Технологиялық карта Қосуды үйрену

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Күншуақ» тобы балаларына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы 27.02.2014ж.


Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің бөлімі: Қарапайым математика

Тақырыбы: «Қосуды үйрену»

Мақсаты: Өткен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қайталап балалардың алған білімін пысықтап бекіту. Балалардың ақыл-ой белсенділігін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін, тілін дамыту, дидактикалық ойындар шарттарын дұрыс орындауға, зейінділікке тәрбиелеу және қосуды үйрету балаларға. Математикаға деген қызығушылығын арттыру.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Сәлеметсіңдер ме, балалар?

-Балалар, бүгін біздерге қонақтар келіпті. Ендеше бірінші қонақтармен амандасып алайық.

«Бала, бала, балапан» өлеңі жылулық шеңбері.

Бала, бала,балапан,

Қане, қайсы, алақан?

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнап.


Топ-топ, топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық!

Жаса-жаса, жарқын күн,

Жаса-жаса, алтын күн.


-Балалар біз өткен ҰОІӘ қандай санмен таныстық?

Ендеше біз өткен оқу іс-әрекетін еске түсіріп онға дейін санайық.

- Осы сандарды ағылшын тілінде санайықшы?


«Қимыл-қозғалыс жасату».

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қосып едім екеуін,

Болып шықты он саусақ.

Ғажайып сәт.

Сәлеметсіз бе?


Балалар қонақтармен амандасты.

Балалар жылулық шеңберін қуана-қуана орындады.











-Он санымен таныстық.

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, 1,2,3,4,5,6,7,8,9, 10 дейін санады.

-One, two, three, four, five, six, seven, eight, nine, ten.

Балалар қимыл-қозғалысты қайталады.







Ұйымдастыру – іздестіру


-Балалар бізге қарандаршы! Бізге қоян хат әкеліпті. Қане оқып көрейікші кімнен келіпті?

-Балалар хат Аяз Атадан келіпті, ол бізге тапсырма беріп жіберіпті. Кімде кім онға дейін дұрыс санап, сандарды бір-біріне дұрыс қоса білсе, соларға сыйлығым бар депті.

-Аяз Атаның тапсырмасын орындаймыз ба?

Балалар бүгінгі ҰОІӘ өтетін жаңа тақырыбымыз «Қосуды үйрену»

-Балалар айтыңдаршы менің қолымдағы не?

-Алма көкөністерге жата ма, әлде жемістерге жата ма?

-Алманың пішіні қандай?

-Дәмі ше?

-Ал менің қолымда неше алма?

-Ендеше маған бір саны туралы тақпақ айтып берші?



-Ал бір алмаға бір алманы қоссақ неше алма болады?

-Екі саны туралы тақпақ айтып берші?




-Екі алмаға бір алманы қоссам неше алма болады?

-Үш саны туралы тақпақ айтып берші?




-Ал үш алмаға бір алманы қоссақ неше алма болады?

-Ал сен төрт саны туралы тақпақ білесін бер?




-Төрт алмаға бір алманы қоссам неше алма болады?

- Бес саны туралы тақпақ айтып берші?



Тәрбиеші балалармен бірге бауырсақ ертегісін еске түсіріп, ол ертегіде бауырсаққа қанша аң кездескенін санады.

Тәрбиеші «Санды есте сақта», сияқты дидактикалық ойындар арқылы білімдерін тиянақтады.


«Сандарды дұрыс орналастыр» ойнын ойнату.


















































































































Көздерін жұму арқылы «Сандарды дұрыс орналастыру» ойынын ойнату.







-Ия.



-Алма.


-Жемістерге.

-Домалақ.

-Тәтті.

- Бір алма.

Мені келсе білгің,

Мен таяқша бірмін.

Барлық санға жол бастап,

Ең басында тұрмын.


-Екі алма.

Бірден кейін тұрамын,

Бірден кейін тұрағым.

Бірді бірге қосқанда,

Мен шығамын, шырағым.


-Үш алма.

Екіден соң әрқашан,

Үш саны-мен тұрамын.

Орныма барамын,

Екі ойшық саламын.


-Төрт алма.

Үш қызықты таяғым,

Оқушылар қояды.

Төрт дегенің баяғы-

Төрт түліктің аяғы.


-Бес алма.

Төрттен кейін бесті,

Білу оңай десті.

Санаса қолдың саусағын,

Оңай табасын десті.

Балалар қоян, қасқыр, аю және түлкі барлығын қосқанда төрт аң кездескенін айтты.

Әр түрлі қоян, аю сияқты аңдарды қосып және азайту арқылы есептерді қосып үйренді.

Балалар орындары ауысқан сандарды орнына қойды.

.

Рефлексивті - түзетушілік

Сергіту сәті:

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау-басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым.

Барлық істі атқарған.

«Біз не білдік?»

ҰОІӘ белсенді қатысқандары үшін балаларға мадақтау айтып, жұлдызшалар тарату.

Сергіту сәті орындалды.

Алмаларды қосу арқылы, қосуды үйренді. Қазақша және ағылшынша екі тілде онға дейін санай алады. Аяз Атаның тапсырмасын орындай алады.

ҰОІӘ қызықты қорытындылады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қосуды және онға дейін санауды біледі.

Меңгереді: Балалар математикалық тұлғадан ойлау қабілетін дамытуды меңгерді.

Жасай алады: Ұжыммен жұмыс жасау барысында бірлесіп, Аяз Атаның тапсырмасын орындай алды.



Тексерілді: Ф.Абатаева












































«Санды есте сақта», сияқты дидактикалық ойындар арқылы білімдерін тиянақтады.


«Менін жанұям» саусақ жаттығу.

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым-әкем,

балаң үйрек-апам,

Ортан терек-ағам,

шылдыр шүмек-мен,

титтей бөбек-сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз!