Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі: Өзін-өзі тану
Тақырыбы: «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхат
Мақсаты: «Өзін-өзі тану» әлемі туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктер беру;
- жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;
- өзара қамқорлыққа, сүйіспеншілікке, татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: дәптер, «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, түрлі түсті қарындаштар.
Шаттық шеңбері
Педагог балаларды шеңберге жинап, «Шаттық шеңбері» туралы әңгімелеседі.
- Балалар, бүгін мен сендермен осындай әсем, жарық, кең бөлмеде кездескеніме өте қуаныштымын.
- Қане, балалар, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер құрып тұра қалайық!
- Балалар, шеңбер неге ұқсайды?
Педагог дөңгелекке ұқсайтын бірнеше суреттер мен заттарды көрсетеді.
Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог төмендегідей қорытындылайды.
«Балалар! Шеңбер допқа, күнге, айға, табаққа, жүзікке, алмаға, қарбызға т.с.с. ұқсайды екен. Доппен ойнасақ біздің көңіл күйіміз көтеріледі.
Күн жарық, жылу берсе, ай қараңғы түнді жарыққа бөлейді.
Жүзікті қолымызға сәндік үшін тағамыз. Ал алма, қарбыз - өте дәмді жемістер мен көкөністер. Шеңберге ұқсайтын осыншама заттың өзінде қаншама қасиет бар!
Ендеше шеңберге тұрудың өзінің үлкен ерекшелігі бар. Өйткені ол бізге күн сияқты жылу береді, шеңберде дөңгелене тұрып бір-біріміздің бет-жүзімізді анық, еркін көріп, тәтті, жылы тілектерімізді, сөздерімізді айтып, қуанамыз, шаттанамыз. Сондықтан да бұл шеңбер - Шаттық шеңбері деп аталады. Шеңбер бойында бір-біріңе тек қана жақсылық тілейтін адамдар ғана жиналады.
Педагог балаларға түрлі суреттері бар үлестірмелі карточкаларды ұсынады, балалар таңдаулары бойынша алады. Педагог балалардың алған карточкаларындағы бейнеленген суреттерге қарап, бір-бірлеріне тілек айтуларын сұрайды.
Балалар сол сурет арқылы бір-біріне жылы сөздерін айтып, суреттерін де ұсынады. Балалардың жауаптары төмендегідей болуы мүмкін.
Мысалы:
- Күндей жылы бол!
- Алмадай тәтті бол!
- Доптай көңілді бол!
- Айдай жарық бол!
- Жүзік сияқты әдемі бол! т.с.с.
- Балалар! Енді бәрің менің қолымдағы әдемі күнге қараңдаршы, ол бізге әдемі күлкісін сыйлап тұр. Қане, біз де бір-бірімізге күн сияқты әдемі күлкімізді сыйлайықшы. Жарайсыңдар, балалар! Күн біздің бойымызды жылытты. Біздің жылы күлкіміз әрқайсымызды қуанышқа бөледі.
Педагог балаларға Ө. Тұрманжановтың өлең жолдарын хормен қайталауды ұсынады.
Кел, балалар, күлейік!
Қабақ түйген не керек,
Кел балалар, күлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күлкіменен түлейік!
Көңілді боп жүрейік!
Күлкіменен түлейік!
Күліп өмір сүрейік!
Әңгімелесу
Балалар, «Өзін-өзі тану» әлемі бізге сыйлық дайындап ҚОЙЫПТЫ. Алдымен сол сыйлықты тауып көрейік.
Педагог балаларға қызыл, сары, жасыл, көк түсті /дөңгелек пішінді қағаз таратып береді. Балалар сол түстер бойынша топтарға бөлінеді.
Төрт түсті топтарға бөлінген балалар бөлмені аралай жүріп, өздерінің қолдарындағы дөңгелектің түсіне байланысты жасырылған конвертті тауып алып, ішінде не (барын байқайды. Жасырылған конверттің ішінен әдептілікке (байланысты мазмұнды суреттер шығады. Педагог балалардан 1 сурет бойынша әңгімелеп берулерін сұрайды. Балаларға 1-2 минут уақыт беріледі.
Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог балалардың жауаптарын төмендегідей түйіндейді.
- Тамаша, балалар! «Өзін-өзі тану» әлемінде біз көп жақсы істерді жасай білуге үйренеді екенбіз.
