Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Көңілді саяхат
Мақсаты: Балаларға 2-6 дейінгі cандарының құрамын анықтауға, 6 көлемінде сандық жазбаша және ауызша есептеуге, сандарды тура және кері санауға, сандар көршісін атауды үйрету. Заттарды санау арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Ұжымдылыққа, мейірімді болуға, көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: саяхат сабақ
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, ой-қозғау,
Көрнекіліктер: 1-10 цифр карточкалары, хат, тапсырмалар, слайд.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалар әрекеті
Әрекетті туындату, түрткі болу
Жылулық шеңбері
Тәрбиеші балаларды жылулық шеңберіне шақырады.
Балалар орындарынан тұрып жылулық шеңберін жасайды.
Ал, балалар тұрайық,
Алақанды ашайық
Күннің нұрын алайық
Таза ауаны жұтайық
Жүрекке жылу салайық
Мейірімділік шоғын алайық
Жиналған жылы шуақты
Қонақтарға шашайық.
Ұйым
дастыру
Ізденіс жүргізу
Тәрбиеші: - Балалар, бізге Жалқаубек хат жіберіпті (ашып оқу)
Хатта: «Балалар, мен Жалқаубек «Математика» елінде әбден шатастым. Маған көмектерің қажет. Достар, сендерді күтем. Сәлеммен Жалқаубек.»
-Балалар, Жалқаубекке көмектесеміз бе?
- Бүгін мен сендерді «Математика» еліне саяхатқа баруға шақырамын. Ол жаққа бару үшін, аздап дайындалып, жаттығып алайық.
«Сергіту сұрақтары» тапсырмасы
1 жылда неше мезгіл?
Қазір қай мезгіл? Қай ай
1 аптада неше күн бар?
-Бүгін аптаның нешінші күні
-Бесінші күнді қалай атаймыз?
Балаларға көздерін жұмып отыруды ұсынады. Әуен ырғағымен «Қызықты математика» әлеміне алып барады.
- Бұл елдің тұрғындары бізге қызықты тапсырмалар дайындап қойған екен.
«Тура және кері сана» тапсырмасы
Мақсаты: сандарды тура және кері санауға дағдыландыру.
«Көршісін тап» тапсырмасы
Мақсаты: сандардың орналасу ретін білу.
«Санның құрамын тап» тапсырмасы
Мақсаты: 6 және 3 сандарының құрамын табу. (дәптермен жұмыс).
Сергіту сәті: «Бір дегенде тұрамыз»
«Көңілді есептер» тапсырмасы
Мақсаты: балаларды ауызша және жазбаша есептеуге үйрету.
1) Табақта 3 алма,
Қолымда 2 алма,
Қосқанда барлығын,
Болады неше алма?
2) Тоғайда барлығы 6 торғай отыр, 2-еуі ұшып кетті. Қанша торғай қалды? (Тоғайда 4 торғай қалды.)
Таратпа материалмен жұмыс.
Мақсаты: Есеп құрап шығару.
Балалар назарларын хатқа аударады. Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Балалар Жалқаубекке көмектесуге дайын екендерін айтады. «Математика» еліне баратындарына қуанады.
Сұрақтарға жауап береді.
- 1 жылда 4 мезгіл бар.
- қазір қыс мезгілі, желтоқсан айы.
- 1 аптада 7 күн бар.
- Бүгін аптаның 5 күні, жұма.
-аптаның демалыс күні жексенбі деп аталады.
Тәрбиешінің айтуымен көздерін жұмып, «Қызықты математика» әлеміне барады.
Балаларға 1-10 дейін цифрлар таратылып беріледі. Берілген уақыт ішінде ретімен тұрады. (1-10) Өз цифрларын атайды. Керісінше ретпен тұрады (10-1).
Балалар сандардың көршілерін табады.
Балалар 6 және 3 сандарының құрамын тауып жазады.
Бір дегенде тұрамыз,
Мойнымызды бұрамыз.
Екі десе еңкейіп,
Қайта түзу тұрамыз.
Үш дегенде тосылма,
Отыр қайта орынға.
Берілген тапсырмаға байланысты сандардан есеп құрап жазады.
Рефлекция – түзету жұмыс
тары
(коррекция)
Қорытындылау:
Жалқаубек балалардың біліміне риза болады, тапсырманы орындағандарына рахмет айтады. Сыйлыққа жұлдызшалар сыйлайды. Балалармен қоштасады.
-Балалар, біз кайда саяхатқа шықтық?
-«Математика» елінде біз кімге көмектестік?
-Жалқаубекке бару үшін, қандай тапсырмалар орындадық?
-Бүгінгі саяхатта сендерге не ұнады ма?
«Математика» еліндегі тапсырмаларды дұрыс орындағандарына қуанады. Жалқаубекке көмектескендері үшін сыйлық алғандарына риза болады.
Қонақпен қоштасады.
Тәрбиешінің сұрақтарына толық жауап береді.
Күтілетін нәтиже: Біледі: 2-6 дейінгі cандарының құрамын, 6 көлемінде сандық жазбаша және ауызша есептеуді, сандарды тура және кері санауды және сандар көршісін атай біледі.
Түсінігі бар: санның құрамы, цифрлардың орналасу реті, есепі ауызша және жазбаша есептеуге болатындығы туралы түсініктері бар.
Орындай алады: берілген тапсырмаларды орындай алады.