Сиқырлы таяқшалар (0 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сиқырлы математика - ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Рамазан Білім саласы: Таным Бөлімі: Сиқырлы математика Тақырыбы: Сиқырлы таяқшалар Мақсаты: Балаларды (5-7) ,(7-9) таяқшаларды пайдалана отырып , геометриялық пішіндер құрастырып үйрету. Жалғастыра құрастырған және таяқша қосып өзгертуге үйрету.Санау дағдылырын қалыптады. Берілген таяқшалардан геометриялық пішіндер құрастыру. Математика сабағымен барлық денелерді ұштастыра отырып , балалар бойына математикаға деген қызығушылықтарын арттыру. Қолданылатын көрнекі кұлардар мен жабдықтар: таяқшалар , сандар, геометриялық пішіндер. Сөздік жұмыс: Үшбұрыш, шаршы, тіктөрбұрыш,дөңгелек , таратпалы көңіл -күйлер

Мотивациялық         қозғаушылық

 

-Балалар бүгінгі сиқырлы математика сабағымызды бастамас бұрыш шаттық шеңберін құрасырайық.

Шаттық шеңбер

Он қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бесті –беске қосқанда болады бізде он саусақ

-Балалар кәне барлығымыз бүгінгі күнге сәттілік тілеп жаңа математика әлеміне саяхатқа шығайық.


Көңіл –күй сыйлау

-Балалар кәне барлығымыз көңіл күйімізге байланысты мына смайликтерді алайық.

Балалар алып өз көңіл -күйлерін айтады.

 

 



Шаттық шеңбер

Он қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бесті –беске қосқанда болады бізде он саусақ



 

 

 Балалар орындарынан тұрып смайликтер алады.

Өз көңіл -күйлерін айтады

Ұйымдастырушылық-ізденістік

1 тапсырма

-Балалар бүгін біздер сиқырлы таяқшалар әлеміне саяхатқа шығамыз.

-Сендер саяхатқа шыққыларын келе ме?

Балалар мен орманға шығамыз


1-тапсырма «Аюдың тапсырмасы»

-Балалар Аю бізді орманға кіргізгісі келмей тұр. Ол бізге орманға кіру үшін алдымен 1-10 ға дейін санауларын қажет дейді.

-Балалар 1-10 ға дейін санаймыз ба?

-10-1 дейін кейін қарай санайық .

Аю орманға саяхатқа кіргізеді.


2 –тапсырма «Түлкі мен бауырсақ»

-Балалар түлкі бауырсақты жеп қоямын дейді.

-Бауырсақты қорғаймыз ба?

«Түлкінің тапсырма» Балалар түлкінің тапсырмасын тыңдайық.

-Мына берілген суреттен геометриялық фигураларды тауып сызыңдар.

Балаларға таратпалы суреттер беріледі суреттерге қарап

-Балалар айтыңдаршы кімде қандай фигура бейнеленген?

-Бойымызды жазып дем алу үшін сергіту сәтін жасайық

Орнымыздан тұрайық

Қолды белге қояйық

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп

Бір дем алып алайық



3-тапсырма: «Сиқыршының сиқырлы таяқшалары»

Балалар сиқыршының үйіне қонаққа келеді . Бізге сиқыршы сиқырлы таяқшаларынан геометриялық пішіндер құрастыру керек.





-Балалар неше таяқшалардан құрастырдық геометриялық фигураларды?

-Фигуралардың аттарын айтыңдаршы






-Құрастырылған геометриялық фигуралардын түстерін ажыратып фигураларды орнына қоямыз.


Қарындаштар мен жұмыс:

-Балалар фигуралар елінен берілген суретті бояп шығамыз.

Балалардың ұқыптылығымен қарындашпен жұмыс жасауына қарап бояу,түстерді ажыратуға мән беру.

Қорытынды:

Балалар сиқыршымен қоштасады.

-Балалар орманға саяхаттаған сендерге ұнады ма?

 



-Иә







-1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
-10,9,8,7,6,5,4,3,2,1






-Иә







-балалар берілген фигураларды көрсетіп айтады.



Орнымыздан тұрайық

Қолды белге қояйық

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп

Бір дем алып алайық

Қимылмен жұмыс жасайды





Берілген таяқшалардан геометриялық фигуралар құрастырады.




-Балалар өз сандар қатарын айтады.

-Ұшбұрыш

-Төртбұрыш

-Тік төртбұрыш

-Алты бұрыш

-Дөңгелек


Түстерін ажыратып орнына қояды.




Балалар берілген түстерді ажыратып айтады.





-Иә бізге оманға саяхаттаған ұнады

Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар сиқырлы математика сабағы не туралы болды?

-Сиқыршының сиқырлы таяқшаларынан не жасадық?

-Тағы қандай тапсырмалар орындадық?

Балалар берілген сұрақтарға жауап береді

Балалар мадақталып ,бағаланды


Сиқырлы таяқшалар туралы болды.

-Геометрилық игуралар жасадық


 Күтілетін нәтижелер:

Білу керек: Геометриялық фигураларды тауып,фигураладың атауларын біліп, берілген таяқшаларды дұрыс орналастыру. Игеру керек: Фигураларда берілген түстерді ажыратып , түстерді дұрыс атауды. Меңгеру керек: Берілген тапсырмаға жауапкершіліпен қарауды,ұқыптылықты меңгереді