Өнегелі отаудың- өрісі кең

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Өнегелі отаудың-

өрісі кең»

(мектеп алды даярлық топ)




Тәрбиеші: Жанкулиева Н. Х.


[pic]




















Мақсаты: Жанұядағы туыстық қарым-қатынасты нығайту.Мейірімді болуға, ата-ананы құрметтей білуге тәрбиелеу.Қазақтың салт-дәстүрін,әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру.Бала тәрбиелеуде ата-ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты арттыру.

Мазмұны :

1.«Шаңырағым шаттығым»(топпен таныстыру, ұранын айту)

2. «Атадан - балаға мұра» (атадан қалған мұрамен таныстыру) 3 . «Өнер –өнерліге ғана оңай» (ән,күй,тақпақ,би және т.б ) 4. «Ойлы болсаң озып көр» (сұрақтарға жауап беру, мақалдың жалғасын айту) 6. «Менің отбасым» (портфолио,отбасы суреттері,слаид ) 7. «Ойнайықта ойлайық,қатардан қалып қоймайық» (әр түрлі ойындар,жарыс ) 8. «Ұлттық киімдер сән үлгісі»

9. Әділ қазылар қорытындысы.Сыйлық.Номинациялар.

Құрметті қонақтар,әріптестер бүгін №31 «Еркемай» бөбекжайының мектепалды даярлық тобының ата-аналармен бірлесіп өткізілетін «Өнегелі отаудың өрісі кең» атты сайысына қошкелдіңіздер! Сайысымызды бастамастан бұрын әділдікпен баға беретін,әділдікпен қара қылды қақ жаратын әділқазы мүшелерімен танысыңыздар. Жүргізуші: Әр таңды бақытпенен атырамыз Балалы үй базарлы жанұямыз Сайысқа қатысуға енді топтарды ортаға шақырамыз. Жүргізуші отбасыларды тегімен шақырады.Топтар кезекпен ішке кіреді. Жүргізуші:Келіп жетті аталар,әжелер,аналар, кіп-кішкентай арулар. Сіздерменен танысуға

Бойындағы бар дарынды танытуға.

Сайысымызды бастайық.Отырған жұрт қолды соғып тастайық. Сайысымыздың бірінші бөлімі: «Шаңырағым шаттығым».Әр топ өздерін таныстырады.Ұранын айтады. Сайыскерлерден бірінші кім бастайтыны айтылады.Топтар кезекпен өздерін таныстырады. Жүргізуші:Біз қазақ халқы көненің көзін,ескінің сөзін есіне сақтаған халықпыз.Біздің әке-шешелеріміз өздерінің ата-бабаларынан қалған затты қазіргі кезде қолданбасада «көзі» деп қызғыштай қорып,сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырған.

Сайысымыздың келесі бөлімі: «Атадан балаға мұра» Сайысымыздың шарты: Ата-бабасынан қалған мұрамен таныстыру. Сайысты бастайтын топтың атын айтып сайысты жалғастыру.

Жүргізуші: Асыл сөздің атасы

Ақын болар ұрпақпыз Өнер білім еңбекке

Жақын болар ұрпақпыз.

«Өнер өнерліге ғана оңай» кезеңінеде келіп жеттік.Ата-аналар өздерінің өнерлерін көрсетеді (ән,би, мәнерлеп оқу және т.б).

Сайысымыздың төртінші бөлімі: «Ойлы болсаң озып көр».

Бұл сайыста салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап беру,мақалдың жалғасын айту. Сұрақтар конвертпен беріледі. Конвертті таңдап алады. Дайындалуға уақыт беріледі.Топ жауап береді.Сайысымыздың бесінші бөлімі: «Менің отбасым». Портфолио тапсыру.Қысқаша слайдпен айтып өту.

Жүргізуші: Кел, кәнекей келіңдер!

Тамашаны көріңдер

Бізде қызық ойын бар

Барлығың ден қойыңдар.

Сайысымыздың келесі бөлімі : «Ойнайықта ойлайық, қатардан қалып қоймайық»

Ойынның шарты:Үш топ үш қатарға тұрады. Дыбыс белгісінен кейін бірінші балалар доппен мәреге дейін секіріп барады.Мәреге жеткесін допты қолына ұстап кері жүгіреді.Өз тобына жеткеннен кейін аналар (әкелер) секіргішпен мәреге дейін секіріп барады. Мәреге жеткеннен кейін кері жүгіреді. Аналары жүгіріп келген

кезде балалар кеглилерді қойып шығады. Әжелер (аталар) кеглидің арасымен жүгіреді. Қай топ тапсырманы бірінші орындаса сол топ жеңімпаз атанады. Жүргізуші: Құрметті қонақтар сайысымыздың келесі бөлімі «Ұлттық киімдердің сән үлгісі».Сайыскерлеріміз киініп,дайын болғанша бөбекжайымыздың бүлдіршіндерінің өнерін тамашалаңыздар. Балалардың өнері. Жүргізуші: Құрметті қонақтар сайысымызды одан әрі жалғастырамыз. Ұлттық киімдер сән үлгісі! ( топтарды атын атап кезекпен шақырады) Жүргізуші:Құрметті қонақтар «Өнегелі отаудың өрісі кең» атты сайысымыз мәресіне жақындады. Сөз кезегін әділқазыларға берейік. Әділқазылар әр топтың бағасын бағалап,қорытындысын айтады.Номинациялар беріледі.


[pic] [pic]





















[pic] [pic]












[pic] [pic]