«Біз қазақша білеміз» ата- аналар арасындағы сайыс
Жүргізуші:
Наурыз той көңіл тойы, көктем тойы
Жақсылық болса дейтін өмір бойы.
Биыл да былтырғыдай ақ көбейсін
Елдегі бақыт, байлық, бақ көбейсін.
Наурыз құтты болсын аналарға
Наурыз құтты болсын баршамызға!
Бүгінгі «Біз қазақша білеміз!» атты сайыс ұйымдастырылып өткелі отырмыз. Олай болса, бүгінгі сайысқа қатысушы аналарымызды балалармен бірге қошеметтеп ортаға шақырайық.
1-ші Дятловтар отбасы
2-ші Хлыновтар отбасы
3-ші Величко отбасы
4-ші Жакеновтар отбасы
5-ші Баклановтар отбасы
- Жүргізуші:
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
- «Балбөбек» балабақшасының басшысы Жүнісова Ж.К
- «Балбөбек» балабақшасының әдіскері Советская А.В.
- «Сәулетай» тобының тәрбиешісі Темирбаева Бимаржан Жандарбекқызы
Ал қәзір құрметті аналар ортаға келіп мына сандық ішінен өздеріңнің кезек нөмірлеріңді алуға шақырамын.
Жүргізуші:
Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы бес бөлімнен тұрады.
1.бөлім «Тегін білмеген тектілік» Таныстыру.
( визитка о себе, семье на гос. языке)
2.бөлім «Біз өнерлі отбасымыз» сайысы.
(творческий спеть песню, прочитать стихотворение, танец)
3.бөлім. «Дәм думан» тағамдар сайысы үй тапсырмасы
( домашнее задание приготовить блюдо,рассказать, защитить)
4. бөлім «Біз қазақша білеміз»
(игра «Переводчик»,переведи предложение)
5. «Көктем – 2016» сән үлгісі
(приготовить костюм, рассказать,защитить)
Қатысушылар орындықтарға отырады
«Еркетай» тобы «Наурыз» әні
Отбасымыз келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді,
Әдеппенен ізетпен танысуға.
1.бөлім «Тегін білмеген тектілік» Таныстыру.
(Анасы баласымен шығып өздерін таныстырады)
Жүргізуші: «Гүлдер» биі
Келе жатқан мәңгілік дара салтын,
Мақтанышым, елдігім, парасатым.
Сенсің тілім, теңі жоқ тіршілігі,
Өміріме өң беріп жарасатын -
дегендей бірінші сайысымыз бағасын беруге әділ қазыларға сөз береміз.
Жүргізуші:
Біздің халық өнерпазға бай халық,
Әнші деп те биші деп те айталық.
Талаптарын таудай екен бүгінгі,
Өнерлеріңді көрсетсеңдер қайтеді –
дей отырып біздің сайыскерлеріміздің өз өнерлерімен ортаға шақырамыз
2.бөлім Өнер сайысы.
(Анасы баласымен шығып өлең, тақпақ би көрсетеді)
«Менің Отаным» ән орысша
Осымен бұл сайысты тамамдасақ,
Тағыда жарысамыз аман болсақ.
Сөз береміз әділқазы алқасына,
Әр ананың өнерлерін сараласақ.
Әділ қазыларға сөз береміз.
3. бөлім «Дәм думан» тағамдар сайысы үй тапсырмасы
«Қазақша» би
Әділ қазыларға сөз береміз.
4. бөлім «Біз қазақша білеміз»
«Гүлдер» биі «Еркетай»
Әділ қазыларға сөз береміз.
Жұргізуші:
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз- «Көктем - 2016 сән үлгі»
(Аналар өздері дайындаған сән үлгісін көрсетеді)
«Көктем келді» әні «Жұлдыздар» тобы
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Сіздер бүгін аруларымыздың өнерлі екенін байқадыңыздар. Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.
Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша (Көктем аруы, көрермен көзайымы, білімді ару,өнерлі ару, мың бұралған биші,) дипломдар тағайындайды.
Марапаттау жүргізу.
Сайыс аты сайыс емес пе,
Бұған ешкім ренжімес те.
Қатысқанның өзі мәртебе емес пе
Бұл да алар бір қамал емес пе.
Жеңістеріңіз құтты болсын!
Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Наурыз құт –береке , бірлік әкелсін.