Семинар. Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытудың тиімді жолдары»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Әдістемелік семинар

Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытудың тиімді жолдары»

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған «Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекетік бағдарламасы» мектепке дейінгі білім беру деңгейінде тілдерді дамыту және алдағы қолданудың әдістемелік қорын жетілдіруге бағытталған шамалар кешенін өткізуді, сондай-ақ мемлекеттік тілді үйрету мен қолдану саласындағы жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу бойынша практикалық шаралар кешенін іске асыруды, көптілділікті сақтауды болжайды.

Көптілділікті жаңарту үдерісін мектепке дейінгі жастан бастау керек, өйткені дамудың осы кезеңінде жеке тұлғаның қалыптасуының негізі қаланады.

Мектепке дейінгілердің тілдік сауаттылығының өзектілігі экономикалық, мәдени және саяси салалардағы жалпыға ортақ әлемдік ықпалдастыққа беталыста анықталады. Қазіргі еңбек нарығы маманнан әлеуметтік – саяси, көпмәдениетті, коммуникативті, ақпараттық құзыреттіліктерді меңгеруді талап етеді.

Көптілділік құзыреттілігі жеке тұлғаның әлеуметтік мәдени және кәсіби салалардағы сәтті іске асуына себепші болады, өркениетті диалог негізінде адамдық және іскерлік қатынасты құруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік тіл рухани және ұлттық бірліктің негізгі басымдығымен анықталған. Оны меңгеру, мектепке дейінгі жастан басталатын қоғамдық өмірге белсене араласатын және жеке бәсекеге қабілеттітілікті анықтайтын, ынталандырушы, әрбір Қазақстан азаматының борышы және міндеті болуы керек.

Мақсаты: үштұғырлы тілдерді дамыту бойынша мемлекеттің саясатын іске асыру.


Міндеттері:

  • үштұғырлы тілдерді дамыту тақырыбының өзектілігін көрсету;

  • мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына арналған ұштұғырлы тілдерді дамыту бойынша жағдайлар жасау;

  • педагогтарға өзінің кәсіби қызметін және құзыреттілігін жақсартуға мүмкіндік беру.






  1. XXI ҒАСЫР ПЕДАГОГЫ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?


Үштұғырлы тілді оқыту оқу үдерісі барысында жүзеге асады және мектепке дейінгі білім берудің негізгі компонентінің бірі болып табылады.

Осы жағдайларды ескеріп, мектепке дейінгі ұйымдарға үштұғырлы тілді оқытуды ерте кірістіру орынды болып табылады. Дәл осы мектепке дейінгі жаста жеке тұлғаның базалық сапалары қалыптасады, дене, эмоциялық, ақыл-ойын дамыту негіздері қаланады. Бұл көптеген психологиялық-педагогикалық зерттеулермен (Ш.А.Амонашвили, Н.А.Бонк, Л.А. Венгер, И.Н.Верещагин, Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, Н.А.Горлова, Э.П. Комарова, А.А.Леонтьев, Е.И.Негневицкая, Г.В.Рогова, Е.Н.Трегубова, А.М. Шахнарович және т.б.) делелденген. Мектепке дейінгі ұйымдарда ережедегідей тәрбиелік– танымдық үдеріс ойын әрекеті (оқу элементтері) арқылы субъект–объекттік қатынас жүйесіндегі берілген бағдарламаның аясында, тәрбиеші бағыттаушы және дамытушы түйін субъектісі, ал объект немесе дамушы түйін мектепке дейінгі болып табылады.

Үштұғырлы тілге оқыту қазіргі қоғамның мектепке дейінгі ерте жастан бастап тілдерді оқыту қажеттігін анықтайтын әлеуметтік тапсырыс болып табылады. Әлеуметтік тапсырыс мәнінің жоғарылауына байланысты мектепке дейінгі ұйымдардың көпшілігі оны іске асыруға қосылды. Үштұғырлы тілдерді ерте оқыту бүгін мектепке дейінгі ұйымдарда, дамыту орталықтарында, мектепалды даярлықтың сыныптарында іске асырылуда.