Суреттен бір қыз баланың таяқ таянған қарт кісіге қамқорлық көрсетіп, көшеден өтуге көмектесіп тұрғанын көріп тұрмыз. Бұл қыз өте қайырым екен. Біз де осы қыз сияқты қайырым боламыз.
Екінші суреттен табиғат аясында ағаштарға су құйып, гүлдердің түбін қопсытып жатқан бір топ балаларды көріп тұрмыз. Балаларға бірлесіп жұмыс істеген ұнаған сияқты. Олар өте көңілді. Біз де осы балалар сияқты айналамызға, табиғатқа қамқорлық көрсете аламыз.
Ал келесі суреттен сүйіспеншілігі мол, бір-біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастарқан басындағы отбасы мүшелерін байқадық.
Мына бір суреттен бір топ баланың ойнап жатқан кезін, олардың бір-біріне ойыншығын беріп, өзара бөлісіп, тату екендіктерін көріп отырмыз.
Керемет, балалар! Суреттерден балалардың сүйіспеншілігі мол, көңілді, бір-бірімен өте тату, қайырымды, үлкендерге, табиғатқа қамқор екендіктерін танып білдік. Ендеше, біз де «Өзін-өзі тану» әлеміндегі балалар сияқты жақсы істерді жасауға үйренеміз, әрі тату, дос, қайырымды, қамқор, жақсы бала болып өсеміз!
Ойын. «Мен де жақсы бала боламын».
Педагог балаларды жағымды істерге жұмылдыру мақсатында «Мен де жақсы бала боламын» ойынын ойнауды ұсынады.
Педагог балалардан көрген мазмұнды суреттері арқылы өздерінің де істеген жақсы істері туралы айтып берулерін сұрайды.
Мысалы:
- Мен де атама орнынан тұруға көмектесемін.
- Мен де ініммен ойыншықтармен бөлісемін.
- Мен де үйдегі гүлге су құямын.
- Мен де ата-анамның айтқанын тыңдаймын.
- Мен де өз ойыншықтарымды шашпаймын.
Әңгімелесу
- Балалар, «Өзін-өзі тану» әлемінің бізге дайындаған тағы бірнеше сыйлықтары бар екен. Ол не деп ойлайсыңдар, көрейік!
- Педагог алдын ала хрестоматия, карта, әліппе дәптерлерді үстел үстіне қойып, үстін орамалмен жауып дайындап қояды. Әр бала орамалдың астынан бір-бір заттан алып қарайды.
- Балалар, бұл сыйлықтар бізге қандай көмек көрсете алады?
Балалардың жауаптары.
«Өзін-өзі тану» әлемінің бір керемет сыйы, ол - біздің әдемі жұмыс дәптеріміз.
Дәптер арқылы біз көп нәрселерді көріп үйренеміз, әр түрлі қызықты тапсырмалар орындаймыз. Қане, дәптердің бірінші бетін ашып көрейікші.
Педагог балаларды отырғызып, дәптердегі «Өзін-өзі тану» әлемінің картасына назарларын аудартады.
Бүл - «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы. Картадағы аялдамалардан қандай суреттерді көріп тұрсыңдар?
Балалардың жауаптары.
Суретте кең байтақ Қазақстан жерінде өмір сүріп жатқан әдепті, ұқыпты, бақытты балалардың отбасы, достары, туған жері, оның табиғаты бейнеленген екен. Осы картаның көмегімен қызықты әлемге саяхатымызды жалғастырамыз.
Дәптермен жұмыс
Педагог балаларға әліппе дәптерде берілген картаның бірінші аялдамасын боятып, суреттің мазмұны бойынша әңгіме жүргізіп, саяхатты бастап, алғашқы қадам жасағандарына назарларын аударады.
Педагог балаларды келесі көмекші құрал - хрестоматиямен таныстырады.
- Балалар, бұл кітап - хрестоматия деп аталады. Бұл да «Өзін-өзі тану» әлемінің ерекше сыйы. Кітаптың ішінде қызықты ертегі-әңгімелер, мақал-мәтелдер, өлең-тақпақтар жинақталған. Біз осы шығармалар арқылы адам бойында кездесетін: сүйіспеншілік, мейірімділік, адалдық, шыншылдық, қамқорлық, әдептілік, достық, бірлік сияқты жақсы қасиеттермен тереңірек танысып, жақсы бала болып өсуге тырысамыз.
Дәйексөз
Педагог балаларға «Сүйіспеншілік — жүректен» - деген халық даналығының мағынасын ашып түсіндіреді.
Педагог қолына жұмсақ ойыншық жүректі алып, төмендегідей әңгіме жүргізеді.
- Балалар, менің қолымдағы ойыншық қалай аталады?
Педагог балаларға жұмсақ ойыншық жүректі қолдарымен ұстап көрулерін ұсынады да, сүйіспеншілік толы жүрек туралы төмендегідей әңгіме жүргізеді.
- Әрқайсымыздың осындай жұмсақ жүрегіміз бар. Бірақ ол үлкен емес. Әр адамның жүрегінің үлкендігі қолын жұмғандағы жұдырықтай. Қане, жүрегіміз қандай екен, көрейікші. Балалар алақандарын жұмып, жұдырықтарына назар аударады.
- Ал, енді, алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілін тыңдап көрейікші. Балалар өз жүрек лүпілдерін тыңдайды.
- Қандай ғажап!
- Балалар, біз қуансақ, біздің жүрегіміз де күлімдеп тұрады екен, ал ренжісек, жүрегіміз де жабырқап қалады.
- Біз қандай жағдайда қуанып, ренжиміз? Балалардың жауаптары.
Бізді біреу ренжітсе, өздерің біреуді ренжітсеңдер жүректерің де ренжиді екен. Ал біреу бізге жақсылық жасаса, біреуге біз жақсылық жасасақ, онда біздің жүрегіміз де қуанышқа бөленеді. Сондықтан да біз әрдайым біреуге жақсылық жасап, қуанышқа бөлеп, жақсы көрсек жүрегіміз сүйіспеншілікке бөленіп, қуанады. Сүйіспеншілік біздің жүрегімізден тарайды екен. Сондықтан «Сүйіспеншілік -жүректен» деген халық даналығы осыдан шығыпты.
Ғажайып сөздер.Педагог ғажайып сөздердің мағынасын түсіндіреді.
«Балалар, әр сабақта біз жақсы сөздерді кездестіреміз. Бұл сөздер жай сөз емес - жылы, ғажайып сөздер. Ғажайып сөздер арқылы біздің бойымызда бір жақсы өзгеріс пайда болады, жақсы бала болуға көмектеседі.
Балалар сабақта өткен ғажайып сөздерді педагогтің көмегімен қайталайды.
• Жақсылық, сүйіспеншілік, қуаныш...
Қорытындылау
Балалар, біз бүгін «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхатымызды бастадық. Бұл саяхатта біз көмекші құралдармен: дәптер, хрестоматия, картамен таныстық.
Жақсы бала қандай болу керек? Ол жақсылық жасай білетін, сүйіспеншілігі мол, айналасына қуаныш сыйлайтын бала екен. Жақсылық, сүйіспеншілік, қуаныш сөздерімен таныстық.
«Өзін-өзі тану» әлемі арқылы біз жақсы іс жасауға, жақсы бала болуға үйренеміз.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңберге жиналады. Жұмсақ ойыншық жүректі бір-біріне сыйлай отырып, жақсы тілектер білдіреді.
• Мен саған қуаныш тілеймін. Мен саған сүйіспеншілік тілеймін.
• Мен саған жақсылық тілеймін.
«Керемет, біздің әрқайсымыздың жүрегіміз осы жұмсақ ойыншықтай күлімдеп, қуанышқа бөленді. Әрқашан осындай жылы сөздермен бір-бірімізді қуанта берейік!»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің
технологиялық картасы
Өткізілетін күні:
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Өзін өзі тану
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Дос болайық бәріміз
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: «Достық» құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру. Өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру.Бір – бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету
Сөздік жұмыс: достық, адал дос.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: тақырыптық суреттер.
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиеші іс-әрекеті
Балалар іс-әрекеті
Қозғаушы-мотивация-
Лық
Шаттық шеңбері.
Астананың төрінде
Сарыарқаның өрінде
Ту ұстаған Астанам
Әсем қалам бас қалам.
Балалар амандасады.
Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтып, жылы лебіздерін білдіреді.
Ұйымдас
тырылған іздеу
Кіріспе бөлім
Әрқашан дос біргеміз
Ажырамас іргеміз
Ілгері жүріңдер
Достық жырын біліңдер.
Әңгімелесу
Балалар, сендерге жалғыз ойнаған немесе серуендеген ұнай ма? Ойлап көріңдерші.
Дәйексөз
«Дос бәрінен де қымбат»
Сергіту сәті
Достық жайлы әңгімелесу.
Өзімізге досты қалай табамыз?
Неліктен дос керек деп ойлайсыңдар?
Ойын «Досыңды тап»
Қ/ойын «Поезд»
Дәптермен жұмыс
Жағдаяттар оқу
Достық ережесі
Сөздерін бірге айту
Өз ойларын айту.
Дәйексөзді жаттау
Сұрақтарға толық жауап беру.
Ережесін бұзбай ойнау.
Тапсырмаларды орындау.
Жағдаяттарды талқылау.
Есте сақтау.
Рефлексия
лық- коррегия
лық
Қорытынды:
Достық туралы сұрақтар қойылады
Жақсы дос деп кімді айтамыз?
Дос қандай болуы керек?
Жеке баламен жұмыс.
Әр бала өз досы туралы айтады.
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: балалар достық туралы білуі тиіс.
Болуы тиіс: балалар достың қандай болатынын білуі тиіс.
Қолынан келуі тиіс: достары туралы айта алуы тиіс.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің
технологиялық картасы
Өткізілетін күні:
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімдері: Өзін өзі тану
Тақырыбы: Достық татулықтан басталады.
Мақсаты: «татулық» адамгершілік құндылығы туралы түсіндіру. Жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету, татулыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақтар, түсіндіру, әңгімелеу.
Сөздік жұмысы: достық, татулық
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиеші іс-әрекеті
Балалар іс-әрекеті
Қозғаушы-мотивация-
Лық
Шаттық шеңбері.
Бүгін бір бірімізге бұрын айтып жүрген жылы сөздерімізді сыйлайық.
Алақанымызды түсйістіріп, татулығымызды білдірейік.
Балалар бір бірімен амандасады.
Жылы лебіздерін білдіреді.
Ұйымдас
тырылған іздеу
Сендер татулық деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Татулық достар арасындағы ең керемет қасиет.
Тату балалар бір бірін тыңдайды.
«Піл мен маймыл» ертегіісн әңгімелеу.
Сұрақтар:
Үкі неліктен піл мен маймылға алмаға жұмсады?
Ойын «Көкпар» қимылды ойыны
Ғажайып сөздер.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Ертегіні тыңдап, талдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Ойын ойнайды.
Рефлексия
лық- коррегия
лық
Қорытындылау.
Жүректен жүрекке.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Балалар достық, татулық туралы білуі тиіс.
Болуы тиіс: балалардың татулық туралы ұғымдары болуы тиіс.
Қолынан келуі тиіс: балалар достықтың татулықтан басталатынын білуі тиіс.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің
технологиялық картасы
Өткізілетін күні:
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Өзін өзі тану
Тақырыбы: Бәрін жақсы көремін
Мақсаты: «жақсы көру», «сүйіспеншілік» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту. Айнала қоршаған ортаны, адамдарды жақсы көру сезімдерін дамыту
Әдіс-тәсілдері: Сұрақтар, түсіндіру, әңгімелеу.
Сөздік жұмысы: жақсы көру
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиеші іс-әрекеті
Балалар іс-әрекеті
Қозғаушы-мотивация-
Лық
Шаттық шеңбері.
Бүгін бір бірімізге бұрын айтып жүрген жылы сөздерімізді сыйлайық.
Алақанымызды түсйістіріп, татулығымызды білдірейік.
Балалар бір бірімен амандасады.
Жылы лебіздерін білдіреді.
Ұйымдас
тырылған іздеу
«Достық» өлеңін оқу
әңгімелесу
Сұрақтар қояды.
әңгімелеу
«Алғыс»
Сұрақтар қояды.
«Бәрінін де жақсы» Л.Толстой
«Түйе сұрау» ойыны
Сергіту сәті
Тыныштық сәті
Ғажайып сөздер
Балалар өлеңді бірге оқиды.
әңгімелейді.
өз пікірлерін білдіреді.
Сұрақтарға жауап береді.
Ойынды ойнайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Рефлексия
лық- коррегия
лық
Қорытындылау.
Жүректен жүрекке.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Балалар мейірімділік туралы білуі тиіс.
Болуы тиіс: балалардың барлық адамдарға жақсы қарау туралы ұғымдары болуы тиіс.
Қолынан келуі тиіс: балалар барлық адамдарды жақсы көре білуі тиіс.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің
технологиялық картасы
Өткізілетін күні:
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімдері: Өзін - өзі тану
Тақырыбы: Мен әдепті баламын
Мақсаты: әдептілік туралы түсініктерін кеңейту, жағымды қарым қатынас дағдыларын дамыту.Әдептілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақтар, түсіндіру, әңгімелеу.
Сөздік жұмысы: достық, татулық
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиеші іс-әрекеті
Балалар іс-әрекеті
Қозғаушы-мотивация-
лық
Шаттық шеңбері.
Бүгін бір бірімізге бұрын айтып жүрген жылы сөздерімізді сыйлайық.
Алақанымызды түсйістіріп, татулығымызды білдірейік.
Балалар бір бірімен амандасады.
Жылы лебіздерін білдіреді.
Ұйымдас
тырылған іздеу
Сендер татулық деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Татулық достар арасындағы ең керемет қасиет.
Тату балалар бір бірін тыңдайды.
«Піл мен маймыл» ертегіісн әңгімелеу.
Сұрақтар:
Үкі неліктен піл мен маймылға алмаға жұмсады?
Ойын «Көкпар» қимылды ойыны
Ғажайып сөздер.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Ертегіні тыңдап, талдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Ойын ойнайды.
Рефлексия
лық- коррегия
лық
Қорытындылау.
Жүректен жүрекке.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Балалар достық, татулық туралы білуі тиіс.
Болуы тиіс: балалардың татулық туралы ұғымдары болуы тиіс.
Қолынан келуі тиіс: балалар достықтың татулықтан басталатынын білуі тиіс.
Өткізген күні:
Білім беру саласы: Таным
Бағдарлама тараулары: Өзін- өзі тану.
Тақырыбы: Жақсы қарым- қатынас жасауға үйренеміз.
Мақсаты: Балаларды өзара жақсы қарым- қатынас асай білуге үйрету.
Міндеті: Күнделікті өмірде жақсы қарым- қатынас жасауға үйрету. Айналасына жағымды қарым- қатынас жасай білу дағдысын қалыптастыру. Жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Дәптер, түрлі түсті қарындаштар.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы
I Шаттық шеңбері.
Тәрбиеші музыка жетекшісінің сүймелдеуімен Ә. Дүйсенбиевтің «Қуыршақ» өлеңін балалармен бірге қосылып орындайды.
Шаттық шебер жасайды.
Балалар өлең айтады.
Іздену ұйымдастырушылық
II. Шығармашылық жұмыс.
Әңгімелесу.
Балалар, қазір орындалған «Қуыршақ» өлеңінен не түсіндіңдер?
Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл өлеңнен «Қуыршақтың» қырсық мінезін, ешкіммен тіл табыса алмайтындығын байқадық .
Өмірде осы «Қуыршақ» сияқты балалар бола ма? Болса олармен достасу, бірге ойнау сендерге көңілді ме?
Біө «Өзін- өзі тану» сабақтарында адам бойындағы жақсы қасиеттермен танысып, ол жақсы қасиеттерге үйренудеміз. Ендеше, біз бүгін сабағымызда адамдармен, айналақоршаған ортамен қарым- қатынас жасаудың сырымен танысып, сол қасиеттерге үйренеміз.
III. Әңгімелеу.
Тәрбиеші балаларға В.А. Сухомилинскийдің «Жалғыз алма» әңгімесін балаларға оқып береді.
Тәрбиеші сұрақтар қояды.
Тәрбиешіқорытындылайды.
IV. Тыныштық сәті.
- балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. ауаны тереу жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат мен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Ойын: «Қуыршақ сөйлейді».
Мақсаты: Топтағы балалардың жақсы жағымды қарым- қатынастарын қалыптастыру.
