Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы:19 қыркүйек
технологиялық картасы аптасы: 3
Ортаңғы топ «Жұлдыз» Тәрбиеші:Санай А
Білім саласы: «Қатынас»
Бөлігі: Тіл дамыту.
Тақырыбы:«Жаз бен күз» Интерактивті құрылғыны пайдалану арқылы және сурет арқылы балаларды дүние жүзілік шырын күніне байланысты әңгіме құрастыру.
Мақсаты:
1.сурет арқылы әңгіме құрастыруға жаттықтыру.
2. сөздік қорын дамыту, бір- бірін тыңдап, түсініп, әңгімені толықтырып, сұрақтарға жауап беруге үйрету.
3. балаларды жаңа технологиямен яғни интерактивті тақтамен жұмыс істеуге үйрету.
4. 19 қыркүйек дүние жүзілік шырын күнімен құттықтау, шырынның пайдасымен таныстыру.
5.Жаз-бен күз туралы білімдерін толықтыру, айырмашылығы мен жаз бен күзде болатын табиғи құбылыстарымен таныстыру, ойларын айттырып балалардың тіл байлығын арттыру.
Билингвалдық компонент: Жаз-лето, осень-күз, сок-шырын, жаңбыр- дождь, су- вода, шомылу- купаться, ыстық- жарко, жапырақ-лист, яблоко-алма.
Көрнекілік : жаз бен күз суреттері, интерактивті тақта, шырын, алма ағашы.
Қызмет кезендері
Тәрбиешінің басқарушылық – әрекеті
Балалардың қызметі
Уәждік қорғаушы-қозғаушы
Тәрбиеші балаларға жаз бен күз туралы әнгіме оқиды.
Анасына көмектесуін сұрайды.
Балаға көмектесуін сұрайды.
Сол сәтте тәрбиеші балаларға күзде піскен жемістерден шырын жасайтынын айтты. Сонымен қатар бүгін шырынның туған күні екенін айтты.
Балалардан жемістер қашан пісетінін, қандай шырынның түрлерін білетіндерін сұрады.
Мансурдан шырынның пайдасын сурады. : Жаз, осень, сок, жаңбыр, су, шомылу, ыстық, жапырақ алма сөздерін қайталатты.
Балалар тыңдап отырып, кенеттен интерактивті тақтадан шырын деп жылаған баланың дауысын естиді. Балалар елең ете қалды. Көңілдері апайдың әңгімесіне емес алдарындағы интерактивті тақтаға салды.
Балалар интерактивті тақтадағы баланың анасынан шырын жасап беруін өтінгенін байқайды. Анасы балаға шырынды неден жасайтынын білмей жүргенін бақылады. Олар көмектесуге дайын екендерін айтады
Тәрбиешінің сөзіне балалар шырынның да туған күні болатынына аң-таң болды.
Жандос жемістер жазда піспейді олар тек қана күзде пісетінін айтты. Ал нурасыл шырынның көптеген түрлерін атап өтті. Самира шырындардың сыртқы қабатында шырынның суретіне қарап қандай жемістен жасалғанын айыратынын айтты. Шырынның пайдасы туралы Әпендук Мансур айтып берді.
Мәселені - Іздену
Рефлексивті – түзетушілік
Пайдалы шырын бізге оңайға келмейді, алдымен ағаш отырғызып жеміс алады.
Көзге жаттығу:
Мансурға әр сөзін қайталап айтып беруін сұрайды.
Балалар енді шырынды өзіміз істеп анамызға көмектесейік.
Балаларға шырын жасауды үйретті.
Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік шаралар мен таныстрады.
Сергіту сәті:
Балаларға шырынның пайдасы туралы тақпақ оқыды
Балалар шырын істеу үшін көптеген еңбек қажет екенін түсінеді.Сонымен қатар алдымен ағаш отырғызып жеміс өсіру керек екенін түсінеді.
Балалар жоғар жақта екі алма,төмен жақта екі алма қайталап екі рет айтады. Ал Мансур әр бір сөздерін қайталатып айтады.
Балалар алдымен алманы екіге бөлді сосын оны кишкетай қылып турағанды бақылады, сөйтіп тәрбиешінің алманы езіп шырын шығарғанын көреді де анаға айтып береді.
Ана балаларға рахмет айтып енди шырын істейтін апаратсызда баласына шырын істеп бере алатынын айтып балалармен қоштасты.
Алма кетті домалап, көше бойын жағалап , кім алманы табады, сол ойыннан шығады.
Балалар өте қуанышты сезімде ана мен балаға көмектескендерін айтып мәз. Кейбіреулері сабақ соңынан шырын ішкендеріне риза болып жүр.
Күтілетін нәтиже:
Қолданады: суретпен жұмыс істей алады, күз бен жазды айырады. Түсінеді: Жаз бен күзде қандай құбылыстар болатынын, шырын алу үшін көптеген еңбек керектігін.
Қабылдайды: Интерактивті тақтамен, суреттермен жұмысты, күз бен жаз туралы көрнекіліктерді.
Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім болімінің№ 3 бөбекжай – бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
[pic]
«Шырын» күніне арналған сабақ
Тәрбиеші: Санай А.
2016-2017 о/ж
Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім болімінің№ 3 бөбекжай – бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
[pic]
Интерактивті тақтамен жұмыс
Тәрбиеші: Санай А.
2016-2017 о/ж
қыркүйек айы