Дара, жауапты және әлеуметтік мобильді қоғамда сәтті әлеуметтене алатын және еңбек нарығында белсенді бейімделетін жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті, үнемі жеке басы өсетін, жеке өз өмірін белгілейтін және өзін дамытуға қабілетті педагогтарды дайындау қажеттігін анықтайды. Ғалымдардың белгілеуінше, педагогтың болашақта өзін дамыту анықтамасында үш мүмкіндігі немесе үш жолы бар: бейімделу жолы, өзін дамыту жолы және тоқырау жолы (қызметінің құлауы, жеке тұлғаның құлдырауы) бар.

Кәсіби-тұлғалық өсу және педагогикалық әрекеттің барлық кезеңдерінде өзін-өзі жетілдіру – жемісті педагог қызметінің міндетті жағдайы.










2. ҮШТҰҒЫРЛЫ ТІЛДЕР БОЙЫНША ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ

Үштұғырлы тілдер бойынша педагогтарға арналған жұмыстың мазмұнына әдістемелік ұсынымдар:


- 5-6 жастағы балалардың тілін дамыту сипаттамасы.

- Байланыстырып сөйлеуді дамыту.

- Сөздік қорын дамыту.

- Тілдің грамматикалық дұрыстығы.

- Дыбыстық мәдени тіл.

- Монологтік тіл.

- Тілдердің үштұғырлығын дамытуға арналған лексикалық материал.

- Грамматикалық дағдыларды қалыптастыру.

Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту сипаттамасы.

Мектепке дейінгі жаста үштұғырлы тілді оқыту (қазақ, орыс, ағылшын базалық ана тіліне тәуелді) осы жастағы балалардың психофизиологиялық дамуына негізделген өзінің ерекшеліктері болады. Психологтардың сендіруінше мектепке дейінгілердің қабылдауы, есте сақтауы, зейіні еріксіз сипатта болады. Балалар өзінің қабылдауын басқара алмайды, сол немесе басқа затты өз бетінше талдай алмайды. Балалардың есте сақтауы суретке түсіргендей сипатта болады, бірақ сонымен бірге мектепке дейінгі өзінің қабылдағанын есте сақтауға тырыспайды.

Сөздік қорды дамытумен жұмыс келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

- белсенді және пассивті сөздікті байыту;

- сөздікті бекіту және нақтылау;

- сөздікті белсендіру;

- әдеби емес сөздерді шеттету;

Сөздікпен жұмыс мазмұнын күрделендіру келесі бағыттарда жүргізіледі:

1) заттар және құбылыстар бейнесін тұтастай қабылдаумен бірге сөздікті меңгеру;

2) сөздіктің өсуі сапаны, қасиетті, заттар мен құбылыстардың бөлігі, олардың қатынасын білдіретін сөздерді түсіну есебімен. Бұл үдеріс қабылдауға қабілеттілікті талап етеді, талдау және салыстыру ретінде ой операцияларын меңгеру;

3) лексикаға элементарлық түсініктерді білдіретін сөздерді кірістіру. Маңызды белгілері бойынша заттар мен құбылыстарды жалпылай білу.


5-6 жастағы балалардың тілін дамыту сипаттамасы

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар ана тілін жетерліктей еркін меңгереді. Белсенді сөдің сөздік қоры 2500-3000 сөзді құрайды. Бұл балалардың үлкен тәжірибесімен (алдыңғы кезеңмен салыстырғанда), олардың зияткерлік қабілетінің дамуымен: көптүрлі байланысты белгілей білуіне, бар білімдерін жеңіл пайдалану, жалпылау және қорытынды жасаумен байланысты. Қатынас адамның эмоциялық жағдайы мен көңіл-күйін белгілеу әдісімен, өзінің меншікті ішкі әлемін тану әдісімен мінез-құлық ережесін меңгеруге бағытталған.

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілін дамытудың басты бағыттары:

- тілдің мазмұндылығы мен байланысы (диалог пен монолог);

- тілдік шығармашылықты дамыту, сөз мәнерлігі;

- тілдік қызметтің зияткерлік қабілеттілігін дамыту.