V. Өзіммен- өзім.
- енді барлығымыз көзімізді жұмайық, бір-бірімізге кедергі жасамаймыз. (жай әуенді музыка ойналады). Енді барлығымыз өте тату тұратын «Татулық еліне» келдік деп ойлаңдар. Не сезіндіңдер? Ал маған бұл елден жып- жылы жел есіп тұр. Өйткені бұл елдің тұрғындары бір- біріне тек қана жақсылық тілейді, сыйлайды, жақсы көреді. Сендер де осы елдегі жақсылық пен сыйластықты сезініңдер. Барлық көргендерің үшін рахмет айтайық. Өз-өз тобымызға оралайық. Көзімізді ашамыз.
VI. Дәптермен жұмыс.
Балалар сурет бойынша әңгімелеп, дәптермен жұмыс жасайды.
Сергіту сәті.
«Сұр қоян»
VII. Ғажайып сөздер.
Балалар сабақта айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
Балалар жауаптары тыңдалады.
Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытынды жасайды.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Сұрақтар бойынша балалардың жауаптары тыңдалады.
Балалар ойын ойнайды.
Балалар өзсезімдерімен, ойларымен бөліседі. Тәрбиеші балалардың ойларын түйіндейді.
Татулық, жақсы көру, сыйлау, келісу, түсінісу, тіл табысу.
Рефлексифті
түзетуші
Қорытындылау.
Біз бүгінгі сабағымызда жақсы қарым- қатынас жасаудың құпиясы бір-бірімізді түсіну, өзара сйыластық екенін түсіндік. Күнделікті өмірде балалар бір- біріне түсіністік пен қарап, сыйласса қарым- қатынастың жақсы болатны сөзсіз.
VIII. Жүректен жүрекке.
Тәрбиеші бұл әдістемелік тәсілді төмендегідей нысанда ұйымдастыруына болады.
Ыңғайланып отырып, қолдарыңды алға қарай созыңдар. Енді сенің алақаныңда кішкентай «Күн» жатыр деп ойла. Оның сәулесі сенің саусақтарыңның арасынан өтіп, бойыңа жылылық құйғанын сезін. Енді күннің таратқан жылуын сезіне отырып, қасыңдағыларға жақсы, мейірімді сөздер айтыңдар.
Балалар бір- біріне жақсы тілектер айтады.
Күтілетін нәтие:
Білуі керек: Татулық, жақсы көру, сыйлау, келісу, түсінісу, тіл табысу сөздерін білуі керек.
Істей білу керек: Жақсы қарым- қатынас жасауға үйрене білуі керек.
Өткізген күні:
Білім саласы: Әлеуметтік орта
Бөлім: Өзін - өзі тану
Тақырыбы: Жүрегімде жақсылық
Мақсаты, міндеттері: Балаларды « қамқорлыққа», «өзіне және өзгеге» деген қамқорлық ұғымдарымен таныстыру, балалардың санасына, өзіне, жақын туыстарына, достарына деген қамқорлық сезімін қалыптастыру және дамыту.
- Балаларды адамдарға, айналасындағыларға қамқор, кішіпейіл, мейірімді, қайырымды болуға үйрету;
- Достарына, жанұясына, туыстарына сүйіспеншіліктерін арттыру;
- Қамқор болуға тәрбиелеу;
Заттық даму ортасы: Интерактивті тақта, оқулық, түрлі – түсті қағаздар, желім, қайшы.
Әрекеттер кезеңі Тәрбиешінің іс – әрекеті Баланың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы Балалармен сәлемдесу Балалар сәлемдеседі
Ұйымдастырушылық - ізденушілік 1. Шаттық шеңбері
Қайырлы күн балалар! Осындай мейірімді, ақылды, қамқоршыл, қайырымды оқушыларымды көргеніме қуаныштымын. Ал енді бүгінгі сабаққа келіп отырған қонақтармен сәлемдесейік! Сәлемдесу адамгершіліктің, инабаттылықтың, ізеттіліктің нышаны.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем беріп сіздерге,
Бас иеміз бәріміз!
Мына шуақты күннің жылы шыраймен, мейірім шашып, мәз болып қуанып тұрғанын қараңдаршы! Ендеше бізде оған жылы шыраймен, көтеріңкі көңіл күймен күлімсіреп сәлем берейік. Міне, тамаша! Енді, қанекей бір - бірімізді қарсы алайық!
Біз қамқоршы баламыз,
Үлкендерге панамыз.
