«Тексерген»
Оқу ісінің меңгерушісі _____________ Рамазанова Г.С.
Технологиялық карта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті «Балапан »тобында
Тәрбиеші: Жуманова А.Б.
Күні,айы,жылы : 26.01.2016 ж.
Білім беру саласы: «Таным»
Оқу іс-әрекет түрі: Экология негіздері.
Тақырыбы: «Үй жануарлары. Қой, ешкі.»
Мақсаты : екінші кіші топта меңгерген үй жануарлары түйе, ешкі туралы түсініктерін кеңейте отырып, жылқы және есекпен таныстыру. Жылқы мен есектің ұқсастықтары мен айырмашылығы туралы түсініп айтып беруге үйрету. Жануарлардың тіршілігі адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыра отырып, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Алдын-ала жасалатын жұмыс : үй жануарларының суреттерін дайындап қою.
Әдіс-тәсілі: көрнекілік, ойын, практикалық.
Қолданылатын көрнекіліктер,қажетті құрал-жабдықтар: ойынға арналған екі бірдей жануар бейнеленген суреттер, үй жануарларының қиынды суреттері, ватман, үй жануарларының суреттері.
Билингвальді компонент: үй жануарлары-домашние животные, түйе-верблюд,ешкі-коза, сиыр-корова.
Қызығушылығын ояту кезеңі
Шаттық шеңбері:
Балалар,мен сендерді әдеттегідей шаттық шеңберіне шакырамын.
Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз,
Қашан да,қайда да!
Дос болып бәріміз
Сенімді боламыз.
Балалар шаттық шеңбер құрып,қимылдар жасай отырып өлең жолдарын айтады. [pic]
Іздену
ұйымдастыру
Жұмбақ:
1.Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. Ол қай жануар?
2.Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар,
Иегінді сақалы бар.
3.Мүйізі айдай иілген,
Мұрнын көкке шүйірген.
Ірімшік пен құрт майы,
Жегенде тілді үйірген.
Үй жануарлары-түйе,сиыр,ешкінің суреттерін көрсетіп,сұрақтар қоя отырып білетіндерін қорытындылаймын.
Балалар, тағы да қандай үй жануарларын білесіңдер?
«Сыңарын тап» ойыны.
Жануар бейнеленген суреттің сыңарын табу тапсырамын.
Балаларды екі орталыққа бөліп, бірінші орталықтағы балаларға «Өрістегі малдар» тақырыбында тапсырма беремін. Екінші орталықтағы балаларға бірнеше бөлікке бөлінген жануарларды құрастыру тапсырамын.
Сергіту сәті:
Топ-топ түсіп төрт тұяқ,
Шоқырақтап шап, атым.
Құйрық-жалың сусылдап,
Ұш оғындай садақтың.
Өзең кешіп, тау асып,
Шабысыңнан таңба сен.
Дұрсілдетіп дүниені
Ытқып-ытқып зула сен.
-Түйе.
-Ешкі.
[pic]
-Сиыр.
[pic]
Балалар берілген сұрақтарға жауап береді. [pic]
Жылқы мен есектің ұқсастығы мен ерекшілігін, үй жануарлары деп аталу себебін, оларды адамның күтіп-бағатынын, жылқының өнім ретінде беретін пайдасын айтып береді.
Ойын ережесін сақтап, түсініп орындайды, бейнеленген жануар туралы айтып береді.
Бірінші орталықтағы балалар үлкен ватманға жайылып жүрген жануарларды жапсырады.
Екінші орталықтағы балалар түсі мен көлеміне т.б. қарай жануарлардың дене бөліктерін құрастырады.
Сергіту сәтінің сөзін қайталай отырып, қимылдар жасайды.
Рефлексивті қорытындылау
Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін,көңіл күйлерін,немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұраймын.
Қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікірлерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: үй жануарларының тіршілік әрекеті туралы, сипаттап беруді.
Игереді: жылқы мен есекті танып, ұқсастықтары мен айырмашылығын салыстырмалы түрде сипаттап айтуды, тіршілігі, қорегі, адамға келтіретін пайдасы туралы.
Меңгереді: жылқы мен есектің адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды иегереді, қамқорлықпен қарауды.