Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
Тақырыбы: Жабайы жануарлар
Мақсаты: Әрбір аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту. Жабайы аңдарға байланысты көрнекіліктер пайдалана отырып, балалардың ой-өрісін дамыту. Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, аңдардың түрлеріне көңіл аудартып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жабайы аңдардың суреттері, ойыншықтары. Жабаы жануарлардың маскалары
Әдіс-тәсіл: Топтастыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап ойындар, айтыс, құрастыру.
Педагогтің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Армысың шапағатты Күн-Ана!
Армысың шапағатты Аспан-Ана!
Армысың мейірімді Жер-Ана!
Құт дарыт, бар әлемді жарылқа.
-Жарайсыңдар балалар, бізге көптеген қонақтар келіп отыр, қане амандасып алайық.
Балалар амандасады. Шаттық шеңберіне тұрып , өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Сәлемесіздер ме, апайлар!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар
-Балалар бүгін бізде ерекше оқу іс-әрекет. Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді ойыннан бастаймыз. Ойын: «Сөйлемді жалғастыр» деп аталады. Ойынның шарты: мен сөйлемді бастаймын сендер жалғастырасыңдар.
Ең айлакер аң...
Ең қорқақ ...
Балды жақсы көретін...
Аң патшасы...
Қораға шабатын аң...
Ең ірі жануар...
Үстінде тікенегі бар...
-түлкі
-қоян
-аю
-арыстан
-қасқыр
-піл
-кірпі
- мысыққа ұқсайтын аң..
-Жарайсыңдар балалар. Бұл жануарларды балалар біз Бұл жануарларды балалар біз «Жабайы жануарлар» деп атаймыз. Жабайы аңдар елсіз далада болады. өз азығын өзі тауып жиді. Ол күннің суығында да, ыстығында да далда жүріп өмір сүреді. Табиғатта жабайы аңдардың түрі көп. Олардың ішінде пайдалысы да, зияндысы да бар.
- Қасқыр мен түлкі, жолбарыс пен арыстан жыртқыш аңдар. Тістері өткір, көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал.Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан ақ иісінен сезеді. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Олар қыста ұйықтамайды.
-Ал аюға келетін болсақ аюдың екі түрі бар. Ақ аю, қоңыр аю. Ақ аю- суда мекендейді. Суға сүңгіп балықтарды ұстап жейді. Ал қоңыр аю, тоғайда, орманда мекендейді. Жеміс-жидектерді теріп жейді.
-Қоян- ең қорқақ аң. Қоян ағаштардың қуысында қыстайды. Қорегі түрлі шөптер, ағаш қабықтары. Ол жылы тонының арқасында суыққа тоңбайды.Қане, балалар орнымыздан тұрып, бір серпіліп алайық.
Сергіту сәті:
Орманға біз барайық, Жан-жаққа біз қарайық.
Аю шықты қорбаңдап,
Қасқыр шықты ыррылдап, Түлкі шықты майысып, Қоян шықты секіріп.
Қорықпаңдар балалар,
Жан-жағыңа қарап ал
-жолбарыс
Балалар мұқият тыңдайды.
-Ендеше сабағымызды одан әрі жалғастырайық, балалар, өткен сабақтарымызда жабайы аңдардың айтысы туралы тақпақ жаттап едік, соны біз рөлге бөлір ойнап көрейік.
Жүргізуші:
Кәрі еменннің түбіне
Бір-біріне үңіле
Айтысуға жиналды
Жан-жануар біріге.
Қасқырбай сөйтіп, аттанды Өз деміне апталды
Қорқып тұрған қоянды
Тап беруге шақ қалды.
Балалар қызығушылықтарын білдіреді.
Түлкі айтты. Түлкімін Тұнып тұрған күлкімін
Бұлаң-бұлаң, құйрығым
Текке өтпейді бір күнім.
Бәрін маған жетпейсің
Алдымнан кесе өтпейсің.
Менен басқа қуың жоқ
Күніңді көріп ептейсің.
Қоян
Әй, түлкіжан, мақтанба
Сиқырланып ақталма
Күшіңді сенің көрейін
Қасекең келе жатқанда.
Қасқыр
Қорқынышты атағы Қалың қопа жатағым
Қой қораға түсетін
Бар ғой аздап шатағым.
Аю
Балпаң-балпаң, басамын Алтын қырдан асамын
Аю деген ағаңмын
Аңшы көрсем қашамын.
Кірпі:
Мен кірпімін, кірпімін Көрінбей тұр кірпігім
Балаларға ұнайды
Жүретінім түртіліп
Табиғаттың баласы
Болмас ағы, қарасы
Тындап тұрсақ бәрінің
Әңгімесі жарасты
-Жарайсыңдар балалар, менімен бірге ойын ойнайсыңдар ма?
-Ойынның аты «Дұрыс» деп аталады. Ойынның шарты: мен сендерге әртүрлі жануарлар ойыншықтарын таратып беремін. Мен сендерге «дала жануары» дегенде қолдарыңдағы ойыншыктарды жоғары көтересіңдер."Үй жануары" дегенде үй жануарларын көрсетеді.
-Жарайсыңдар балалар, ойын қызықты өтті ме?
Қоян:
Қайшы құлақ қоянмын
Ақшыл түске боялдым Сытыр еткен бұтақтан
Елең етіп ояндым.
Жолбарыс:
Жолбарыспын жыртқышпын
Бәрінен де мықтымын
Ормандардағы аңдардың
Жайратып салар күштімін.
Балалар өызығушылықпен ойнайды.
Балалардың жауабы.
-Балалар бүгінгі сабағымызда не туралы айттық?
-Жабайы жануарларға нелер жатады?
-Жарайсыңдар балалар бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Ал ендеше келген қонақтармен қоштасайық.
Сауболыңыздар!
Біледі: жабайы аңдарға қандай жануарлар жататыны
Игереді: аңдардың мекендейтін жерін біледі.
Меңгереді: жабайы аңдардың аттарын айтып, бір-бірінен ажыратып, олардың қимылын келтіруді.
Бекітемін
№ 22 «Ақбұлақ» балабақшасының
директоры______Джаманшалова Г.Н.
«____» «_____» 2016жыл
Ашық оқу іс – әрекеті
Тақырыбы: Жабайы жануарлар
Орындаған: №7 «Құлыншақ» тобының
тәрбиешісі: Чуйтанова Р.Е.
2016 жыл