Тақырыбы: Үй жануарлары қалай дыбыстайды?

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Тіл дамыту

Тақырыбы: Үй жануарлары қалай дыбыстайды?

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды үй жануарларымен таныстырып,олардың аттарын дұрыс атап, төлдерін дұрыс ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Балаларға үй жануарларының дыбысын үнтаспадан тыңдатып, қай

жануардың дыбысы екенін дұрыс ажырата білуге үйрету, есте сақтау, ойлау қабілеттерін

дамыту.

Тәрбиелік: Жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Үй жануарларының суреттері слайдтан көрсетіледі, үй жануарларының дыбыстары жазылған үнтаспа,

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, әңгімелеу, мадақтау

Сөздік жұмыс: мөңірейді, маңырайды.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы






Шаттық шеңберін құру.

-Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келген екен, алдымен қонақтармен амандасып алайық.


Алтын сәуле арайлы,

Бақшамызға тарайды.

Қуанышпен шат күліп,

Қарсы алайық маңайды.




Саламатсыздар ма? Апайлар.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады да, өлең жолдарын бірге қайталайды. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.




Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

-Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?

-Қыста қардан не жасауға болады?

-Бір аптада неше күн бар?

-Апта күндерін кім айтады?

-жарайсыңдар балалар сендер қыс мезгілінің ерекшеліктерін, апта күндерін өте жақсы біледі екенсіңдер. Ендеше кім қыс мезгілі туралы тақпақ айтып береді?

-Жарайсыңдар балалар. Бүгін бізде тіл дамыту оқу іс-әрекеті болады.

Өткен тіл дамыту сабағында біз қандай тақырыппен таныстық?

-Үй құстарын кім атап береді?

-Үй құстарының адамға келтіретін пайдасы қандай?

Үй құстары немен қоректенеді?

Жарайсыңдар балалар, сендер өткен сабақты жақсы меңгерген екенсіңдер.

-Ендеше балалар, мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты «Үй жануарларын ата» деп аталады.

Шарты: Менің қолымда жан жағына үй жануарларының суреттері бейнеленген кубик бар. Мен қазір осы кубикті ортаға лақтырамын сол кезде кубик кімнің алдына түссе сол бала кубикте бейнеленген үй жануарының атауын дұрыс айту керек.

-Балалар сендерге ойын ұнады ма? Олай болса біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Үй жануарлары қалай дыбыстайды» деп аталады.

Балалар қане назарымызды интербелсенді тақтаға аударайықшы.

-Мынау –сиыр, мынау –жылқы, мынау –қой, мынау-түйе, мынау –ешкі. Бұлар –үй жануарлары, себебі оларды адамдар бағады, күтеді. Олардың сүті, еті – тамақ, жүні, терісі – киім. Яғни үй жануарларының етін жейміз, сүтін ішеміз. Сүтінен айран, ірімшік, құрт дайындалады, үй жануарларының сүті адамға өте пайдалы, құрамында көптеген дәрумендер бар.жүнінен кеудеше, шұлық, телпек, қолғап тоқып киеміз,.ал терісінен тон, етік тігіледі екен. Бұл киімдер қыста адамды суықтан қорғап тоңдырмайды екен.

-Балалар мына суретте нені көріп отырсыңдар? Аттарын атаңдар.

-Сендер үй жануарларын қайдан көрдіңдер?

-Ендеше осы үй жануарларын суретіне қарап сипаттайық.



-Жарайсыңдар балала, сендер үй жануарларын сипаттап та біледі екенсіңдер.



Енді мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп отыр. Сендер ойын ойнағыларың келе ме?

Ойынның аты: «Үй жануарларын дыбысына қарай ажырат» деп аталады.

Шарты: Үнтаспадан үй жануарларының дыбыстары естіледі. Сендер сол дыбыстың қай үй жануарыныкі екенін табуларың керек.

-Ойын сендерге ұнады ма?

-Олай болса осы үй жануарларының қалай дыбыстайтынын айтып жаттығайық.

-Қой «мә-мә» деп маңырайды;

-Қойдың төлін қалай атаймыз?

-Сиыр «мө-мө» деп мөңірейді;

-Сиырдың төлін қалай атаймыз?

-Түйе «бө-бө» деп боздайды.

-Түйенің төлін қалай атайды?

-Жылқы «иһо-иһо» деп кісінейді.

-Жылқының төлін қалай атаймыз?







Сөздік жұмыс,

Маңырайды, мөңірейді, боздайды, кісінейді- жануарлардың бір-бірімен тілдесуі.

Ендеше орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын жасайық.

Сергіту сәті.

Далам қандай тамаша,

Тауға шығам таласа.

Лақ-қозыдай шапқылап,

Құлын-тайдай тебісіп,

Сергіп қалам келісіп.


Д/о: «Төлдерін тап!»

Шарты:Суреттен үй жануарларын төлдерімен сәйкестендіреді


-Ендеше балалар, үй жануарлары туралы тақпақ айтайық.



-Қыс. -3 айдан тұрады: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

-суық , аяз болады, боран соғады, қар жауады. -Аққала.

Балалар апта күндерін атап береді.





Балалар қыс мезгілі туралы тақпақтар айтады.







Балалар өткен оқу іс-әрекетті еске түсіреді. «Ұй құстары» туралы әңгімелескендерін айтады.

Сұрақтарға жауап береді.









Балалар ойынды ойнау арқылы үй жануарларының атауларын айтып шығады.





Балалар жаңа тақырыппен танысады.







Балалар суретке көңіл аударады. Түсінуге тырысады.















Сұрақтарға жауап беруге талпынады.





-Мынау- сиыр, түсі қара, үлкен, басында мүйізі бар.

-Мынау – түйе, түсі қоңыр, үлкен, арқасында өркеші бар.

-Мынау –қой, түсі ақ, кішкентай, ол өте момын, т.б.











Ия деп жауап береді.



Балалар үнтаспадан естілген дыбыстың ненің дыбысы екенін атайды.

Қозы.


-Бұзау.


-Бота.











-Құлын.





Балалар осы сөздерді қайталап айтады.













Балалар қимыл қозғалыс жасау арқылы өлең жолдарын қайталайды



Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Рефлексті – коррекция-лаушы

Сонымен балалар, үй жануарларына нелер жатады екен.

-Үй жануарының қандай пайдасы бар?











-Өте жақсы балалар, сендер бүгінгі оқу іс-әрекетке жақсы қатыстыңдар. Сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Олай болса балалар, біз үй жануарларына қамқорлық танытуымыз керек. Оларды ұрып -соғуға болмайды. Олардың да табиғатта алатын орны ерекше, барлық табиғатта кездесетін тірі жәндіктерге, жануарларға қамқорлықпен қарау керек екен. Осымен бүгінгі оқу іс-әрекет аяқталды.

Сиыр, түйе, жылқы, ешкі, қой.

-етін жейміз,

-Сүтін ішеміз;

-Сүтінен айран, ірімшік, құрт, қаймақ алынады.

-Жүнінен, терісінен киім дайындалады;

-түйені, жылқыны көлік ретінде пайдаланған.



Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Үй жануарларының аттарын:

Игереді: Сәйкестендіру тапсырмасын дұрыс орындау дағдысын;

Меңгереді: Үй жануарының пайдасы туралы түсінікті.