Открытое занятие по сенсорному восприятию в 1-ой младшей группе КҮНШУАҚ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімнің аты: Сенсорика

Сабақтың тақырыбы: Бауырсақтың ізімен.

Сабақтың мақсаты:

Тәрбиелік: балаларда бір-біріне сыйластық сезімдерін тәрбиелеу; әр уақытта көмекке келуге ұмтылдыру.

Білімділік: түстер, пішіндер туралы біліімдерін бекіту; ортақ белгілері бойынша пішіндерді топтастыру; заттарды салыстыра білу; кеңістікте дұрыс бағдарлай білу; байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Дамытушылық: ұсақ қол моторикасын дамыту; ес, зейін қабілеттерін дамыта беру.

Сабақтың типі: қорытындылау ашық сабағы.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Ағаштардың макеті, «Бауырсақ» ертегісі бойынша кейіпкерлердің макеттері, сандық, кітап, фланелограф, сабынды көпіршектер, аяқ іздері, үйшік, әдемі қорап, әр түсті кішкентай шарлар, бауырсақтың сары, жасыл, қызыл түсті суреттері, соларға сәйкес көкөністер(алма, бұрыш, алмұрт, қияр, қызанақ, балапан), үлестірмелі материалдар

Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, көркем әдебиет, қоршаған орта



Мотивациялық қозғаушылық









Ұйымдастыру –ізденушілік



























Дидактикалық ойын «Ұқсас пішіндерді қой»





















Дидактикалық ойын «Дәрумендер»























Сергіту сәті «Көңілді сабынды көпіршіктер»

















Дидактикалық ойын «Түспен сәйкестіру, топтастыру»





Кері байланыстылық-

түзетушілік

І.Ұйымдастыру кезеңі: «Шаттық шеңбері»

-Сәлем саған Алтын Күн!

Сәлем саған Көк Аспан!

Сәлем саған Жер-Ана!

Сәлем бердік баршаңа!

II.Ғажайып сәт.

-Балалар, мынау не?

-Сандық ішінде не бар?

-Бұл ертегі кітап қалай аталады?

-Ертегі не туралы?

-Бауырсақты көріп тұрсыңдар ма?

-Көзімізді жұмайық!

-1,2,3 енді ашыңдар!

-Балалар, жерге қарайықшы. Ұзыннан-ұзақ іздер жатыр. Балалар бұл ненің іздері?

Осы іздермен жүріп бауырсақты іздейік. Бауырсақ кімнен қашып кетті? (Бауырсақтың әнін айтады).



-Ой, балалар, мынау ағаштың түбінде не отыр? Ол өте көңілсіз екен! Қоянның қолында қағаз бар. Ол Бауырсақтың тапсырмасы екен. Кәне қоянмен бірге тапсырманы орындайық!

Ойынның мақсаты: пішіндердің түрін, түсін атап білу. Ұқсастықты табу. Ойынның барысы: карточкадағы пішіндердің нобайына ұқсас пішіндерді қою.

-Біздің қоянымыз қуанып қалды ғой!

-Әрі қарай іздермен жүре берейік! Әнімізді ұмытпайық!







-Балалар, ағаштың түбінде не отыр?

-Қараңдаршы, қасқырымыз ашулы. Өйткені оның қарны аш! Оған дәмді, тәтті тағам керек.

-Мына сиқырлы қораптан іздеп көрейік! Қаттылап шайқап алайықшы. Қолымызды сұғып бір-бірден алайық.

Мақсаты: заттардың пішіні мен түсін ажыратып айтуға дағдыландыру.

-Мынау қызыл дөңгелек дәрумен.

-Қасқырымыз дәрумендерге тойып қалған сияқты көрінбей кетті ғой.

-Бауырсағымызды іздеуді жалғастырайық!





-Балалар, мынау не?

-Үйдің қасында не тұр?

-Сонда бұл үйшікте аю тұрады екен ғой!

-Кәне, аюдан бауырсақ қайда екенін сұрайық.



-Бауырсақ қайда екенін аю көрсетеді, егер біз онымен өте қызықты ойын ойнасақ. Кәне «Көңілді сабынды көпіршіктер» ойынын ойнайық.

-Аю, сендерге риза, балалар!

-Қараңдаршы анау бір ағаштың түбірінде нені көріп тұрсыңдар? Жақынырақ барайық.

-Бауырсақтың қасында не отыр?

-Қу түлкі не істейді?

-Балалар, бауырсаққа көмектесейік.

-Бауырсақтың түсі қандай?

-Сары бауырсағымыз түсін өзгерту керек. Сонда қу түлкі сары бауырсақты таба алмай қорқып қашып кетеді.

Мақсаты: заттарды түсіне қарай сәйкестіріп топтастыру.

-Алдарыңда әр түсті бауырсақтар және нелер бар?

-Сары бауырсаққа сары алмұрт керек.

-Алмұрт не ол?

Сабақты қорытындылау:

-Жарайсыңдар! Тамаша! Біз Бауырсақты түлкіден құтқардық!

-«Бауырсақ» ертегі кейіпкерлерін атап, фланелографқа орналастырайық.

Балалар іс-қимыл әрекеттерін көрсетеді.









-Сандық.

-Кітап.

-«Бауырсақ» ертегісі.

-Бауырсақ туралы.

-Жоқ.

Көздерін жұмады.



Жердегі іздерді көреді.

-Бауырсақтың іздері.

-Мен атадан қашып кеттім,

Мен әжеден қашып кеттім.

-Қоян.



Тапсырманы орындау. Бірнеше балаға дауыстатып орындату

-Мен атадан қашып кеттім,

Мен әжеден қашып кеттім,

Мен қояннан қашып кеттім.

-Қасқыр.



Бірге қорапты ұстап шайқайды.

2-3 бала осы үлгімен жауап қайтарады.

- Мен атадан қашып кеттім,

Мен әжеден қашып кеттім,

Мен қояннан қашып кеттім,

Мен қасқырдан қашып кеттім.

-Бұл үй.

-Аю.

-Аю бауырсақ қайда? (Барлығы дауыстап сұрайды).



Балалар үрлеп, шапалақтап жарады.



-Бауырсақты.

-Қу түлкі.

-Бауырсақты жеп қояды.



-Сары.

Үлгімен айтып, заттарды сәкестендіріп топтастырады.

-Жемістер, көкөністер.



-Жеміс. Ағашта өседі.

2 -4 баланы сөйлеткізіп жауап алу.



-Мынау ата!

-Мынау әже!



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: түстерді, пішіндерді ажыратады, аттарын атай алады. «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері мен ертегі мазмұнын біледі.


Қандай түсініктерді игерді: түстер мен пішіндердің атауларын; ертегі мазмұны мен кейіпкерлерді игерді.


Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: түстер мен пішіндерді сәйкестендіру, топтастыру; ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.