Баланың үш жастағы дағдарысы
Баланың үш жастағы дағдарысты қарастыруға себін тигізетін үш түрлі көзқарас бар. Біріншіден, бұл дағдарыс баланың өтпелі кезеніне байланысты.
Өйткені бала психологиясында бұл кезеңде жаңа-құрылымдар мен саналы ерекшеліктер пайда болады. Бала психикасының дамуындағы дағдарыстын пайда болуын оның жақын арадағы даму аймағына қатысты қасиеттерді өзгеру заңдылығымен ұштасты түрде іздестіру керек болады.
Үш жастағы дағдарыстын мән-жайын ашып көрсету үшін баланың дамудағы сыртқы және ішкі жағдайларды қарастыру қажет. Бұл мәселенін түйінді жері баланың үш жаста дағдарысқа ұшырау себептері нендей жағдайларға байланысты болады және оның қалыпты жағдайдан ауытқуына әсер етуші фактор қандай? деген мәселенің мәнін айқындап көрсетуді талап етеді.
Осы мәселенің мәнін ашып көрсетуде біріншіден, дағдарыс баланың бойындағы мұндай жағымсыз қылықтарын оның тіл алмай, қасарысуынан айыра білу қажет. Баланың жағымсыз қылықтары ересектердің қойған талаптары мен айткандарының бәріне қарсы шығады. Алайда баланың бір нәрсені істеуге зауқы болмаса мұның бәрі жағымсыз қылықтары мен қарсылық керсетуін (мысалы, ол ойнап жүргеңде оған жатып ұйықта десе, ол бірден төсегіне жатып ұйықтамайды), мұның бәрін дағдарыс кезенінің көріністері деп санауға болмайды. Бала барынша өзінің ойындағысын істегісі келеді. Бірақ оған тыйым салынады. Бұл жайттардың бәрін қисық-қынырлық қылық, жағымсыз мінез деуге болмайды. Осындай жағдайда баланың ересектер талабына қарсы әрекеті оның өзі ұнатқан іспен шғылданғысы келетінін көрсетеді.
Баланың үлкендердің талабына қарсылық білдіріп, ондай ұсыныстарын орындамай қырсығуы оның өзіндік ойы мен тілегін іске асыруға ұмтылуын көрсетеді. Мұндай қылық бала әрекетіндегі өзіңдік санасындағы өзгерісті, оның сапа жағынан жаңа сатыға көтерілгенін көрсетеді. Дағдарыстың көрінісі баланың ісіне, осындай қылықтарынан айқын байқалады. Егер баладан басқа бір нәрсені істеуді өтініп сұраса, онда ол бұл жағдай өзінін көніліне қонымды болғандықтан қарсылықсыз орындайды.
Баланың бойын ашу-ыза кернегенде әмірлі дауыспен айтқан сөз де оған әсер етпейтінін байқатты. Бірсыпыра авторлар мұндай жайттарды көркемдеп жазды. Мысалы, ересек адам сәбиге келіп әмірлі үнмен: «Мына көйлектің түсі қара» десе, ол қарсылық көрсетіп, «бұл көйлектің түсі ақ» дейді. Қасарысу оған айтылған сөздердің мәніне қарамастан керісінше істеуге кесірлену дағдарыстың нақтылы көрінісі.
Жағымсыз әрекеттің тіл алмаудан екі түрлі айырмашылығы бар.
Біріншіден, бұл жерде өзге адамдармен әлеуметтік қатынас жасау манызды орын алады. Бұл ретте балаға айтқанды істеп, оны ұқтыру орындалатын әрекет маңызыды емес, өзге адамдармен қатынас жасау ниеттілігіне байланысты. Жағымсыздық мінез-қылық әлеуметтік сипаттағы әрекет, бұл орайда балаға қойылған талап мазмұны емес, оның мәні адамға: бағытталған.