Аялаймыз, сүйеміз,
Әрқашанда үлкенге
Біз қамқоршы боламыз.
Ал, енді мен сендерді ыңғайлап отыруға шақырамын. Қазір әуен ойнаған кезде, жүрегіміздегі сиқырлы әлемге аттанамыз. Көздеріңді жұма қойындар.
2. Тыныштық сәті (Музыка)
- Балалар, сендер бақ ішін аралап жүргендеріңді көз алдарына елестетіңдерші. Төңірекке сүйсіне қараңдаршы.
Өте тамаша!Бұл не ғажап!
Бақ мүлде өзгерген. Жаздағы жап - жасыл түс сары алтын түске боялған. Аяқ астына қараңдаршы, жерге сап - сары кілем төселген сияқты. Жер жүруге ыңғайлы, жұп - жұмсақ. Анда - санда ағараңдап жеміс ағаштары көрініп қалады. Олардың сары жапырақтары сусылдап жерге түсіп жатыр, бұтақтарының арасынан көгілдір аспан көрініп тұр. Осы тамаша сиқырлы баққа келген адамдар мейірімді, қамқоршыл болып келеді. Өйткені бұл - сиқырлы бақша. Мұнда данышпан қария өмір сүріп келеді. Ол қария сендер сияқты жақсы, ізетті балаларды жақсы көреді. Егер оның жанына барып:«Ассалаумағалейкум ата!» деп сәлем берсеңдер, ол өзінің жылы алақанымен сендердің бастарынан сипап, батасын береді. Ал енді қарияның батасын алып, өз сыныбымызға қайта оралайық!
Енді сендер, одан бетер мейірімді, инабатты, ізетті, тәртіпті бала боласыңдар. Енді көздеріңді ашып, қолдарыңды жоғары содан кейін екі жаққа созыңдар, терең дем алыңдар, міне тамаша!
- Балалар тыныштық сәтінде сендердің көз алдарына не елестеді?
- Сендер қандай жерде бодында деп ойлайсыңдар?
Енді мен сендерге өлең оқып берейін.
Атам менің қашанда,
Кішіпейіл бол деген.
Ақыл сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
Атам менің әрқашан,
Мейірімді бол деген.
Ақыл сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
Атам менің әрқашан,
Қамқоршы бала бол деген.
Қамқор болса адамдар,
Шын бақыт қой ол дейтін.
3. Әңгімелесейік
- Балалар, өлеңде не жайлы айтылған?
- Сендер аталарына көмектесесіңдер ме?
- Сендер қамқорлық жасай аласыңдар ма?
- Ал, балалар, қамқорлық дегенді қалай түсінесіңдер?
- Ендеше, балалар! Мен бүгінгі «өзін - өзі тану» сабағын рухани құндылық болып табылатын «қамқорлық» деген сөзден бастағым келіп тұр. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Жүрегімде жақсылық».
Қамқорлық дегеніміз - адам ойы мен іс - әрекетінің өзіне, ата - анасына, жақындарына, жора - жолдастарына және айналасындағыларға жақсылық жасауға ұмтылуы. Халқымыз ұрпағын мейірімділікке тәрбиелеп, қатыгездіктен қақпайлап, қаталдықтан сақтандырып отырған. Мейірімді адам қамқор болуға ынтық келеді.
Әрбір адамға өз жанымыздай қамқор болсақ, бізге де басқа өзге адамдар қамқорлық жасайды. Олай болса, өзіңді де, өзгені де аялай білуіміз қажет деп түсінуіміз керек
Балалардың қонақтармен сәлемдесуі
Инабатты, ибалы қасиеттерін бойына сіңірді.
Өлең шумақтарын айтты
Балалар сұрақтарға жауап берді
Балалар бір - бірлеріне қамқор болуды үйренді
Рефлексивті - түзетушілік «Жүректен - жүрекке» шеңбері
Балалар, «Өзін - өзі тану» әлемінде тек біздің жүрегіміз сөйлесе алатын бір ғажайып жер бар.
Ол жерге бару үшін «Жүректен - жүрекке шеңберін құрайық. Бір топта бәріміз тату - тәтті өмір сүру үшін бір - бірімізге жүрек түкпіріндегі өте әдемі, жақсы сөздерді арнайық. Осы жылы сөздерімізді келген қонақтарға сыйлайық.
