Ойын - өмір айнасы ата- аналарға кеңес

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ойын - өмір айнасы

Жалпы білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі әрі алғашқы сатысы болып есептелетін мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие орындарының міндеті – үйелменмен тығыз байланыс жасай отырып, сәбилерді жан-жақты тәрбиелеу, білім беру, олардың дербес қасиеттері жетіле бастауына негіз қалау және мектептегі оқу ісіне дайындау.

Бала өмірінің алғашқы жеті жылы денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең.

Мектеп жасына толмаған балаларға еліктеушілік тән. Ересектер бұл ерекшеліктерді пайдаланып, өз өнегесімен, сондай-ақ көркем образды келтіре отырып, бөбектерді өзара тату болуға, үлкендерді сыйлауға, өсімдіктер мен жануарларға, адам еңбегінің нәтижелеріне ұқыпты қарауға үйретеді.

Бала мен ұжымының дамуына мектепке дейінгі балалар іс-әрекетінің негізгі түрі – ойын орасан зор роль атқарады. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазған: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметттің қандай маңызы болса, олар үшін ойынның нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскенде жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады». Түрлі халықтардың және қоғам дамуының әр түрлі тарихи кезеңдерінде балалар ойындарын ұзақ қадағалау, олардың мазмұнын зерттеу ойынның негізгі қайнар көзі – адамдардың әлеуметтік өмірі, баланың, оның үйелменнің тіршілік жағдайы деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Ойынның тағы бір ерекшелігі – оның өзіндік әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Бала жалғыз болғанның өзінде де ойыншықтармен сөйлесіп жүреді, ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен анасы үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлейді және т.б. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады. «Ойын процесінде сөйлеу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады». Сөйлесе жүріп балалар бір-бірімен уағдаласады, келіседі, сондай-ақ өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсібір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеседі. Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтыны, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рольдер ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс-әрекеті ретінде көрсетеді.

Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мысалы: «Ұшты-ұшты», «Үйелмен», «Дүкен», «Бес тас» т.б. сияқты бөліп ойнау. Ойынның түпкі мақсатына қарай мынадай түрге бөлуге болады: тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін, еңбекті бейнелейтін, қоғамдық оқиғаларды бейнелейтін т.б. Бұлай бөлу, әрине шартты ғана, өйткені ойын өмірдің алуан түрлі құбылыстардың бейнелеуі мүмкін. Ойын сюжеті мен мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойынның әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. «ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні - бала атқаратын роль. Ойын процесінде рольге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рольдер немесе рольді-сюжетті ойындар деп аталады. Бала ойын үстінде өзі қалап алған нәрсенің бейнесіне еніп, белгілі бір рольді ойнайды. Ойын процесінде балалардың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Ойын - өзінше бір мектеп, сол арқылы бола адам мінез құлқының ережелері мен нормаларын, олардың еңбекке, қоғамдық меншікке көзқарасын, олардың өзара қарым-қатынасын шығармашылықпен игереді. Ойын балалардың өздерінің де қоғамдық мінез-құлқы, олардың өмірге, бір-біріне көзқарасын қалыптастыратын қызмет формасы болып табылады.

Тәрбиеші ойынды дене тәрбиесінің құралы ретінде кеңінен пайдаланады. «Ойындардың көпшілігі қан айналасын күшейтіп, неғұрлым толық та терең зат алмасуына көмектесетін белсенді қозғалыстар керек етеді. Белсенді қозғалыс бала тұлғасының дұрыс қалыптасуына, жүріс-тұрыстың икемді, әсем болуына жәрдемедеседі. Алайда ойынды өзіне-өзі дене тәрбиесінің құралы бола салады деп ойлау қате болар еді. Педагогикалық басшылықсыз ойын баланың дене құрылысының дамуына зиян келтіруі де мүмкін. Кейде балалар ұзақ уақыт бір қалыпты тұрып (жүресінен отырып) немесе, керісінше шамадан тыс көп қимылдап қатты шаршайды. Сондықтан тәрбиеші бәрінен бұрын балалар ойындары үшін гигиеналық шарттардың сақтауына қамқорлық жасайды. Ойынның айқын, біртіндеп дамитын жүйесін пайдалана отырып, педагог мектепке дейінгі балалардың дене құрылысы дамуының тиімділігін арттырады. Ол ойында балалардың шат, сергек көңіл күйін туғызады, ал эмоциялық ахуалдан дұрыс болуы баланың дене құрылысы мен нерв-психика жағынан толыса дамуының кепілі әрі сонымен бірге ақ жарқын, ақ пейіл мінез тәрбиелеудің шарты.

Ойын эстетикалық тәрбие құралы ретінде де кеңінен пайдаланылады, өйткені балалар өздерін қоршаған дүниені роль, бейне арқылы көрсетеді. Көптеген ойындардың мазмұнына таныс әндер, билер, тақпақтар, жұмбақтар енгізіледі. Осының бәрі тәрбиешіге балалардың эстетикалық әсерленуін тереңдетуге мүмкіндік береді. Ойын сонымен, балаларды жан-жақты тәрбиелеу және дамыту құралы болып табылады.

Балалар ойында адамдардың белгілі қылықтарын, жеке ерекшеліктерін және өзара қарым-қатынастарын бейнелейді. Мысалы, ойында ақпейіл,қамқоршыл мейірбан дәрігердің ролін ойнап тұрған бала өмірдің кейде өзімшіл дөрекі болуы да мүмкін. Сондықтан ойында педагогикалық басшылықтың болуы өте маңызды.

Бала ойын арқылы күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған заттар мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды, яғни болашақ қайраткердің тәрбие жолы тәлімдік өнегесі ойыннан басталады.