Байланыстырып сөйлеуді дамыту.

Балалар өзара қатынас мәселелерін талқылай білуді, адамдар әрекетінің адамгершілік жақтарын, дәлелді бағалар беруді үйренеді. Балалар диалогтік және көплогикалық сөйлеуді меңгеруді үйренеді, қоршағандармен жақсы тілдік қатынасқа түседі. Олар ұжымдық әңгімелесуге қатыса алады, тілдік қатынастың қабылданған сыпайы ережелерін пайдаланады, әңгімелесушіні ынтасымен тыңдайды, сұрақтарды дұрыс қояды, сұраққа жауап береді, балалардың жауабын тыңдайды, ортақ әңгімені қолдайды, әңгімелесушіні бөлмей, кезекпен сөйлеседі.

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытудың басты мақсаты диалогтік және көплогикалық сөйлеуді жетілдіру болып табылады.


Сөздікті дамыту.

Балалар тұрмыстық сөздікті белсенді меңгеруі керек; тұрмыстық және табиғи заттардың атауын білдіретін, олардың қасиеті мен сапасын, құрылысын, материалын және оның ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дәл және дұрыс қолдануы керек. Объектінің басқа қасиеттерін және өлшемін, формасын, сөздерді меңгеруді жалғастыруы керек.

Балалар таныс заттардың қасиеттері мен сапасын анықтау үшін өз еріктерімен тексеріп, қажетінше іс-әрекетте қолданады және оларды атайды (сипайды, үрлейді, иіскейді, қолдарына өлшейді және т.б.)

Ересек топтарда сөздік жұмысының басты мазмұны балалармен игерілетін сөздерді саналы қолдану болып табылады.

Бұл жаста балалар ойша заттарды салыстыра алады, маңызды белгілерін табады, топтарындағы заттарға қарап оларды құрастырады. Заттарды сипатты белгілеріне қарай құрастыру қабілеттіліктерін меңгереді: ыдыс-аяқ, жиһаз, киім, аяқ-киім, көкөністер, жемістер, көліктер және т.б.

5-6 жастағы балалардың сөздік қорын байыту олардың әлеуметтік өмірдегі оқиғаларға және оларға деген қызығушылықтарының артуына, оның ішкі әлеміндегі адамдарға және сыртқы мінез-құлқына байланысты. Балалар адамдардың әртүрлі мамандықтарымен танысу барысында олардың сөздік қоры жаңа заттардың, еңбек құралдарының, жұмысқа қажетті техниканың, еңбек қызметінің және олардың орындалу сапасының атауларымен толығады.


Сөздің грамматикалық дұрыстығы.

Мектепке дейінгі ересек жаста балалар сөздің барлық негізгі грамматикалық формаларын қолдану керек. Балалар өздерінің құрбыларының сөздеріндегі грамматикалық қателіктерді тауып оларды түзетуді үйренеді және өздіктерімен грамматикалық формаларды қолдана алады.


Сөздің дыбыстық мәдениеті.

Мектепке дейінгі ересек жаста балалар дыбыстардың дұрыс айтылуын және сөздерге дыбыстық талдау жасауды үйренеді. Олар өз ана тілінің дыбыстарын таза және дұрыс айту керек. Күнделікті сөздік қатынас барысында олар дұрыс дыбыстауға жаттығады.

Өлең оқығанда, әдеби әңгімелерді айтқанда балалар ырғақтың мәнерлілігін түрлі құралдар арқылы қолдану керек: екпінмен, сөздің ырғағымен, логикалық екпінмен. Бұл құралдармен балалар тілімізге енген үштұғырлы өлеңдерді оқығанда, әдеби әңгімелерді оқығанда (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) қолдануға болады.


Монологты сөз.

Балалар алдын-ала дайындықсыз коммуникативтік жағдаяттармен ұсынылатын тілдің материалдық бағдарламасы, білім беру және тұрмыстық қызмет аясы бойынша сөйлей алулары керек.

