“Денсаулық-басты байлық” ( Отбасылық спорттық мереке ) Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу. Қажетті құралдар: Ат, доға, су, тырна бейнесі, шығыршық, қаптар, жіптер, жіпке ілінген балықтар, себеттер, бас киім, шәркей, доптар. Жүргізуші: Қадірменді ата-аналар, балалар, балабақша қызметкерлері! Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай,“Салауатты өмір салтын” үстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті,дені сау азамат өсіру отбасының,балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян. Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау,сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Соның бір шарасы “Денсаулық-басты байлық” атты отбасылық сауықтыру сайысына кош келдініздер. Бүгінгі сайысқа “Балбөбек”,”Айгөлек” тобы ата-аналары қатысқалы отыр. Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап,ортаға шақыралық. “Балбөбек” тобы : Ұраны: Біріміз бәріміз үшін, Бәріміз біріміз үшін, “Айгөлек” тобы: Ұраны:Намысты қолдан бермейміз, бермейміз. Жүргізуші: Бала өсірген ата-ана, Бала болып ойнайды, Бала тәрбиелеген тәрбиеші, Бала болып ойлайды- деп сайысмызды бастауға рұқсат етіңіздер. Жүргізуші: Ат өнері білінбес, Бәйгеге түсіп жарыспай. Ер өнері білінбес, Қоян-қолтық алыспай. “Ат жарысқа” кезек берелік. Шарты: Әр топтан әкесі атқа мініп шауып өзеннен жүзіп өтіп,тау басында тұрған ананы үңгір астынан өткізіп, алып шығып,өзеннен бірге жүзіп кері мінгесіп келеді. Жүргізуші: Қалма жүрттың соңында, Қажет болса мың атта. Аздық етер оныңда, Жету үшін мұратқа. “Тез адымда” сайысы. Шарты: Бас пен аяқ киім киіп , (ыңғайсыз) себеттен - себеттке доптар тасу. Жүргізуші: Кімдер жүйрік,өнерпаз білеиікші. Ептісі деп сайыстың жүрейікші. “Кім епті” сайысы . Шарты: А) Үңгір астынан өту. Ә) Жіппен секіру. Б) Қап киіп, қос аяқпен секіру. Жүргізуші: Топ болып біз жүрейік, Ойнайықта күлейік. Достық деген тамаша, Міне тұрмыз жараса! “Балық аулау” сайысы. Шарты: Бастарына тырна бейнесі бар бас киім киіп,шығыршыққа ілінген балықтарды жылдам себетке тасып салу. Жүргізуші: Жарқын,шаттық заман болсын, Отбасымыз аман болсын. Сыйластық пен бірлік болып, Әрқашан орта толсын. ( Қортындылау, мадақтау ). |