Тақырыбы: «Теңіз жағасына саяхат»
Мақсаты: 1. Ойын түріндегі оқу қызметіне балалардың ынтасын арттыру, көңіл күйлерін көтеру.
2. Түрлі ойын жаттығулар арқылы балалардың қимыл – қозғалыс белсенділіктерін арттыру.
3. Жарыс ойындарын ойнату.
4.Ертегі кейіпкерлерімен танысу.
5. Үйымшылдыққа, достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.
Құралдар: массаждық жолдар, кегли, доптар, әуе шарлары, кішкене шелектер, леген.
Нұсқаушы: Бүгін күн қандай ыстық, осындай күні теніз жағасына барып суға түскен қандай жаксы. Балалар, теніз жағасына барғыларын келеме? (Ия)
Ендеше, жолға шығайық.
Музыка әуенімен жаттығу орындалады. Балалар жалаң аяқ шөп үстінен, аяқ ұшымен, өкшемен, көпірден «Емдік жолдармен», құм, тас үстінен, тізені жоғары көтеріп жүреді, кеглиді айнала «жыланша» баяу жүгіреді. Тыныс алу жаттығуын орындайды.
Теңіз жағасына келеді.
Жағада Нептун салқын суды өзіне бүркіп отырады.
Нұсқаушы: Бұл не ғажайып, бізге қонақ келген сияқты.
Нептун:
Мен су патшасымын,
Барлық суды билеймін
Жағада мен отырмын
Адасып кеткен сияқтымын
Мынау жер қандай ыстық, құрғақ
Маған көмектесіндер!
Нұсқаушы: Сәлеметсізбе, Су патшасы! Сіз жолдан шаршадыңыз, аяғыңа су шашып, бойынды салқындатайық.
Балалар екі командаға бөлінеді.
Эстафета: «Нептунды құтқарамыз!»
Әр команданың ойыншысы шелекке суды құйып алып келесі бетке жүгіріп суды легенге құяды. Легенге суды бірінші толтырған команда жеңімпаз аталады.
Нептун: Ой, рахмет балалар!
Салқындап, сергіп қалдым.
Сендерге қонақ болайын,
Ойындарынды тамашалайын.
Сендер менің «Толқиды теніз» ойынын білесіндер ме? (Ия)
Нұсқаушы: Балалар, су патшасының қызықты ойынын ойнайық.
Нептун: Менің ойынымның шарты басқа. Мен теңіз жәндіктерін атаймын, ал сендер олардың су астында қалай тез қимылдап жүретінің көрсетесіндер.
Ойынды бастайық. Толқиды теңіз -1, толқиды теңіз -2, толқиды теңіз -3... теңіз жыланы оян!
Эстафета: «Теңіз жыланы»
Нұсқаушы:
Теңіз жыланы жүзіп келеді.
Тастарды айналып өтеді.
Оңға, солға, жоғары , төмен.
Тезірек қимылда жылан!
Қомандалар бір –бірден тізбектеле тұрады, қолдарын бір – бірінің иығына қойып «жыланша» жүреді. Балалар кеглиді айналып бағанға дейін жетеді. Кеглиді құлатпай тез жеткен команда жеңімпаз атанады.
Нептун: Толқиды теңіз -1, толқиды теңіз -2, толқиды теңіз -3... теңіз шаяны оян!
Нұсқаушы:
Су астында , кұм ішінен,
Арқасымен алға жылжып
Теңіз шаяны шығады.
Эстафета: «Теңіз шаяны»
Әр команданың ойыншысы арқасымен алға қарай жылжып жүреді де,эстафетаны келесі балаға береді. Арақашықтықты тез бағындырған команда жеңімпаз атанады.
Нептун: Толқиды теңіз -1, толқиды теңіз -2, толқиды теңіз -3... теңіз сегізаяғы оян!
Нұсқаушы:
Бұл неткен ғажап, аяқ!
Бұл балалар, сегізаяқ!
Түсін тез өзгертеді,
Қазір бар да, енді – жоқ.
Эстафета: «Сегізаяқ»
Балалар арақшықтықты топтасып жүріп өтеді: төрт бала арқасымен қарап, қолдарын айқастырып, шынтақты бүгіп ұстап тұрады. Арақашықтықты тез жүгіріп өткен команда , жеңімпаз атанады.
Эстафета: «Шар- балық»
Әр команданың мүшесі жүптасып қолдарынан ұстап, шарды ішімен қысып, белгіленген жерге дейін барып мәреге кері жарысып қайтады. Шарды келесі жұпқа береді.
Нептун: Балалар , сендер теніз жәндіктерін жақсы білесіндер, жақсы ойнадыңдар. Мен өз патшалығыма оралуым керек. Қонақ қылғандарына рахмет. Сендерге сыйлығым бар, «Теңіз кірпілері» ойыншықтарым бар. (Қоштасып кетеді)
Нұсқаушы: Балалар, бойымызды босаңсытып , дем алайық.Су патшасының сыйлығымен уқалау жаттығуын орындайық. (Музыка әуенімен)