Сөйлеу аумағы – тілдік қатынаста дұрыс рәсімделген 3 сөйлемнен кем емес. Жұмыстың негізгі бағыты үш тілділікке балаларды төрт жастан дамыту, ынтасын тәрбиелеу және үлкендермен, құрбыларымен сөздік қарым- қатынастағы дербестігі, монологты формаларды үйренуі болып табылады.

Оқыту мазмұнына өлеңдер, әндер, санамақтар кіреді. Сонымен қатар мектептегі білім беру жағдайларын шағылыстыратын тілдік құралдар да қосылады. Тілдік материалдар көлемі 70 түрлі сөйлеу үлгілерін құрайды, олардың ішінен 50-і айтуға арналған.



Грамматикалық дағдыларын қалыптастыру.

Балалармен тілдің грамматикалық жағын меңгеру сөйлеудің үлгісі негізінде жүзеге асады, функционалды қолдану, сөйлеушінің коммуникативті ойын білдіреді. Балалар зат есімнің жекеше және көпше түрлерін, етістіктің осы шақ, келер шақ, өткен шақ формаларын (Present Indefinite Tense, Future Indefinite Tense), 3-ші жақтағы етістіктің жекеше түрін жіктеу формаларын меңгереді. Сөйлеу үлгісін дұрыс қолдану негізінде сөйлемнің құрылымын меңгереді, балаларға берілген қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлемдердің сөздік ретін түсінуге көмектеседі.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалармен төмендегідей жұмыс түрлері қолданылады:

1. Айтылуы бойынша жұмыс:

а) «Жанды тіл» ертегісі;

б) жаңылтпаштар;

в) ұйқастыру.

2.Ойыншықтармен жұмыс:

а) ойыншықпен сұхбат;

б) ойыншықты бейнелеу.

3. Суретпен жұмыс:

а) суретпен баяндау;

б) «Не жоғалды?» ойыны;

в) «Суретті тап».

4. Өлеңдерді жаттау және декламация:

а) Өлеңдер сайысы;

б) Сөз сөйлеу декламациясы, көңіл-күй өзгеруінің декламациясы (оптимистік, қайғылы, ашулы және т.б.).

5. Әндерді жаттау:

а) «Көрсет» әні;

6. Қысқаша әңгімелер мен көріністерді сахналау;

7. Қимыл-қозғалыс ойындары;

8. Жай ойындар;

9. Шығармашылық ойындары;

10. Ситуациялық диалогтарды орындау;

11. Суретке қарап әңгіме құрастыру;

12. Әріптерді жаттау.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті негізінде айтарлықтай дәрежеде мазмұнға сәйкес қолданылатын дидактикалық материалдарға, топтасуына байланысты топта жұмыстар ұйымдастырылады.


3. ҮШТҰҒЫРЛЫ ТІЛДІ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ПЕДАГОГТАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН

ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ


1.Білім беруді және жұмыс тәртібін ұйымдастыру нысаны

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін жүргізу формасы топтармен жұмыс болып табылады. Топтағы балалар саны 8-12 адамнан аспауы керек. Тілдердің үштұғырлылығын дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс– әрекетінде алған білімдері күнделікті өмірдің барлық режимдік сәттерінде бекітіледі: сәлемдескенде, киінгенде және шешінгенде, тамақтанғанда, ұйқыға дайындалғанда, ойын және серуен кезінде.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жалпы дайындық талаптары: жалпы уақыттың 5-10 минуты үш тілде жалпы дамытушы лексикалық формаларды жүргізуге арналады: (дене шынықтыру минуты, санамақтар, дидактикалық ойындар, фонетикалық жаттығулар, тақпақтардың үлгілері, ұйқастыру).


  1. Балаларға үштұғырлы тілді оқыту әдістемесі

Ағылшын тілін оқыту әдістемесінің балалардың жасына сай әзірленуін ескеру керек.

Ойын әдістемесі балаларды да, тәрбиешілерді де қызықтырады. Балалардың жасына және жүргізілетін іс-әрекет түрлеріне тиімді әсер етеді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ойын элементтері қолданылады.


Өз беттерінше орындалатын шығармашылық жұмыстар.

Тілдік кеңістіктерге арналған заттық–дамытушы орта өзімен бірге:

- кассеталардағы музыкалық аудиоматериал, дисктер немесе өзге де тасымалдаушылар;

- ситуациялық, рөлдік, лексикалық мазмұны бар театрландырылған ойын;

- ертеңгіліктер, балалар өздерінің жетістіктерін көрсете алатын мерекелер.

  1. Негізгі амалдар

а) балаларға таныс емес тілдегі үлкендердің сөздеріне еліктеу;

б) көру, есту және пластикалық бейнелерді қалыптастыру. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде оқытудың вербальді емес құралдарын меңгеру (сурет, заттардың графикалық келбетін және сөйлемдердің құрылымы, музыка);

в) дидактикалық-оқу ойындарын қолдану;

г) жұмбақтар;

д) балалардың өзін-өзі бағалауына арналған драмаланған ертегілер және кішігірім әдеби қойылымдар;

Жұмыстың қағидалары.

1. Вербальді және материалды мадақтаудың түрлі құралдарын қолдану.

2. Сөйлеу қабілеттерін арттыратын педагогтармен балалар арасындағы өзара қарым-қатынасты қалыптастыру.

3. Лексиканы жүйелі жүргізу: лексикалық тапсырмаларды бекітетін сөздерді қолдану. Соңынан жинақталған сөздік қорын күнделікті өмірде белсенді пайдалану.

5. Балалардың қысқа мерзімді есін ескере отырып, өткен тақырыптарды қайталап отыру керек.

6. Айту дағдыларын дамытуға бағытталған дұрыс тілдік құрылымды оқыту.

7. Сыңарлық және топтық оқытуға ерекше көңіл бөлу. Бұл топта жағымды психологиялық ахуалды белгілеуге көмектеседі және тілдік тосқауылды алып тастайды.

8. Педагогтың сұрақтары мен нұсқаулығына реакция жылдамдығын дамытады.


  1. Ұйымдастырылған оқу әрекетін өткізудің үлгілік жоспары

1. Сәлемдесу.

2. Фонетикалық жаттығу.

3. Өтілген лексикалық материалды қайталау.

4. Қимылды ойындарды қолданып жаттығу.

5. Өтілген және кірістірілген жаңа лексикалық материалды белсендіру.

6. Ұйқастыру мен тақпақтарды жаттау.

7. Мультфильмдерді көру.


  1. Белсенді және пассивті сөздікті дамыту жағдайлары.

Балалармен ұйымдастырылған оқу әрекетінің мынадай негізде жүргізіледі:

- жеке-әрекеттік теориялық материалды практикалық әрекетке жатқызуға мүмкіндік беретін тәсіл;

- сәйкестендіру қағидасы, яғни жаңаны қалыптастыру негізінде бекіту мақсатында алда өтілген материалға қайта оралу;

- мектепке дейінгілердің негізгі әрекеті есебіндегі ойындар;









Оқытылатын тілдер бойынша мектепке дейінгі жастағы балалардың белсенді және пассивті сөздігін дамытуға қажетті үштұғырлы тілдер бойынша міндеттерді іске асыру:

Ұйымдастырылған оқу әрекеті үдерісінде үштұғырлы құрамына кіретін тілдерді оқыту технологиялары мен әдістемелерін үнемі жетілдіру;

- ұйымдастырылған оқу әрекеті үдерісінде «Қатынас» білім беру саласы бойынша үнемі ойындарды, ауызша халық шығармашылығы шығармаларын, үш тілдегі жұмбақтар, жаттығулар, рифмовкаларды қолдану

- күн тәртібі барысында (жуыну, тағамды қабылдау, ұйықтатуға жатқызу, серуендеу, таңғы қабылдау және т.б.) балалармен үш тілде қатынас жасауды қамтамасыз ету;

- күннің екінші жартысындағы дербес әрекеттер, сабақтар, үйірмелер, студиялар ұйымдастыру арқылы балаларды шетел тілдеріне жүйелі үйрету;

- тілдік кеңістікті кеңейту үшін заттық-дамытушылық ортаны жасау.


