Күні. Date:
Білім беру саласы. In the field of education: Шығармашылық
Білім беру бөлімі. Department of Education: Сурет салу
Тақырыбы. Тheme: Отшашу
Мақсаты. Aims.
Ортаңғы топ. Middle group: балаларды қарындашты дұрыс пайдаланып сурет салуға жаттықтыру. Мерекені қуанышпен қарсы алу арқылы эмоциялық көңіл күйлерін көтеру. Үзік сызықтарды үйлестіре қосу арқылы отшашудың суретін салуға үйрету. Қоршаған ортаны бақылап, оның өзгерістерін байқай білуге үйрету. Ұқыпты жұмыс жасауға, өз өлкесіне сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Екінші сәбилер тобы. Second junior group: балаларды қарындашты дұрыс пайдаланып сурет салуға жаттықтыру. Мерекені қуанышпен қарсы алу арқылы эмоциялық көңіл күйлерін көтеру. Тәрбиешінің көмегі бойынша үзік сызықтарды үйлестіре қосу арқылы отшашудың суретін салуға үйрету. Қоршаған ортаны бақылап, оның өзгерістерін байқай білуге үйрету. Ұқыпты жұмыс жасауға, өз өлкесіне сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекі жабдықтар. Demonstration material: сурет салуға арналған қағаз, түрлі түсті қарындаштар, шарлар, қуыршақ Айсана.
Жеке жұмыс. Individual work:
Көптілділік. Multilingualism: отшашу – фейрверк – fireworks, мереке – праздник – holiday.
Іс-әрекет
кезеңдері Stages of action
Тәрбиешінің іс-әрекеттері
Actions of teacher
Балалардың іс-әрекеттері.
Actions of children
Есеп
Account
Ортаңғы топ. Middle group
Екінші сәбилер тобы Second junior group
+
-
Мотивациялық қызығушылық
Motivational еngine
Шаттық шеңбері: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Шаттық шеңберіне тұрып, қимылдарды орындайды.
Шаттық шеңберіне тұрып, қимылдарды орындайды.
Ұйымдастыру-
ізденушілік
Organizational research
Балаларға мерекелік отшашу бейнеленген суреттерді көрсетеді, көріп болған соң не көргендерін сұрайды. - Бұл қандай мереке? Неге барлық адамдар көңілді? Сендерге мереке ұнады ма?
Мерекелік отшашу жаққанда айнала жап-жарық болып, әдемі түстерге боялады. Отшашу мерекенің нағыз сыйы екендігін түсіндіреді.
Балаларға «отшашу» сөзін қайталап айтқызады.
Өздеріңе ұнаған түстерді пайдаланып, қарындашпен сызық жүргізу арқылы сол отшашу бейнесін салып көрейік.
Отшашудың сәулелері әдемі болу үшін бояудың түстерін дұрыс таңдауға және оны үйлестіре сызуға мән береді. Отшашу түрлі түсті жарыққа бөленуі үшін қызыл, сары, жасыл, көк түстерді пайдалану қажеттігін айтады.
Сергіту сәті.
Балаларға саусақтарымен жаттығулар жасатады.
Жарты шеңбер болып отырып суреттерді көреді. Көптеген адамдардың қолдарында гүл, шар, балалардың қолында балмұздақ, ойыншықтар бар. Отшашудың жарқыраған түрлері жайында өз ойларын айтады.
Суреттерді тамашалап, түрлі түсті қарындашты пайдаланып, үзік сызықтарды бірінің үстіне бірін кезекпен сызу арқылы отшашуларды салады.
Саусақ жаттығуын жасайды.
Жарты шеңбер болып отырып суреттерді көреді. Көптеген адамдардың қолдарында гүл, шар, балалардың қолында балмұздақ, ойыншықтар бар. Отшашудың жарқыраған түрлері жайында өз ойларын айтады.
Суреттерді тамашалап, түрлі түсті қарындашты пайдаланып, үзік сызықтарды тәрбиешінің көмегімен бірінің үстіне бірін кезекпен сызу арқылы отшашуларды салады.
Саусақ жаттығуын жасайды.
Рефлексивті-түзетуші
Reflective correction
- Бүгін мерекелік отшашуды барлығың тамаша, әдемі салғандықтан, сендерге қуыршақ Айсана өзінің сүйікті әдемі қызыл шарын беріп жіберіпті. Осы қызыл шарды аспанға ұшыру үшін бәріміз терең дем алып, демімізді шығарып қалықтатайық.
Салған суреттерінен кешке ата-аналарына көрсету үшін көрме жасайды.
Сыйлыққа қуанады, терең дем алып, демдерін шығарып, шарды қалықтатады.
Суреттерін көрмеге қояды.
Сыйлыққа қуанады, терең дем алып, демдерін шығарып, шарды қалықтатады.
Суреттерін көрмеге қояды.
Күтілетін нәтиже. Expected results:
Біледі. Know: мерекеде аспанда отшашулар шашылатынын.
Игереді. Can: отшашуды тек аспанға ату керектігін.
Меңгереді. Will know: қарындашпен әдемі етіп түрлі түсті сурет салуды.