Сабақтын тақырыбы: «Үш аю» ертегісі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...









«Үш аю» ертегісі












«Үш аю» ертегісі

Сабақтың тақырыбы: Үш аю

Сабақтың мақсаты: 1.Балалардың ертегіге деген қызығушылықтарын

арттыру.

2. Ойын арқылы балалардың ой-өрісін дамыту.

3. Үлкенді тыңдауға, сыйлауға, адамгершілікке

тәрбиелеу.

Көрнекілік құрал: Үш аю ертегісінің суреттері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды шеңберге алып аю туралы тақпақ айту.

Ойынмен бастау

Баспен ойлаймыз

Көзбен көреміз

Құлақпен естиміз

Қолмен ұстаймыз

Аяқпен жүреміз

Жарайсыңдар балалар.

Кіріспе: Балалар бүгін біз үш аю ертегісін тамашалаймыз. Балалар сендер үш аю білесіңдерме?

Балалар: иә

Ендеше үш аю ертегісінің кейіпкерлерін қарсы алайық.

(Балалар ортаға шығады.)

Ерте ,ерте ертеде ата мен әже. Әже мен атаның немере қызы Маша және әке аю, шеше аю, бала аю Мишутка болыпты.

(Ертегі көрінісі.)

Міне,балалар кішкентай Маша атасы мен әжесіне оралады. Балалар үлкенді тыңдау керек.

Сергіту сәті: Аю отыр партада,

Екі қолы қалтада,

Апай сабақ сұраса

Ұйықтап қапты партада.

Дидактикалық ойын: «Өз төліңді тап».

Мақсаты : Зейіндерін дамыту.

Сабақтың қорытындысы: Балалар сендер қандай ертегі көрдіңдер?

  • Балалар: Үш аю.

  • Сендерге ертегі ұнады ма?

  • Балалар: иә.

Ертегі кейіпкерлері: Ата – Рамазан, Әже – Мөлдір, Аюлар: Әке аю – Ильяс,

Шеше аю – Аль-Фараби, бала аю – Санжар. Жарайсыңдар балалар. Сұрақ-жауап арқылы сабақ аяқталады.






«Үш аю» ертегісі

Маша бірде орманға барып адасты. Жолды іздеп – іздеп таба алмай, орманда тұрған үйге келді. Бұл үйді аюлар мекендейтін. Әкесін Михайло Потапыч , шешесін Настасья Петровна, ал баласын Мишутка деп атайды. Аюлар орманға кетіп, үй бос екен.

Ашық тұрған есікке кірген Маша дастарханда тұрған үш табақ бөкпенді көреді. Үлкен табақ - әкесі Михайло Потапычтікі, ортаншысы – шешесі Настасья Петровнанікі, ал кішкентай табақ Мишутканікі еді.

Маша үлкен, одан кейін орташа табақтағы бөкпенді жеп еді, ұнамады. Ал кішкене табақтағы бөкпен дәмді екен. Маша бөкпенді түгел жеп қойды.

Шаршаған Маша отырғысы келіп, ең үлкен орындыққа шығып еді, құлап қалды. Орташа орындық та Машаға ұнамады. Ең кішкентай орындық өзіне туп – тура екен. Маша қуанып кетіп тербеліп еді, орындық сынып қалды.

Маша ұйықтайтын бөлмеге кіріп еді, онда да үлкен, орташа және кішкентай ғана, үш төсек тұр екен. Маша үлкен төсекке жатып еді, ал тым биік екен. Орташасы - өте кең екен. Ал кішкентай төсек Машаға дәл – дәл келді. Соған жатқан Маша ұйықтап қалды.

Орманнан шаршап келген аюлар асын ішпек болды. Өз тағын көрген М.П. «Менің табағыма кім тиіскен?», деді гүр етіп. Н.П. «Менің бөкпенімді де біреу тартып көріпті» - деп айғай салды, Ал Мишутка «Менің бөкпенімді түгелдей жеп қойыпты», - деп шәңк - шәңк етті.

Ұйықтайтын бөлмеге келгенде: «Менің төсегіме кім жатқан болды?» - деп гүр етті. М.П. «Менің төсегімді умаждап тастапты ғой», - деп айғай салды. Н.П. өз төсегіне Машаны көрген Мишутка «Міне жатыр, міне,

ұстаңдар, оны, ұстаңдар», - деп шәңк – шәңк еткен Мишутка Машаны тұра қуды.

Аюлардың дауысынан шошып оянған Маша қорқып кетті. Ол қорқып тұрып, ашық тұрған терезеден секіріп далаға шықты. Бар күшімен жүгіріп үйіне кетті. Аюлар оны қуып жете алмай қалды.