Балалар шеңбер құрады.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Адамгершілік, инабаттылық, ізеттілік, ибалық т. б. жайлы мәліметтерді білді.
Меңгеру: Осы қасиеттерді бойына сіңіріп, меңгерді.
Өткізген күні:
Білім беру саласы: Таным
Тақырыбы: Отбасым – бақыт мекені
Бөлімі: Өзін – өзі тану
Мақсаты: сүйіспеншілік, сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: - отбасы сүйіспеншілігі, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру;
- отбасындағы өзара сыйластық қарым – қатынас дағдыларын дамыту;
- отбасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: отбасы – семья, ата – дедушка, әже – бабушка, аға – брат, апа – сестра.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы кезең
Шаттық шеңбері:
Біздің топта балалар,
Тату – тәтті ойнаймыз.
Дос көңілі әрқашан
Тек жақсылық ойлаймыз.
Балалар шеңбер бойына жиналып, өлең жолдарын қосылып айтады.
Ұйымдастырушылық - ізденушілік кезең
- Бүгін біз «Өзін – өзі тану» әлемінің картасындағы «Отбасы» аялдамасына тоқталамыз. Осы аялдамадағы суретке қарап әңгіме құрастырып көрейікші.
Әңгімелесу.
* Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?
* Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?
- Әжеміз, атамыз, анамыз, әкеміз тіпті аға - әпкелеріміз бізді еркелетіп атайды. Олар сендерді «күнім», «айым», «жұлдызым» деп аспандағы ғажайып нәрселерге теңейді. Қане, отбасында сендерді кімдер және қалай еркелетеді екен. Есімізге түсіріп айтып көрейікші.
Ә. Исқақовтың «Кім ойлап тапқан?» өлеңін оқып беріп, балалармен бірге қайталау.
Ойын: «Айналайын, толғанайын!
Ойынға 4 - 5 баланы шығарып, көздерін орамалмен байлайды. Ата – аналар да ортаға шығып, әрқайсысы өз балаларын еркелетіп «Ақылдым менің! Жарайсың! Күлімдеген бота көзіңнен айналайын! Қошақаным! Айналайын, құлыным!» деген сөздерді айтады
Ойынның қорытындысы:
Бұл ойын балалардың өздеріне арналып айтылған жылы сөздерді естеріне түсіріп қана қоймай, сол сөздердің жылылығын сезіне отырып, соған лайықты болуға ықпал етуге бағытталады.
Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп – өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз.
Әліппе – дәптермен жұмыс.
Дәптерге отбасылық сурет жапсыратындарын айтады. (Баяу әуен жіберіліп қойылады).
Е. Өтетілеуұлының «Бес» өлеңін жатқа сұрау.(1 - 2 баладан сұрау). Бес саусаққа ата, әже, әке, ана және өзінің суреттерін бір – бірлеп жапсыру.
- Отбасы мүшелерін атап шығыңдаршы.
- Ата, әже, әке, шеше, аға, апа, сіңлі, қарындас, іні.
- Балалар отбасымыздағы басшы кім? (әке)
- Әке
Дәйексөз.
«Күннен жылу тарайды, анадан мейірім тарайды» деген дәйексөзді оқып, күн мен ананың жылуы мен мейірімі туралы түсінік беру.
- Күннің шуағы бізге жылу таратады. Ал, аналарың сендерді жақсы көріп өз мейірімін таратады екен. Сендерді еркелетіп аймалайды.
Балалардың жауаптары тыңдалады
Балалар ата – аналарының қалай еркелететінін айтады.
Айтылған сөздерді ести отырып, өз ата – анасын дауыстарынан таниды.
Сергіту сәтін қимылмен орындайды.
Балалар үйден әкелген отбасылық суретті дәптерге әдемілеп жапсырады.
Тақпақты жатқа айтып, тәрбиешінің тапсырмасын орындайды.
Рефлексивті - түзетуші кезең
Қорытындылау
- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды үйрендік. Отбасындағылар әрқашан тату болып, бірін – бірі құрметтей, сыйлай білуі керек. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.
Жүректен жүрекке
Балалар өздерінің жылы сөздерін отбасы мүшелеріне арнайды.
Балалар өзара оқу – іс әрекетінен алған әсерлерімен бөліседі.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.
Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.
Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.