Балабақшадағы спорттық ойын Біз бәріміз біргеміз

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Біз бәріміз біргеміз» толағай отбасылар сайысы
«Әйгерім» бөбектер бақшасында Денсаулық күніне арналған «Біз бәріміз біргеміз» сайысы өткізгелі отырмыз. Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:
Бүгінгі 5-қыркүйек Денсаулық күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, мереке қарсаңында ұйымдастырылып отырған
«Біз бәріміз біргеміз» сайысына хош келдіңіздер! Денемізді қыздыру үшін барлықтарыңызды биге шақырамыз.
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да!
Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық жолдауында біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Біз бәріміз біргеміз» спорттық сайысты ұйымдастырып отырмыз. Сайысымызға 3 топ: Қыран тобы, Сұңқар тобы, Бірлік тобы, қатысқалы отыр
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Топтарымызды шақырамыз.
( Музыка ойнап тұрады, сайысқа қатысушы командаларды шақырамыз) 1. Қыран тобы 2. Сұңқар тобы 3. Бірлік тобы
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
Әділ қазылармен таныс болыңыздар:
1. Балабақша меңгерушісі - Солтанова Алмагүл Темешқызы
2. Әкім бас маман – Гросс Жұлдыз Кадыловна
3. ФАП меңгерушісі – Беккожина Нүргүл Женисовна
Әр сайыс кезеңі «5», «4», «3», ұпайлармен бағаланады.
Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды салтанатты түрде бастаймыз.

  1. үй тапсырмасы
    шарты: (топтың аты, ұраны, мүшелерін таныстыру 3 - 5 минут, өздері таңдаған музыкаға таңертеңгілік жаттығуды көрсету;
    2 тур. Кім жүйрік?
    Шарты: Кедергілерден өтіп, қаппен жүгіру, аяғына қапты киіп, ойын залының арғы шетіне жетіп сол күйінде қайта жүгіріп келу.
    Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!
    3 тур « мергендер» сайысы
    Шарты: Кедергілерден доппен өтіп барып,«Шарды жару»,
    Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!
    Шынықсаң шымыр боласың,
    Сауығып айдай толасың.
    Спортты серік ете біл,
    Жақсы азамат боласың.
    4 тур «Картоп егіп кел де, жинап ал»
    Шарты: Ойыншылардың алдында 5 кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада 5 картоп болады. белгі бойынша топбасшылар картопты шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 - ойыншыға береді. Ол картопты жинайды, Ойын осылай жалғасады. Топ басшы дорбаны соңғы ойыншыдан алып, әділқазыларға береді де, ойын аяқталады.
    5 тур «Кенгуру» Ойынымызды жалғастырамыз, келесі турымыз үлкен доптың үстіне отырып секіру арқылы жетіп қайта оралу.
    Әділ - қазылар алқасы, бағаларыңыз!
    6 тур «капитандар сайысы»
    ( топ басшыларын шақырып алып отырып - тұрып, тез - тез таблица айтқызу)
    Жеңімпазды анықтау
    Жеңімпаз болу шарты сол -
    Еңбектену, жалықпау
    Біреу озса сайыста,
    Біреу артта қалады
    Жеңілгендер ренжімей
    Тараса бізге жарады
    Әділ - қазы алқасы сіздерге сөз беріледі!
    Осы сайыста ең ұнаған бір турды атап өтсеңіз!
    Марапаттау рәсімі! Біз қазақпыз,
    Ел үшін атқа мінген.
    Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
    Бой тұмар ғып ар - ождан қазынасын,
    Отбасылар ел қамын сақтап жүрген - дей келе бүгінгі алтын уақыттарыңызды қиып, «Біз біргеміз бәріміз» атты сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір қатысушыларға, алғысымды білдіреміз!
    Жақсылықта, амандықта жүздескенше сау саламатта болыңыздар!





МҚКК «Әйгерім» бөбектер бақшасы













«Біз бәріміз біргеміз»

Көңілді спорттық сайыс























2016жыл