Әлеуметтік орта саласы, Көркем әдебиет, Не сыйлау керек? ҰОІӘ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


54 негізгі мектебі.







Тақырыбы:



[pic]







МАД тобы

Дайындаған: Кулшанбаева Г.М.



















Ақтөбе 2014





Сабақтың тақырыбы: «Не сыйлау керек

Оқу іс әрекетінің мақсаты: Адамзат баласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіріретін ана екенін түсіндіру. Ана еңбегін еш нәрсемен өтеуге болмайтынын, түн ұйқысын төрт бөліп, баласын азамат етіп тірбиелейтін, сондықтанда барлық ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Әдіс -тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу Сөздік жұмыс: сыйлық Көрнекіліктері: Ана мен бала бірге тұрған суреттер. Оқу іс әрекетінің барысы: Ұйымдастыру кезеңі. “Шаттық шеңбері”: Даланың да тірегі, Баланың да тірегі. Шаншымасын ешқашан, Аналардың жүрегі. - Қазір жылдың қай мезгілі? (қыс) -Дұрыс, қыстың соңғы аптасы. -Қыстан кейін қандай мезгіл? (Көктем) -Көктем мезгілінде қандай мерекелер бар? (Аналар мерекесі, наурыз мерекесі) -Аналарыңның қандай мамандық иесі екенін білесіңдер ме? - Аналарыңның анасы қалай аталады? - Ана – не деген мейрімді, не деген қасиетті жан! - Ана деген болашағы өмірдің! - Ана деген қуаншы көңілдің! - Өмірде үш қадірлі зат бар, ол – күннің нұры, сәбидің күлкісі, ананың ақ сүті!

Ребусты шеш: (Ана)

Дыбыстық талдау: Ана.

Оқулықпен жұмыс: Ж. Әлмашевтың «Не сыйлау керек?» әңгімесін балаларға оқып, таныстыру. Көктемнің алғашқы күндері болатын. Балғын көкесіне еріп, балабақшасына келе жатты. – Ертең апаңның мерекесі. Оған сыйлық әзірледің бе? – деді көкесі. Балғын «білмеймін» дегендей басын қиқаң еткізді. – Неге білмейсің? Сен енді жігітсің. Күзде мектепке барасың. Кешке дейін ойлан. Сосын ақылдасамыз. Ол жұмысқа кетті. Балғын балабақшада қалып қойды. «Не сыйлау керек?» деп қайта-қайта ойланды. Еш нәрсе таба алмады. Терезе алдын гүл тұратын. Қып – қызыл әдемі гүл. Соған көзі түсті. Гүлге қайта-қайта қарай береді. «Гүлді жұлып алып, анама апарып берсем, анам қуанады, ә!» - деді ол өз-өзіне. Бір кезде қараса, тәрбиеші апай гүлге су сеуіп жатыр екен. «Апайды ренжітуге болмайды ғой. Ертең-ақ гүлді іздейтіні сөзсіз.» - Гүлді жақсы көресің-ау, сірә? – деді апайы. – Иә - деп, Балғын басын изеді. – Бүгін тіпті қасынан шықпай жүрсің ғой. Бала төмен қарады. – Ертең мереке ғой. Анама не сыйлауға болады? – деді. - Ә, солай ма? – апайы басынан сипады да, - кел онда екеулеп ақылдасайық. Мысалы, өзің не сыйлағың келеді – деді. - Қызыл гүл. - Тіпті жақсы. Қазір-ақ қағаз аламыз, сонан соң гүлдің суретін саламыз. Түсін қызылға бояймыз. Сыйлық әзір. Бала қуанып сала берді. Таңертеңнен ойлаған ойы тез шешілді. Көкесінен бұрынырақ тапқанына дән риза. Бір сәтте гүлде әзір болды. Оны әдемілеп қағазға орады. Көкесін көрген сәтте: - Менің сыйлығым дайын! – деп, қуана жар салды. – Қызыл гүл беремін. - Міне, азамат болды деген осы! – Көкесі оны арқасынан қақты.

Сұрақ-жауап:

-Балғынға көкесі нені ескертті? (Ертең аналар мерекесі екенін) - Балғын қайда келді? (Балабақшаға) - Балғын не ойлады? (Балабақшадағы гүлді алуға болады ма? –деп ойлады) - Апайы Балғынға қандай көмек көрсетті? (Анасына сыйлық жасауға көмектесті) - Балғын ненің суретін салды? (Гүлдің) Сергіту сәті:

Дала гүлін сыйлық үшін жинаймыз, Кейде оны жұлуға да қимаймыз. Бұл гүлдерді қуанышты сәттерде, Шын жүректен аналарға сыйлаймыз!

Дидактикалық ойын: «Суретіне қарап тиісті құралдарды жина»

Ойын барысы: Бала суретке қарап жапсыруға керек құралдардың аттарын атап, үстел үстіне шығарады.

Ендеше балалар, сол құралдарды қолданып, аналарымызға гүл жасайық!

Қорытындылау:

  • Үйде аналарыңа көмектесесіңдер ме? - Аналарың нанға жұмсаса барасыңдар ма? - Аналарыңа қандай сыйлық жасайсыңдар? - Ана туралы қандай өлең білесіңдер?

Мадақтау: