Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: дыбыстар туралы балалардың
ұғымдарын кеңейту. Сөздік қорын молайту. Аталған дыбыстар
сөздің қай буынында кездесетінін білдіру. Ойын ойнату бары-
сында игерген білімдерін бекіту. Сөзге дыбыстық талдау жасату. Жазуға қолын жаттықтыру.
Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктер: суреттер, текшелер, қолжаттықтыру дәптермен таныстыру.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
-Енді мына бір өлеңге құлақ түріңдерші.
«Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер» деген өлең жолдарында не туралы айтылған?
- Гүлдер.
- Гүл сөзінің басында қандай дыбыс естіп отырмыз? (Балалардың жауабы).
- Өте жақсы. Енді г дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
- Сондықтан гдыбысы - дауыссыз дыбыс. Көк текшемен белгілейміз.
2. Дәптермен жұмыс.
Гитара, егін, кереге сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы г дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне г дыбысының сөздің басында, ортасында кездесетіндігін түсіндіру. Дәптердегі буындарды, сөздерді, сөйлемдерді оқыту. Бірнеше рет хормен оқыту.
Жазу жцмысы. Педагог г әрпін ауада және тақтада жазып көрсетеді.
Дәптерге үлгі бойынша г дыбысының кіші жөне бас өрпін бастырып жазады.
Сөзжұмбақты шешкізеді. Ай+нұр, Гүл+сім, Ай+гүл.
3. «Кім зейінді?» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог фланелеграф тақтасына г дыбысы бар суреттерді іліп, «Қай суретте аталған г дыбысы кездеседі?» - деп сұрайды. Балалар да г дыбысы қай сөзде бар екенін анықтайды. Г дыбысын кім бұрын атаса, сол жеңімпаз аталады.
Гүл, көгершін сөздерінде г дыбысы сөздің қай жерінде кездесіп тұрғанын анықтату.
4. Сөздік жұмысын жүргізу.
5. Г дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру және дыбыстық талдау жасау. Мысалы: гүл, галстук, көгершін, т.б.
6. « Адасқан әріптер» дидактикалық ойыны. Ойынның шарты: тақтаға кейбір әріптерінің орындары ауысып кеткен сөздер жазылған қағаздар ілінеді. Балалар «адасқан әріптерді» орындарына қойып, сөздерді оқиды. Мысалы: лүг - гүл, ешег - шеге, т.б.
ІІІ.Қорытындылау.
Төменде берілген жүмбақтардың бір-екеуін жасыру.
Қатар-қатар түйме
Басса, салар күйге. (Гармонь)
Мінезін оның түсінгем,
Ашуы тамақ пісірген. (Газ)
Жұпар исі еседі,
Жайнап бақта өседі.
Қайсы әріптен басталған,
Аты не, кім шешеді? (Гүл, г әрпі)
Өзі сондай нәзік,
Су құйсаң кетеді
Алақанын жазып. (Гүл)
- Қазір серуенге шыққанда айналамен таныстыру кезінде
гүлдің суретін салып, бақшадан гүл тереміз.
- Сонымен бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
- Гдыбысы қандай дыбыс?
- Қандай текшемен белгіледік?
- Яғни г дыбысы қандай дыбыс екен?