Ашық сабақ «Сәлем – сөздің анасы»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы:   «Сәлем сөздің анасы»

Мақсаты:         Халқымыздың салт дәстүріндегі инабаттылық ережесі туралы

түсініктерін тереңдету арқылы балаларды сәлемдесу мәдениетіне, үлкенді

сыйлауға, имандылыққа тәрбиелеу.

Балаларды әдептілікке, кішіпейілділікке, сыпайылыққа, адамдар мен қарым

қатынас жасай білуге баулу.

Әдісі:       сұрақ жауап, түсіндіру, үйрету.

Көрнекілігі:    мазмұнды суреттер, нақыл сөздер.

 

Барысы:

                                                         І. Ұйымдастыру

                                                         ІІ. Кіріспе

 ІІІ. Сәлем беру түрлері

                                                         ІV. Қорытынды

Амандасу.

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын келді күн

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін

Сәлеметсіз бе, амансыз ба?

Бәріміз күндей жарқырайық

Бәріміз тату болайық!

Құрметті  апайлар  мен  жас бүлдіршіндер!

Бүгінгі «Сәлем сөздің анасы» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

«Сәлем сөздің анасы» деп аталатын тақырып, яғни ол тегін емес. Неге десеңіздер сәлем әдептілік белгісі.

Сәлемдесу адамдардың бір бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөлену, тілдесу, яғни ізеттілік пен инабаттылық нышанын білдіреді.

«Сәлем сөздің анасы» деп неге айтқан?