Психологиялық ойындар Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Психологиялық ойындар



Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар



« Ине мен жіп»

Жүргізуші:

Мен ине боламын, ал сендер жіпсіндер.Сендер менің артымнан бір- бірлерінің белдеріңнен ұстап тұрындар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.

«Бұл қашан болады

Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әнгімелеп береді.

Кесте, құрал – жабдықтармен жұмыс

Айлардың аттарын ата?

Жыл мезгілін түстерге сәйкес ата?

Әр мезгілде неше ай бар?

Бір айда неше апта бар?

Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?

« Кім қалай дыбыстайды

Ойынға қатысатын балаларды топтарға ( ит, тауық, жылқы) бөледі. Жүргізуші белгі берген уақытта ит тобындағы балалар итше үріп, дыбыстау керек. Дәл сол сияқты тауық, жылқы, мысық топтары да өз топ атауларын қорғап шығады. Соңында жүргізуші өз балгі берген уақытта барлық топ бірдей өз дыбыстарын шығарады.

« Не үлкен?»

Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Отырған балалар кезекпен заттарды атайды. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды. Кім екі рет шатасса, ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.

« Сиқырлы қапшық»

Балаларды щеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады.Үстелдің үстінде сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әр түрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шығарып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина т.б. Балалар қолдарымен заттарды сипап бірдей затты тауып алғаннан кейін оны сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.























+

Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар.

« Төрт құрылыс»

Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» - дегенде жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, « жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса сол ойыннан шығады.

« Көнілді шенбер»

Балалар шеңбер жасап тұрады, бір –біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі берген кезде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балалардың бірнешеуіне әр түрлі заттарды қыстырып қояды. (Гүл, орамал, бантик, көзілдірік). Балалар көздерін ашқанда не өзгереді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға ойыншық беруге болады.

« Орындықты тап»

Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді ( белгі: шапалақтау, бараьан немесе бубенмен берілді). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орынын тапқан балалар мадақталады, таба алмағандар ойыннан шығады.

« Ойыншықты сипатта»

Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуды ұсыныды (1 минут). Мысалы: қуыршақ, түлкі, қоян, түйе т.б. Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргенде түр–түсі, пішіні, көлемі, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап әнгімелеп беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.

« Сөзді есінде сақта»

Тәрбиеші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тындау ұсынылады. Бірінші сөзді тәрбиеші өзі айтады, балалар келесі сөзді есіне сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығуы керек.

Көктем-жаңбыр

Жаз-күн шықты

Күз-тұман түсті

Қыс-қар жауды

Аспан- бұлт

Су-балық

Жер- шөп













ЗЕЙІНДІ ТҰРАҚТАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР

  1. «Мен жеңімпазбын»

Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынын, 1 санға кем болу керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айту керек.

  1. « Құлақ – мұрын»

Балалар шеңбермен тұрады.Жүргізуші: құлақ – деп қолымен мұрынды ұстайды, ал мұрын – деп құлақты ұстайды. Ал балалар құлақ дегенде құлақты, мұрын – дегенде мұрындарын көрсету керек. Жүргізуші балалардың зейіні мен қақабылдауын тексеру мақсатымен оларды шатастырып айтады.

  1. « Өз орныңды тап»

Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарыншатастырып алмауы қадағаланады.

  1. «Дайын бол»

Балалар шенбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс – қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, ат- шабады, құс- ұшады, ләйлек- бір аяғымен тұрады.

  1. «Зейінді бол»

Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші ойынның ережесін түсіндіреді. Мен сендерге әр түрлі қимыл қозғалыстарды көрсетіп тұрамын. Сендер оны қайталап тұруға тиістіңдер. Бірақ мен ескерткен қозғалысын қайталауға болмайды. Кім қайталаса сол ойыннан шығады.Жүргізуші әр түрлі қозғалыстарды көрсетіп, қайталамайтын қозғалысты бірнеше рет көрсетеді.Қай бала шатасса ойыннан шығады. Ойынның жеңімпазы жүргізуші болады. Сол бала қайталанбайтын қозғалысты өзі шығарады.



















Ойлауды дамытуға арналған ойындар



1.. «Матадағы менің орыным»

Жердегі жатқанмата үстінде, балалар белгі берген уақытта тұрып қалуға тиісті. Матаның өлшемін тәрбиеші кішірейте отырып ойынды жалғастырады. Бірақ ойында балалар мата бетінен шығып кетпеулері керек.