Екінші ерекшелік — баланың өзінің ашу-ызасына; деген жаңаша қатынасы. Ол ашу-ыза әсерімен әрекет етпей, өзінің. көңіл-күйіне керісінше әрекет жасауға ұмтылады. Ашу-ызара бой билету мен әрекетгену үш жастағы балаға тән мінез ерекшелігі. Көптеген зерттеу нәтижелері баланың сәбилік кезеңінде оның ашу-ызасы мен іс-әрекеті бірігіп кететінін көрсетеді. Мектепке дейінгі жаста басқа адамдарға қатысты әрекет те пайда болып, ол өзге жағдайларға қатысты ашу-ызадан туындайды. Егер баланың қарсылығы белгілі бір жағдайға байланысты болса, онда оны баланың жағымсыз қылығы деп санауға болмайды. Мұндай ретте жағымсыздык әрекет дәл сол кездегі оқиғаға байланыссыз жағдайда көрініс табады.
Үш жастағы дағдарыстың екінші көрінісі — қырсығу. Жағымсыздық қырсығудан өзгеше қылық. Қырсығудың өзін қасарысудан ажырата білу керек. Мысалы, бала бір нәрсенің орындалуын өзінше талап етіп қасарысып тұрып алады. Бұл қырсықтану емес, бұл үш жастағы дағдарысқа дейін де кездеседі. Мысалы, бала бір затты иемденгісі келеді, бірақ оны бірден ала алмайды. Ол бұл заттың өзінікі болуына қасарысумен қол жеткізеді. Қырсықтану дегеніміз, сәбиге бір зат оған аса қажет болғандықтан қасарыса қалмайды, ол затты сұрағаны үшін ғана: қасарысады. Ол өз талабының орындалуын тілейді. Айталык, сәбиді ауладан үйге шақырдық дейік; ол көнбейді, бірақ біз оның үйге кіру керектігін дәлелдеп, үгітгейміз, ол дәлелді түсінгенімен; бәрібір үйге кірмейді. Сәбидің қырсықтану себебі өзінің бастапқы шешіміне байланысты болады. Тек осы жағдай ғана қырсықтануға жатады. Қырсықтануды кәдімгі қасарысудан ерекшелейтін екі сәт бар. Оның бірі — жағымсыз қылыққа ұқсастығы, оның себепке қатысы бар. Егер бала дәл қазір қажет етіп тұрған нәрсесін қасарысып сұраса, бұл қасарысу болмайды. Мысалы, ол шанамен сырғанауды ұнатады, сондықтан да күні бойы аулада жүргісі келеді.
Екінші сәт. Егер жағымсыздыққа әлеуметтік сипат тән болса, яғни бала ересектердің айтқанына керісінше әрекет жасайтын болса, қасарысу сипаты болғаны. Баланың ызасы өзгермелі болады деп айтуға болмайды. Баланың дағдарысқа ұшырау кезеңіне дейін оның өзіне деген ниет-қылығының себептерін қалайша болатындығына көз жеткізуіміз керек.
Үшінші сәт — баланың қыңырлық кезеңі.
Бала мінезіндегі ерекшеліктің алғашқылардан айырмашылығы қандай? Қыңырлық жеке бастың ерекшелігі емес. Жағымсыз қылықтар баланың қандай да болсын ересектерге қарсы бағытталған әрекеттері. Ал қыңырлық бала тәрбиесінің қалпына қарсы, өмір салтына қарсы бағытталады: ол «ой қойшы!» деген баланың өзіне тән риза болмауын білдіреді, сәби өзіне ұсынылғанның, істегеннің бәріне жауап береді. Бұл жерде қырсықтық белгі адамға қатысты емес, 3 жасқа дейін қалыптасқан барлық өмір салтына қарсы. Бұрын ол қызыққан ойыншықтарды ұсыну қалпына қатысты. Қырсықтықтын қасарысудан айырмашьшығы сол, ол қалайда өзінік қажетін орындауға табандылық көрсетуі.
