«Балауса» ІІ кіші тобының технологиялық картасы
Күні:21.11.2016 жыл
Кіріктірілген білім беру салалары: Қатынас,таным
Бөлімі:Тіл дамыту
Тақырыбы:Көліктің бізге көмегі Мақсаты:Балалрға көліктер туралы түсінік беру,олардың түрлерін ажыратуға үйрету,сурет бойынша әңгімелей білуге үйрету. Міндеті: Жүргізуші, ұшқыш, машинист мамандықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру. Сөздік қорларын толықтыру.Ойыншық көлік түрлерін мұқият, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар: түрлі көліктер мен мамандардың суреттер. Алдын ала жүргізілетін жұмыс: көлік түрлері туралы әңгімелесу. Сөздік жұмыс: жеңіл көлік, жүк таситын көлік,пойыз, автобус. Билингвальды компонет:жеңіл көлік – легковой транспорт, жүк таситын көлік – грузовой транспорт, пойыз – поезд.
Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне тұрғысып, бір – біріне ыстық тілектер айтуын ұйымдастырады. Балалардың назарын өлең жолдарына аударады.
Балалар тәрбиешімен бірге сәлемдеседі, бір – біріне ыстық тілектерін айтады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Үлкенмін ғой, міне, мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.
М.Әлімбаев.
- Мен не туралы өлең оқыдым?
- Балалар айтыңдаршы кімге қандай ойыншық ұнайды?
- Муслим, сенде қандай ойыншық бар?
- Қандай көліктің түрлерін білесің?
1.Суретпен жұмыс.
Көліктің түрлерін көрсетеді.
-Балалар мынау қандай көлік?
- Ол не тасиды?
- Мынау қандай көлік?
- Бұл көлікпен кімдерді тасиды?
- Ал мынау қандай көлік?
2. Сергіту сәті:
Бөп – бөп, пыш – пу...
Мен ең күшті
Менен күшті
Кім бар? Пыш – пу!
Теміржолшы
Абай болшы:
Жол ашып қой?
Жер ашық қой?
Бу – бу – бу
Бө - ге – ме
(Ә.Табылды.)
3. «Кімді, нені қай көлікке отырғызамыз?» дидактикалық ойыны. (Сызық арқылы қосу.)
Билингвальды компонет:жеңіл көлік – легковой транспорт, жүк таситын көлік – грузовой транспорт, пойыз – поезд
Өлеңді тыңдайды.
Жүк көлігі
Құм, тас тасиды.
Автобус
Адамдарды
пойыз
Балалар қимылмен көрсетеді.
Тәрбиешінің көмегімен тапсырманы орындайды.Екінші бағандағы суреттерді көлік түрлеріне сәйкестендіреді.
Балалар қайталайды.
жеңіл көлік – легковой транспорт, жүк таситын көлік – грузовой транспорт, пойыз – поезд.
Рефлексиялық -түзетушілік
-Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік?
-Көліктердің қандай түрлері бар?
Сұрақ – жауап әдісі арқылы оқу
іс – әрекетінде алған білімдері қорытындылана
Сұрақтарға жауап береді.Бір – бірінің жауаптарын тыңдай
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: көліктердің түрлерін ажырата білуге арналған тапсырманы;
Түсінеді: көліктердің пайдасы туралы мәліметтерді;
Қолданады: сұраққа толық жауап бере білу іскерліктерін.