2. « Ойлан да аяқта»

- Лимон қышқыл, ал қант... ( тәтті)

- Егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық....(үстелден аласа)

- Екі, бірден көп, ал бір... (екіден аз)

- Сен аяғымен жүресін, ал затты ұстағанда немен ұстайсың...( қолмен)

- Егер Самал үйден Айманнан бұрын шықса, ал Айман...( кейін)

- Өзен арықтан терең, ал арық....(саяз)

- Бала үлкейіп, ер адам болады, ал қыз...( әйел адам)

- Пышақ та, әйнек те...(өткір)

3. « Ойлан да аяқта»

- ат шабады, ал қарлығаш... ( ұшады)

- ит үреді, ал қарға... (қарқылдайды)

-жылан жорғалайды, ал балық... ( жүзеді)

- қасқыр ұлиды, ал қой... ( маңырайды)

- түйе боздайды, ал жылқы... ( кісінейді)

4. « Қарама – қарсы сөзді ата»

Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші доппен балалардың арасында тұрады. Жүргізуші балаларға кезекпен допты лақтырып белгілі бір сөзді айтады. Балалар сол сөзге қарама қарсы сөздерді тауып алуға тиісті. Мысалы: Ащы – тұщы, жақсы – жаман

Қара-

Күн-

Аласа-

Қай бала шатасып қалса немесе жаубын айтпаса ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.Ойын қайталанады.





Қиялды дамытуға арналған ойындар

  1. « Менің көніл – күйім қандай»

Балалар өз көңілдерінесәйкес келетін сурретті тауып атайды ( көнілді – көнілсіз, қорқынышты, ренжулі,... т.б.).Сол кездегі өздерінің көңіл- күйге сәйкес болған жайды әнгілеп береді.

  1. « Жаңа ертегі»

Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлердін атайды. Суреттерін көрсетеді. Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғасады.

  1. « Сиқырлы дөнгелектер»

Баланың қиялын дамытуға арнайы бірнеше дөнгелектер беріледі, олардан балалар жануарлардың бейнесін жасау ұсынылыды. Мысалы: құлақтарын үшбұрыш, көзін қиғаш сызықтармен, тұмсығы мен мұрттарын сызып мысықтың бейнесін салады. Аю, құлақтарын жартылай дөңгелек, көздерін екі дөнгелек, тұмсығы мен аузын салу арқылы аюдың басын салады, оның сыртқы бөлігінен ирек сызықтары айналдыра жүргізу арқылы арыстанның басының суретін салып, бала өз қияы бойыншат суретті толықтырады.

  1. « Қиял жалғасы»

Тәрбиеші ойланып, балалардың назарын тақтаға аударады да өзі бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (Толқын, сынық сызық, ирек т.б.) Менің қиялым бойынша осы сызықтардан алуан түрлі заттар жасауға болады. Қане, кім менің қиялымды жалғастырып өз алдыларындағы парақ қағазға сызықты сызып суретке айналдырып, не салғаны жайында әнгімелеп беруді өтінеді. Балалар жұмысын бірге талдайды.





















Қабылдау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар

  1. « Гүл»

Балалар әр жерде отырады. Жүргізуші: Балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлміз. Күн шықты, гүлдер жайнап ашылып өсіп келеді ( қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастады ,гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады ( қолдарын жан-жаққа шайқайды). Біз мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіпжабылады ( қолдарымен тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастады, сол уақытта гүлдер де Құлпырып, жайнап ашыла бастайды ( балалар үлкен шеңбер жасап , бір үлкен гүл шоғына жиналады).

  1. « Заттарды қабылдау»

Тәрбиешінің алдына биік – аласа мұналар, жуан- жіңішке қарындаштар, оң қолын және сол қолын көтеріп тұрған баланың суреттері, табиғат көрінісі ( ағаштар алыстан кішкене, жақыннан үлкен болып көрінеді( т.б. суреттер бар. Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды.

  1. Мұналар қандай? ( биік немесе біреуі аласа)

  2. Қарындаштар қандай? ( жуан- жіңішке)

  3. Суретте бала қай қолын көтеріп тұр? ( оң, сол)

  4. Мына суретте ағаш қалай орналысқан? ( кішкене ағаш алыстан көрінеді, үлкені жақыннан т.б.)

  5. Сен менің қай жағымда тұрсың? (алдымда)

  1. « Ұқсас суретті тап»

Тәрбиешінің алдында қос- қостан бірнеше суреттер болады. Олар: Екі шырша, екі таяқ, екі теледидар, екі жапырақ, екі гүл, екі сағат т.б. Осы суреттердің бірнешеуін тақтаға іліп осыған ұқсас геометриялық пішіндерді қораптан таңдап алып салыстырып, ұқсастығын, пішінін, түр – түсін сипаттап әнгімелеп береді.