Буржуазиялық сипаттағы тәрбиеде қырсықтық үш жастағы бала бойындағы дағдарыстың негізгі белгісі болып саналады, Өйткені бұрын әулетте еркелетіп өсірілген бала енді айналасындағы адамдармен қатынасы дөрекілене бастайды. Баланың бойында енді назарылық білдіру пайда болып, оған бұрынғы жасалған әрекеттерге жасырын түрде қарсы шығып, өзінің риза еместігін білдіреді,
Еңді төртінші ерекшелік — өзіндік ерік немесе өзімшілдік мінез деп аталады. Бұл баланың дербестік бағытын көрсетеді. Енді бала бәрін өзі істегісі келеді.
Талданып отырған дағдарыс түрлерінін бұдан басқаша үш түрі бар деп жүр, бірақ олардың қосымша ғана маңызы бар. Оның біріншісі — қарсылық көрсету. Баланың мінез-құлқындағы бірқатар көріністердің бәрі қарсыласу сипатында болады. Оның мінез-құлқы өзгелерге қарсыласу ерекшеліктермен көрініс беріп, өз маңыңдағылармен ұрысьш, таласып, үнемі ренжісу жағдайында болып көрінеді. Баланың ата-анасымен қақтығысы әдетке айналды. Осыған орай баланың өзі елеусіз қалады. Мысалы, бұрын тату болған семьяда бала өз анасына «сен ақымақсың» дейді.
Бала өз ойыншықтарын да бағаламауға тырысады, оларды ұстағысы келмейді, онын сөздерінде балағаттау мен кемсіту сөздері пайда болады. Мұңдай сөздер орынсыз айтылады. Бұлардан басқа тағы да екі жақты ерекшелік болатынын атап айту керек. Үйдегі. жалғыз бала болғандықтан оның талап-тілектерінің бәрі орындалып, ол нағыз өзінің өктемдігін жүргізуге тырысып бағады. Бұл көрініс әр түрлі семьяда түрліше болып келетіні байқалады. Жалғыз ғана баласы бар семьяда өктемдік етуге ұмтылушылық кездеседі. Оңдай бала маңындағы адамдарға айтқанын істеп, айдауына жүргізгісі келеді. Ондай баланың шешесі үйден шықпауға тиіс, бала талабы бойынша шешесі бөлмеде болуға тиіс. Ол талап еткенңің бәрін оған алып беру керек. Ол ұсынған тағамды жемейді, өзі сүйген тамақты ғана ішеді. Бала айналасындағы адамдарға билік жүргізу үшін неше алуан тәсілдерді табады. Ол барлық талаптары орындалған жағдайда өзгелердің, бәріне әмірші болғысы келеді. Ал кейбір семьяда мұндай сипат қызғаншақтық деп те аталады. Өзінен жасы кіші не үлкен баланы қызғанатын болады.
Міне үш жастағы баланың бойында жиі кездесетін мінез нышандары осындай. Бұл ерекшелікгердің бәрі бала тәрбиесіне байланысты пайда больш отыратын қасиеттер. Бұл жайттар барлық зерттеушілердің назарына іліккен мәселелер.
Осы ерекшеліктер бала тәрбиесін қиын етіп көрсетеді. Бұғын тәрбиесі онша қиын болмаған бала енді ересектер үшін асырауы қиындай түседі. Бала қысқа мерзім арасында күрт өзгереді деген түсінікте боласың. Бұрын мәпелеп жүрген «қуыршағын» енді қыңыр, тентек, қасарысқан, жексұрын, қызғаншақ әрі өзімшіл тіршілік иесіне айналады. Сөйтіп оның семьядағы бүкіл болмыс-бітімі күрт өзгереді,
Біз атап көрсеткен ерекшеліктер бала бойында пайда болып, оған деген ата-аналары мен өзіне туыс адамдарының да қарым-қатынасында елеулі өзгерістер болатынын аңғарамыз. Мұның бәрі, ең алдымен, семьялық тәрбиеде оның жеке дара болғанын көрсетеді. Біздерде алуан түрлі мектепке дейінгі мекемелер бар. Ал жекелеген елдерде қайырымды тәрбиенің теріс формалары қолданылатын қоғамдык пана болу мекемелері де бар. Сайып келгенде баланы жас кезінен тәрбиелеудін кеңінен тараған түрі семьялық жеке тәрбие болып табылады. Семьялық тәрбиенің басты ерекшелігі — бала өздігінен еш нәрсеге ұрынып қалмай саналы әрі әдепті болып өседі деп санаған.
