ТІЛ ДАМЫТУ
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы:Қатынас
Бағдарлама тауарлары:Тіл дамыту
Тақырыбы:Ұлттық киімдер ерекшелігі
Мақсаты: Ұлттық киімдердің ерекшелігін түсінеді, атаулары мен түрлерін ажырата біледі.
Міндеттері:
Білімділік: Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшелігін түсінеді
Дамытушылық: Ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы өз ұлты үшін мақтаныш сезімдерін, есте сақтау қабілеттерін дамытады
Тәрбиелік: Өз халқын сүюге, ерекшеліктерін құрметтей білуге тәрбиеленеді
Құрал - жабдықтары: ұлттық киімдер суреттері, мерекелік суреттер.
Сөздік жұмысы: ұлттық - национальный
І.Ұйымдастыру Балалардың назарын ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне аударту.
Іздену – ұйымдастырушылық
-Балалар, біз қай елде тұрамыз?
-Біздің ұлтымыз кім?
Балалар, әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, белгілері, болады екен. Әр ұлттың ерекше киім үлгісі мен әдет – ғұрыптары болады.
Біздің ұлттың да ұлттық киімдері бар. Олар:
Шапан- бұл ер адамның сырт киімі, Тақия,қалпақ – бұл ата, баланың бас киімі
Аяқ киімдер: мәсі, саптама етік бұлар қазақтың ер адамның ұлттық киімі
Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі Камзол
кимешек, көйлек, сәукеле. Әйелдердің әшекейлері: сақина, сырға, білезік
Балалар әр ұлттың меркелік киімдері әртүрлі болады, біздің яғни қазақ ұлтының киімі, әдемі әйелдердің әшекейлері ою өрнектермен ерекшеленеді.
Біздерде көптеген ою өрнекетердің түрлері бар, біздер алдыңғы оқу іс-әрекетінде оюлармен таныстық, еске түсірейікші қошқар мүйіз, сұқ саусақ, құс қанаты т.б
Біздің ұлттық киіміміз өте әдемі, біздер өз ұлтымыздың киімін құрметтеуіміз керек.
Сергіту сәті
Тымақ киіп басыңа,
Иыққа шапан жабайық.
Тізілген маржан тасы бар
Қаусырма белдік тағайық.
Етек жеңді жинақтап,
Төрден орын табайық
Сұрақтарға жауап береді.
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Рефлексивті корригиялық
Қорытынды:
Ойын: «Не жасырылған?» (Ұлттық киімдердің суретін жасыру)
Міне балалар бүгін біздер немен таныстық?
Ұлттық киіміміз немен ерекшеленеді?
Жарайсындар балалар!
Мадақтау
Ойын ойнайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Балалар өз ұлтының киімдерінің ерекшелігін біледі
Істей біледі: Балалар өз ұлтының киімдерін құрметтейді, сергіту сәтін жасайды.