  1. Тілді үйретуде балалар мүмкіншілігін анықтау

Жұмыстың нәтижесі балалармен тілдік қатынас дағдыларын меңгеру Европа Кеңесі талаптары бойынша шетел тілдерін меңгеру деңгейінде ұсынылады:

Түсіну – «Мен жеке таныс сөздерді және асықпай дәл айтылған қарапайым тіркестерді күнделікті өмірдегі мен, менің жанұям, жақын қоршағандар туралы айтылғандарды түсінемін».

Тыңдау – «Мен таныс аттарды, сөздерді сонымен бірге хабарламадағы, плакаттағы, каталогтағы жай сөйлемдерді түсінемін».

Айту – «Мен, егер әңгімелесушім менің өтінішім бойынша өзінің айтқандарын қайталаса немесе менің айтатынымды қалыпқа түсіріп отырса диалогқа қатыса аламын».

Диалог – «Мен қарапайым сұрақтар қоя аламын және мені қызықтыратын және белгілі тақырыптар аясында оларға жауап бере аламын».

Монолог – «Мен қарапайым тіркестер мен сөйлемдерді қолданып қайда тұратын орным туралы және өзім білетін адамдар туралы айтып бере аламын».

Мектепке дейінгі жастағы балалардың оқуы мен жазуына деңгей қойылмайды.












Балалардың тілдік дайындығы стандарттың барлық «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салалары мазмұндары арқылы іске асырылады. Мектепке дейінгі ұйымдарда үштұғырлы тілді дамытуды іске асыратын осы салалардың бірі «Қатынас». Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарын іске асыру барысында үштұғырлы тілдерді оқыту бойынша арнайы бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірленуде, мектепке дейінгі білім берудің отандық және шетелдік үздік тәжірибе жұмыстарына негізделген оқытудың инновациялық технологиялары енгізілуде.

Қазақстан Республикасында болып жатқан соңғы онжылдықтағы әлеуметтік өзгерістер мәдениаралық қатынас құралы ретінде шетел тілдерін меңгеру қажеттігі қайта-қайта өсуі салдарынан халықаралық қатынастарды айтарлықтай кеңейтуге әкелді.

Шетел тілі балаға өзінің құндылықтарымен: табиғатымен, коршаған ортамен, ұлттық дәстүрлерімен, балалар халықтық ертегілерімен, фольклормен, музыкамен, өлеңдермен, әндерімен жаңа әлемді тануға болашақтарды ашады. Бұлардың барлығы мектепке дейінгілерде әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға, басқаларға қатысты төзімділікті тәрбиелеуге, өмірлік маңызды қатынас құралы ретінде шетел тілін тануға қызығушылық дағдыландыруға мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгілердің көптілді жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды рөл педагогтарға түседі. Балалармен жұмыс балалардың тілдік құзыреттілігіне, балалар әрекеттері түрлеріне (ұйымдастырылған оқу әрекеті, дербес шығармашылық әрекет, ойын, заттық әрекет, қарапайым еңбек әрекеті) бағытталуы керек.














Семинар қорытындысы бойынша кепілдемелер:

  1. Барлық педагогтар өз жұмысында мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалансын.

  2. Барлық педагогтар тіл дамытудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттер өткізсін. Орындалу мерзімі: 20.11-28.11.2014ж.

  3. Тіл дамытудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері технологиялық карталарын 02.12.2014ж. дейін тапсырсын.

  4. Барлық педагогтар үш тілдегі дидактикалық ойындар жинағын құрастырсын. Орындалу мерзімі: 2015 жылы қаңтар айында өтетін педагогикалық кеңесте көрме ұйымдастыру.

  5. «STEP by STEP» технология жағдайында мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік құзыреттілігін арттыру» тақырыбындағы педагогикалық кеңеске келесі педагогтар:

    • Педагогикалық кеңестің тақырыбы бойынша педагогтар Бочарова И.В., Жетписова Г.Т., Бұлақбаева Г.М. өз іс-тәжірибесімен бөліссін.

    • Тәрбиеші Керимканова Л.Т. көрме ұйымдастырсын.

    • Тәрбиеші Жумабекова А.О. ата-аналарға кеңес дайындасын.









11