Тақырыбы; «Астана-бас қала».
Мақсаты;Балаларға еліміздің бас қаласы Астана туралы мәлімет беру,
қоршаған ортаны тани білу дағдыларын кеңейту.
Тіл байлығын,сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.
Туған еліне,Астана қаласына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыра отырып адамгершілікке ,елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі;Слайд Астана қаласы туралы.
Шаттық шеңбер.
Қайырлы таң Аспан ата!
Қайырлы таң Жер ана!
Қайырлы таң достарым!
Сендерді көргеніме қуаныштымын.
Қане, балалар бір-бірімізге, келген қонақтарға жылы лебіздерімізді,ізгі тілектерімізді айтайық.
-Еліміз аман болсын!
-Әрқашан күн күлімдеп тұрсын!
-Күнімізді бұлт шалмасын!
-Елімізде тыныштық болсын!
-Деніміз сау болсын!
Орындарына отырады.
-Балалар, біздің ауылымыз қалай аталады?
-Самар ауылы.
-Біз қай тілде сөйлесеміз?
-Біз қазақ тілінде сөйлесеміз.Өйткені біздің ұлтымыз –қазақ.
-Біз қай елде тұрамыз?
-Қазақстанда тұрамыз.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі.
-Дұрыс. Қыс мезгілінің 1-айы желтоқсан.Желтоқсан-декабрь.Желтоқсан айының ортасында 16-күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күнін тойлаймыз.
-Біздің Елордамыз қай қала?
-Астана қаласы.
-Қазақстан Республикасының елбасы /Президенті/ кім ?
-Н.Ә.Назарбаев.
Қазір біз Елордамыз Астана қаласына саяхатқа шығамыз.
-Астана қаласына немен баруға болады?
-Автобуспен,м ашинамен баруға,ұшақпен ұшуға болады.
Саяхатқа поездбен барамыз.Екі-екіден қол ұстасып тұрайық.
Пыш-пыш біз кеттік
Жүрісті біз үдеттік.
Міне, Астана қаласына да келіп жеттік.Шаршаған шығармыз орындықтарға отырайық.Поездбен теміржол вокзалына келдік.
Қалаға келген адамдар қаланың сұлулығына таңдансын деп, вокзал ғимаратын сұлу,әдемі етіп салуға тырысқан.Әже келеді.Амансыз ба,әже?
Әже;-Амансыңдар ма балапандарым!Тойларың құтты болсын! Отырыңыз әже.Біз Астана қаласымен танысайық.
1-слайд.Астана-Қазақстан Республикасының Астанасы.
Астанамыз –ән қаласы.
Айналасы дән қаласы.
Көк туын көкке көтерген.
Отанымның панасы.
2-слайд. Астана бірнеше жыл ішінде Қазақстанның ең бір әдемі қаласына айналды.
Барлық бала жүрегі.
Барша қауым тілегі.
Әсем қала Астана.
Бүкіл бала біледі.
.3-слайд..Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстігінде орналасқан . 4-слайд. Өзеннің үстінде көпір орналасқан.Көпірмен машиналар жүріп жатыр.Өзенде қайықтар жүзіп жүр.Астана халқының өсуіне орай көлік түрлері де көбеюде.
5-слайд.
Ал мынау Ақорда үиі.Онда біздің президент Н.Ә.Назарбаев отырады.Біздің елбасымыз онда шет елдерден келген қонақтарды қабылдайды.Түрлі жиындар,жиналыстарды өткізеді.Біздің ауылымыздың, Астананың көркеюі, гүлденуі елбасы мен дана ағаларымыздың арқасы.
Ақордам Астанам.
Сұлусың жас қалам.
Келбеті барысқа ұқсайтын.
Айбатты бас қалам.
6-слайд.
Күн санап көркейіп,ай санап айбаттанып келе жатқан Астанамыздағы Тәуелсіздігіміздің тағы бір символы болып саналатын ғимарат-маңызы да мәні зор «Бәйтерек».Бәйтерек-өмір ағашы.Астана-Бәйтерек монументі жас мемлекетіміз тамырын тереңге жіберіп,жайқалып,жайнап биіктерге ұмтыла берсін деген игі ниеттің жемісі болса керек.
7-слайд.Орталық стадион.
Стадионда түрлі жарыстар,ойындар ойналады.Әр елден келген спортшылар футболдан,волейболдан жарыстар өткізеді.
8-слайд. «Думан» сауықтыру орталығы шақырады.Орталық бірнеше орыннан тұрады.Океанариум,кинотеатр,кафе,сауда үйі,аттракцион бар.Ертегі әлемінің барлық кереметі осында.
9-слайд.Түнгі Астана.
Көрсең егер түнгі Астана келбетін.
Жарық көше, қыдырады ел еркін.
Бағдаршамдар, машиналар зулаған.
Құлпыртып тұр қаламыздың келбетін.
10-слайд.
1.Астанам-нұрлы Астанам.
Гүл жайнаған жас қалам.
Егенемді елімді.
Болашаққа бастаған.
2.Сүйікті туған ел,шарықтап өсе бер!
Гүлденіп,көркейіп өсе бер!
Өсе бер,Астанам –бас қалам!
3.Мәз боламыз шаттана.
Сұлу қала Астана.
Әнге бөлеп атыңды.
Айтамыз біз шаттана.
Ән; «Астана» .
Әже ;Астана қаласымен таныстыңдар, көп тақпақтар, ән біледі екенсіңдер .өнерлеріңе рахмет.Астананың алмасынан дәм татыңдар.Сау болыңдар.
Вокзалға келіп, поездге отыру,Самар ауылына қайту.
Пыш-пыш біз кеттік.
Жүрісті біз үдеттік.
Қорыту;-Астана қаласында нелерді көрдік?Сендерге ұнады ма?
КМҚК «Дәншік» балабақшасы
Астана - бас
қала
Өткізген: Кусаинова С.Г
Самар ауылы
2011 жыл