Бала дамуының сәбилік кезеңінде елеусіз нәрсеге ашу шақырып, маңындағы адамдардың бәріне өз айтқанын істеткісі келеді. Соған орай үш жастағы дағдарыста екі жақты құбылыс пайда болады: Бала қиқарлық көрсетіп, ашу-ызасын шешесіне, ойыншықтарына ұрсып кею арқьшы білдіреді. Баланың мұндай қьшықтарын екінші жағынан қарағанда оның өзімшілдік әрекеті мен дербестігін, белсенділігін көрсететін сияқты. Баланың бойында енді «мен» деген пайымы болып, өзгелер сол баланын ығына қарай көну керек. Мұндай ерекшеліктер баланын өзіне деген қатынасынын өзгергенін көрсетеді.
Жалпы алғанда, баланың мінез-құлқы мен әрекеттерінде пайда болып отыратын қылықтарынын бәрі оның өзіндік өскендігі мен айналасындағыларға тәуелсіз тіршілік етуге ұмтылуын білдіретін қасиетгер болып саналады. Мұндай ерекшеліктердің бәрін кейбір зерттеушілер бала дағдарысьша тән қасиет деп атайды. Берингер 3 жасар бала әлеуметтік жағынан маңындағы адамдардан бөліне алмайды және үш жастағы дағдарыс кезінде ол өзінше ешкімге тәуелсіз өздігінен тіршілік етуге бейімделу сатысына көтеріледі деп ойын тұжырымдайды.
Енді екінші белдеу дейтін мәселенің ерекшеліктеріне тоқталып өтейін. Бұл белдеуді екі топқа бөлуге болады. Оның бірі — сәбидің дербестікке ұмтылу нәтижесінен туындайтын сипаттар. Сәбидің тіршілік ортасындағы әр алуан қарым-қатынастарға іштей назаланады, ашу-кекті болып қиналады, сырттай оларға реніш білдіріп, қақтығыстарға ұшырайды. Осының бәрі баланың бойында ызақорлық өзгерістерге ұшыратады, нервтік науқасқа ұшырау салдарынан бала энурез немесе түнде қуығын ұстай алмай, зөрін төсегіне жіберіп кою сияқты халге ұшырайды. Бұл үш жастағы дағдарыс кезінде кездесетін жайт. Ұқыптылықка үйретілген бала дағдарыс кезінде өзінің дамуындағы бұрынғы сатыларында кездескен ерекшеліктерін қайталауға мәжбүр болады. Түнгі қорқыныш, жайсыз ұйқы және басқа жүйкелік жайсыздықтар салдарынан баланың сөйлеуі күрт өзгереді. Кекештік пен тұттықпалық пайда болады, қырсығып қасарысады, ішкі дертін сыртқа шығарып, жерге жата қалып аунайды. Мұның бәрі ішкі дертті қозғағандай болып көрінеді. Іс жүзінде мұндай қьшықтарының бәрі баланың жағымсыз қылығын онымен санаспағаңдыққа қарсьшык көрсетіп, өзімшілдігін өзгелерге білдіру әрекетгері болып табылады.
Осы жастағы дағдарыстан оңай және жеңіл өту үшін ата-аналарға берер кеңесіміз:
Бар зейінімізді баланың жағымсыз қылығына аударып, оны басудың қажеті жоқ. Өйткені бұл жаста балада «Мен» деген пайымы қалыптасады.
Тыйым салмай баланы шектен тыс біберугеде болмайды. Бала жан -жалмен бәріне қол жеткізуге болатыны туралы қате түсінік қалыптастырмауы керек.
Жал-жал шыққан жағдайда ең тиімді әдіс баланың назарын басқа нәрсеге аудару.
