Кулагино орта мектебі
[pic]
Сабақтың тақырыбы: «Ерте, ерте, ертеде»
Мектепке дейінгі шағын топ
Өткізген: Кадиркулова Лаура
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет .
Тақырыбы: «Ерте, ерте, ертеде...» (Қайталау)
Көрнекіліктер: бейнеэкран, оқу іс-әрекетінің презентациясы,
Сабақтың мақсаты: Ертегіге қызығушылығын арттыру.
Білімділігі: Суреттер бойынша өткен ертегілерді еске түсіре отырып, ертегі жанрының ерекшелігін, мазмұнын айтып жеткізу.
Дамытушылығы: Балалардың ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Есту қабілетін және есте сақтауын дамыту. Ертегі кейіпкерлерінің сұрақтарына жауап беру арқылы ертегіге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: Адамгершілікке, қайырымдылыққа, ұжымдастыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері:
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Үлкендерді көргенде,
Сәлемдесіп аламыз.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем неше ай қонақта болады?
Көктем айларын атайық?
Көктем ерекшеліктерін еске түсірейік?
Балалар біз жыл бойына қандай ертегілермен таныстық? Есімізге түсірейікші.
-Өте жақсы балалар!
-Ертегі дегеніміз не?
Ертегі – ол қиял әлемінен туындаған әңгіме. Ертегіде жан-жануарлар мен түрлі аң құстар адам тәрізді сөйлей алады.
Алдымен сабағымызды бастамас бұрын «Жасырын ұяшықтар» атты дидактикалық ойын ойнаймыз.
Алдарыңызда 4 ұяшық берілген. 4 ұяшықта әртүрлі ертегілер жасырынған.
-Қане, кім шапшаң екен?
Ойын «Жасырын ұяшықтар»
Енді осы ертегілердің ішінен бүгінгі оқу іс – әрекетімізде өтетін ертегіне ұяшыққа көбелектер жинау арқылы табамыз. Көбелектер қандай түсті ұяшыққа қонса сол ұяшықтан бүгінгі оқу іс – әрекетімізде өтетін ертегінің суреті шығады.
-Қандай ертегі шықты?
-Бауырсақ.
-Бауырсақ ертегісін қайталап айтып берейік. (3 баладан сұрау).
Олай болса балалар ертегі кейіпкерлерін атайықшы.
Ата, әже, бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкі.
Бізге ертегі кейіпкерлері тапсырмалар ұсыныпты.
тапсырма.
Ертегіде ата бауырсақ жегісі келді ме, әлде балық жегісі келді ме?
Сендердің алдарыңа сурет ұсынамын, сендер атаның не жегісі келгенін табасыңдар.
2-тапсырма
Әже, бауырсақты суыту үшін терезе алдына қойды ма, гүлдер арасына қойды ма?
3-тапсырма
[pic]
4-тапсырма
Жұмбақ шешу арқылы қоянның тамағын табамыз?
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (Қоян)
Қоян не жегенді ұнатады?
Көкөністер арасынан сәбізді тап
[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]
5-тапсырма
[link]
Қасқыр қандай аң?
Қасқыр қайда мекендейді?
[pic]
6-тапсырма
Жұмбақ шешу арқылы аюдың не жейтіні және қандай жәндік көмектесетіні туралы табамыз.
Қорбаң қорбаң етеді,
Орман оның мекені? (Аю)
[pic]
Аю не жегенді ұнатады? Аюға балды жинауға қандай жәндік көмектеседі?
[pic] [pic] [pic] [pic] [pic]
7-тапсырма
Түлкі қандай әшекей тағынған? Сақина ма, моншақ па?
8-тапсырма
Ертегі соңында бауырсақты не жеп қояды? Аю ма түлкі ме?
Енді балалар ертегі кейіпкерлерінің тапсырмасын орындаймыз деп шаршадық. Қане, бәріміз сергіту сәтін жасайық.
Балалар ертегіні бізге шатастырып беріпті.Біз орнына шатастырмай орналастырайық.
«Шатасқан суреттер» ойыны.
Балалар біз қазақ тілінен басқа қандай тілді өтіп жатырмыз.
-Дұрыс айтасыңдар. Орыс тілін. Біз барлық тілді жете меңгеруіміз керек.
Ертегі кейіпкерлерінің қазақша және орысша сөздерін айтайық.
Қорытынды:
Қандай ертегіні еске түсірдік?
Ертегі ұнады ма?
Оқу іс-әрекетінің қай бөлімі ұнады?
Жақсы қатынасқан балаларды мадақтау.