Выпускной вечер Здравствуй школа!

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мектепалды даярлық сыныбы.

Тәрбиеші:Касенова Айман аскаровна.

Өткізілген күні-23.05.16ж, Тақырыбы:  Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз!
Мақсаты:  Балаларды  мектепалды даярлық  тобынан  шығарып сала отырып, оқу-білімге   деген қызығушылықтарын оятып, Отанын,  елін, жерін, құрметтеуге баулып,  адамгершілікке,сыйластыққа  тәрбиелеу.
Әдісі:  Ертеңгілік.
Барысы:  І  Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ   Кіріспе  сөз.  (Музыка ойналып  тұрады. )
–  Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар!    Бір жыл бойы мектепалды даярлық  тобында  тәрбиеленіп,  білім нәрімен  сусындап,  оң, солын танып,  білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен  қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер.   Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, 
«Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз !»  атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. 
Өтті  қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар  мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Олай болса, даярлық топпен  қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
Тәрбиеші:
Өсті міне  бойларың
Өсті ақыл-ойларың
Қуанышқа  ортақпын,
Құтты  болсын тойларың!
Айналайын, балалар,
Алда мектеп- ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар
1 оқушы:
Нағыз білім ырыс  бақ,
Дүниені тұр ұстап,
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз  дұрыстап.
2 оқушы:
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлық топпенен
Біріншіге  барамыз.

3 оқушы:
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ қош енді.

4 оқушы:
Әліппеден әріп танып,
Алғаш рет оқимыз.
Тәрбиеден тәлім алып,
Санамызға тоқимыз.

(Есік қағылып ,  «5»-тік  баға  кіреді.)
– Сәлеметсіңдер ме,балалар!  Мені сендерге 
«Білім ханшайымы»        балалардың   мектепке барардағы  білімдерін тексер,-  деп  жіберді. Менің қолымда «Білім ханшайымының»  беріп  жіберген, бірнеше тапсырмалары  бар.   Осы  тапсырмаларды оқып, орындауларыңды  талап  етемін. Мен  сендердің  берген  жауаптарыңа  қарап,  мектепке  даярлықтарыңды  тексеремін.
 І тапсырма   Сұрақтарға  жауап  беру.
ІІ  тапсырма   Сауат ашу  сабағынан
ІІІ  тапсырма   Математика  сабағынан.
ІҮ  тапсырма  Өз өнерлеріңді көрсетесіңдер.

І тапсырма
– Біз қай елде тұрамыз?  «Отан», «Қазақстан» туралы жаттаған өлеңдерің барма?
– Сендердің  ауылдарыңның аты қалай  аталады?
–  Мектептің   аты қалай аталады?
– ҚР  рәміздерін  кімдер атап береді?
«Елтаңбасы елімнің»      , «Қазақстанның байрағы»
–    Неше  жыл мезгілі бар?
–    1 аптада неше күн бар?
–  Бүгін аптаның қай күні?
Ж а р а й с ы ң д а р    б а л а л а р !
ІІ тапсырма
–  Дыбыстар нешеге  бөлінеді?
– Дауысты дыбыстарды  қандай текшемен белгілейміз?
– Дауыссыз    дыбыстарды ше?
– Сөздерді буынға бөліп оқып бер. (Бо-та, қа-ла,  да-ла, ай-на, ба-ла, ма-ши-на, ба-ла-пан, са-ғат, мы-сық )
– Тақтаға өз атын кім жазып береді?
– Мақал-мәтел кім айтады?
–Жаңылтпаштар кім айтады?
III тапсырма
–1-ден 20-ға дейін тура және кері санап беріңдер?
–Суреттер бойынша кім есеп құрастырып береді?
– Берілген фигураларды атаңдар?
– Ойын: Сандарды ретімен орналастыр
3 2 7 5 6 4 9 10 8 1
ІҮ  тапсырма
(Өнерлеріңді тамашалайық)



Талай қызық той өткіздік,

 Бірақ орны ерекше.
 Даярлықпен қоштасатын,

[link]