Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы : Біздің қанатты достарымыз

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Білім беру саласы: Таным

Білім беру саласы: Экология.

Тақырыбы: Біздің қанатты достарымыз.

Шаттық шеңбері.

Нұр құшып әлемге

Арайлап таң атты

Жарқырап күніміз

Жер көкті оятты

Қайырлы таң, қайырлы күн!


- Балалар жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінде неше ай бар?

- Айтайықшы.

- Қыста табиғатта қандай ерекшеліктер болады?

Жұмбақтар жасыру.

Итпен бірге таласар,

Табаққа қонып қоймайды.

Білесің, кәне, айта ғой,

Танисың ба ... (торғайды).


Үстіне ақ қамзолын киіп алып,

Жүреді қанаттарын жиып алып.

(сауысқан)

Ендеше балалар бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде «Біздің қанатты достарымыз». Торғай мен сауысқан жөнінде айтамыз.

Таяққа сауысқан мен торғайды бекітіп құстар келеді.

Торғай мен сауысқанның суреттерін көрсетіп, олардың қонақ екенін айту.





балалар қимыл-қозғалыспен жасайды.



қыс

үш ай

желтоқсан, қаңтар, ақпан.

қар жауады, күн салқындатады, боран болады.



жұмбақтардың шешуін табады.

[pic]

[pic]

Ұйымдастыру – іздестіру


  • Біздің топқа нелер ұшып келді?

  • Торғай мен сауысқаң аң ба, әлде құс па?

  • Құстар туралы әңгіме өткізу.

  • Құстар қанат және қауырсын-дарымен ерекшеленеді. Олар-дың ауыздарының орнында тұмсық, қолдарының орнында қанат, екі аяғы бар, бірақ олар көбіне аспанда ұшып, қалықтап жүреді. (суреттер көрсету).


  • Мынау – сауысқан. Оны ақ бүйірлі құс деп те атайды. Себебі оның екі бүйірі ақ түсті.

  • Мынау не?

  • Пішіні бойынша қайсысы үлкен? Торғай ма, әлде сауысқан ба?

  • Бұл екі құстың түстері қандай?

  • Құстар зиянды құрт-құмырсқа-лармен қоректенеді. Сөйтіп, олар көптеген зиянды жәндіктерді құртады. Қыста құстарға жем тауып жеу қиынға түседі. Сондықтан адамдар жемсауыт жасап, оны ағаш бұтақтарына іліп қояды. Жем-сауытқа нан қиқымдарын және т.б жем салады.


Билингвальды компонент: құстар – птицы - bird, торғай – воробей; сауысқан – сорока.


Балалар кім құстар туралы тақпақ пен тыйым сөздер біледі.




















Жарайсындар балалар. Тақпақтар мен тыйым сөздер көп біледі екенсіндер.

Сергіту сәті.

Қане қанат жазайық

Мойнымызды созайық

1, 2, 3

Құс аспанға ұш

1, 2, 3,

Құс аспаннан түс.

Құстар жем жейді

Құстар су ішеді

1, 2, 3

Құс аспанға ұш


  • Балалар қарандаршы бізге тағы бір қонақ келді. Ол келген не екен? (көбелектің суретін көрсету).

  • Көбелек өзін құстар қатарына жатқызады екен. Осысы дұрыс па? (жоқ, қанаты, тұмсығы жоқ).


Ойын: «Құсты тап!»

Шарты: ағаш бұтақтарына тек құстар-дың суреттерін жапсыру керек.



[pic] [pic]

олар – құстар.

өткені олардың қанаттары бар. Ұшады.


балалар тыңдап, сұрақтарға жауап береді.


[pic]



екеуінің пішіндері және түстері әртүрлі. бірақ екеуі де құс.

екеуі де ұшады.









қайталайды.





Аяла: Мен торғаймын, торғаймын

Жерге бекер қонбаймын

Құрт - құмырсқа шіркейден

Ақ бидайды қорғаймын.


Наргиза: Шыр - шыр еткен торғайды

Қорғамасақ болмайды

Кіп - кішкене торғайлар

Ағаштарды қорғайды.

Али: Құсты атпа

Аяулым: құстың жұмыртқасын жарма.

Аділет: құстың ұясын бұзба

Даниель: Аққуды атпа, досыңды сатпа.







өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.








[pic] көбелек


жоқ. Көбелектің тұмсығы, қанаты, қауырсыны жоқ. Ол – жәндік.



ойынға бәрі қызыға қатысады.

Рефлексивті – түзетушілік


Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

Сұрақтар:

  • Ал енді еске түсірейік, бүгінгі сабағымыз қай тақырыпта болды?

  • Сауысқан, торғай, қарға – барлығын бір сөзбен қалай айтамыз.

Балаларды марапатап бағалу.





құстар туралы.



құстар деп аталады.


Мақсаты: Құстардың сыртқы ерекшеліктері туралы білімдерін байыту. Құстарға ғана тән ерекшелік-терді бөліп көрсете білуді үйрету. Торғай және сауысқанмен таныстыру. Балалардың табиғат туралы білімдерін жүйелеуді жалғастыру.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: Балаларға тақпақ жаттату.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.
Көрнекіліктер: құстардың, торғай мен сауысқанның суреттері.
Билингвалдық компонент: құстар – птицы
торғай – воробей
сауысқан – сорока

Күтілетін нәтиже:

Біледі: құстардың пайдасы, оларды бір-бірінен ажырата білуге байланысты берілген тапсырмаларды.

Игерді: құстардың бірнеше түрін және олардың ерекшеліктері туралы берілген мәліметтерді.

Меңгереді: құстарды басқа жан-жануарлардан ажырата білу дағдыларын.