Ұйымдастырылған оқу-әрекеттерінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:Қатынас.Әлеуметтік орта.
Бөлімі:Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Күз»
Мақсаты:Күз туралы білімдерін тиянақтау.Адамдар еңбегіне құрмет сезімін тәрбилеу.Ырыс,құт-береке,молшылық сөздерінің мағынасын түсіндіру,сөздік қорын молайту.Байланыстырып сөйлеу тілін,көркемдік талғамын,қимыл-қозғалысын дамыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар:күз мезгілінің суреттері,хрестоматия,себет.
Сөздік жұмыс: күз,ырыс,құт-береке,молшылық.
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар шеңбер бойына тұрып,педагогпен бірге Ж.Қалжанованың «Күз келгенде» әнін орындайды.
Күз келгенде
Күз келіпті,көңілсіз
Десек те,десек те,
Күздің берер жемісі
Есепте,есепте.
Қайырмасы:
Түрлі түсті бояуын
Жер бетіне кестелеп.
Күз келгенде,егінші
Егін жинар дестелеп.
Күз келіпті,көңілсіз
Десек те,десек те,
Бау-бақшаның пісері
Есепте,есепте.
Қайырмасы:
Күз келіпті,көңілсіз
Десек те,десек те,
Мақта теру маусымы
Есепте,есепте.
Музыка жетекшісімен бірге орындайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Кіріспе әңгіме.
Жұмбақ жасыру:
Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында наны бар.
Қызыл,сары немелер
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел
Ырғалады,толқиды.
Жиын-терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
«Қызыл қырман»ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Аспай піскен,
Қайнамай түскен.
Бақшада өседі,
Көп өнімін береді.
Сурет бойынша әңгімелеу:
«Күз мезгілі»
-Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
-Күз туралы қандай өлең,тақпақ білесіңдер?
«Күз» өлеңін оқып беру.
Бидай
Жапырақ
Күз
Жеміс
Көкөніс
Күз
Рефлексиялық-түзетушілік
Қорытындылау:
«Жеміс жинау»ойыны.
«Күз-жомарт» әні орындалады.
Күтілетін нәтиже:
Ұғады:жыл мезгілдерін.
Түсінеді:жаңа сөздерді.
Қолданады:өлең арқылы күз мезгіліндегі табиғат құбылыстарын.