Егер бала ашу ызаның қызған шағына жетсе, балаға нықтап айту керек « мен сенімен сен тынышталған кезде сөлесемін»,- деп ары қарай көніл аудармай өз шаруаңызды атқара беріңіз. Салмақтылық, салқын қандылық сақтаңыз, қаншалықты қиын болсада. Келеңсіздік шешілген соң балаңызға міндетті түрде түсіндіріп айтыңыз: Сіз оны өте жақсы көретініңізді, бірақ қасарысумен ештеңке шешуге болмайтынын.
Егер баланың қырсығып- қасарысуы көшеде немесе дүкенде орын аса ( ал балалар көрерменге көрсетуді ұнатады), сондықтан баланы адамдар аз жерге алып кетуге тырысыңыз.
Тура нұсқау бермеңіз мысалы « Киін көшеге барамыз» деп, керсінше балаға таңдау жасату илюзиясын тудырып « Сен қыдыруды қаласаң аулаға неменсе саябаққа барайық», неменсе «Құмда немесе әйткеншек теуіп ойнайық»
Баланың әр жағымды іс-әрекеті үшін, өз бетімен атқарған ісі үшін мақтауды ұмытпаңыз. «Қызым қандай ақылды! Кішкентай балалар жасай алмайды, ал менің Айшам өз ойыншығын, киімдерін өзі жинайды. Міндетті түрде баланың көзінше ата- апасына, әкесіне бүгінгі атқарған шаруасын айту керек. « Бүгін Айша сондай ақылды болды, өзі күндіз жатып ұйықтады» дегендей. Бұл баланы одан әрі ынталандырады.
Үш жастағы дағдарысты төзімділікпен дауылды күткендей тосып, жерсілкінісін бастан кешкендей кешіп тек қана шыдамдылық, сабырлық сақтау керек. Бұл кезеңнің ұраны «Сабырлық түбі сары алтын» болу керек.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Катон-қарағай ауданы Үлкен Нарын ауылындағы «Балбөбек» балалар бақшасы
Баяндама
Баланың үш жастағы дағдарысы
Орындаған: педагог-психолог Жоменкенова М.О.
[link] ] Абросимова Н. Возраст строптивости. О кризисе трёх лет // Мама и малыш. — 2005. — № 10.
Власова З. И. Об общих и специальных проявлениях самостоятельности в период кризиса трёх лет // Психолог в детском саду. — 2004. — № 4. — С. 52 — 63.
Волженина Т. Воспитание самостоятельности: советы родителям детей всех возрастов // Виноград. — 2010. — № 37. www.materinstvo.ru/ art/5746
Выготский Л. С. Вопросы детской психологии. — СПб., 1997.
Корнеева Е. Н. Детские капризы. — Ярославль: Академия развития, 2002.
Кулагина И. Ю. Возрастная психология (развитие ребёнка от рождения до 17 лет): Учебное пособие. — М.: РОУ, 1996.
Лютова Е. К., Монина Г. Б. Тренинг общения с ребёнком в период раннего детства. — СПб.: Речь, 2003.
Мухина В. С. Психология детства и отрочества. — М., 1998.
Образцова Л. Н. Я сам! Упрямый ребёнок: маленькие подсказки для родителей. — М.: АСТ; СПб.: Сова, 2007.
Обухова Л. В. Возрастная психология. — М., 1996.
Пиаже Ж. Избранные психологические труды. — М., 1969.
Психология развития. Словарь / Под ред. А. Л. Венгера. - М.: ПЕРСЭ, 2006. - (Психологич. лексикон. Энциклопед. словарь в 6-ти томах / Ред-сост. А. Л. Карпенко, под общ.ред. А. В. Петровского).
Справочник дошкольного психолога / Г. А. Широкова. — Изд. 4-е. — Ростов н/Д: Феникс, 2006.
Уайт Б. Первые три года жизни. — М., 1982.
Урунтаева Г. А. Дошкольная психология: Учебное пособие для учащихся средних педагогических учебных заведений. — М., 1996.