. Күрес

  11. Жеңіс

  12. Оралу

  13. Үйге келу

  14. Жалған кейіпкер

  15. Сынау

  16. Қайғымен жетіспеушілік жойылды.

  17. Кейіпкердің танымал болуы

  18. Той.

  19. Жалған кейіпкердің әшкерленуі

  20. Жауға тыйым салынады.


[pic] [pic] [pic]

Қорыта айтқанда, осы модульді оқыту технологиясы баланың есте сақтау, зейін, ойлау, елестету, қабылдау, танымдық шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру, сыйласу, өзара қарым-қатынас орнату, қиындықтарға дайын болу, оны жеңу танымдық процестерді дамытады. Сондықтан біз сіздерге «Модульдік оқыту технологиясын» өз іс-әрекеттеріңізде қолдануды ұсынамыз. Егер тәрбиеші – ұстаз тіл дамыту т.б. іс-әрекеттерінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, балаларды қызықтыра алып, жүзеге асырса, нұр үстіне нұр болар еді.

Сөз соңында бүгінгі күн талабына сай нақты, терең білім беруде жаңа технологиялар бірден-бір ұстаз сүйенер тұтқа дегім келеді.